ПОДЕЛИТЬСЯ
29 июля 2019 | 15:31
Жалақысы, көлігі, хоббиі. Сіз кімсіз, Түркістан әкімі?
3 шілдеде Түркістан қаласының әкімі қызметіне Рашид Аюпов тағайындалған болатын. 38 жастағы шенеуніктің мемлекеттік қызметтегі өтілі 15 жылдан асқан. Тengrinews.kz тілшісі Түркістан қаласының әкімі туралы мәліметтер ұсынады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
3 шілдеде Түркістан қаласының әкімі қызметіне Рашид Аюпов тағайындалған болатын. 38 жастағы шенеуніктің мемлекеттік қызметтегі өтілі 15 жылдан асқан. Тengrinews.kz тілшісі Түркістан қаласының әкімі туралы мәліметтер ұсынады.
Рашид Абатұлы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Кейін 2006-дан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің "Ақпарат және тестілеу орталығы" мемлекеттік мекемесінде басшы қызметін атқарды. 2009-дан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Ал 2015 жылы Шымкент қаласының әкім аппаратының басшысы болып тағайындалған. 2017 жылы Nur Otan партиясының өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметінде және Nur Otan ХДП Орталық аппаратының Ақпараттық-технологиялық орталығының меңгерушісі қызметін атқарды. Әкім қызметіне тағайындалғанға дейін бір жылдай "Shymkent ӘКК" АҚ басқарма төрағасы болды.
Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, әкім бос уақытында кітап оқығанды жаны сүйеді, әлемдік қалалардың дамуы туралы көп оқиды. Қазір бағдарламалаумен және кодтаумен әуестенеді. Қор нарықтарын үйреніп, зерттеп жүр екен.
Аюповтың сүйікті үш кітабы: Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы, Ли Куан Юдің "Из третьего мира в первый" және Томас Куннің "После структуры научных революций" шығармалары.
Әкім Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерін қолданады. Facebook-парақшасында 5000-ға жуық досы мен 1638 жазылушысы бар. Ал Instagram-парақшасында әкімнің жазбаларын 4821 адам қарап отырады.
Показать комментарии
Читайте также