РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 ноября 2021 | 16:39

"Жалақы аз болса кетпес едім" - Қытайдағы циркте істейтін қазақ қызы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/asssemii Фото: instagram.com/asssemii

Алматы облысының тумасы Әсем Чайбекова бүгінде Қытайдың оңтүстігіндегі қалалардың бірінде циркте жұмыс істейді. Мамандығы да ерекше: 21 жастағы қазақстандық қыз мұнда шабандоз. Tengrinews.kz тілшісі шабандоз қызбен сөйлесіп, Қытайдағы өмірі мен жұмысы туралы сұрады. 


Алматы облысының тумасы Әсем Чайбекова бүгінде Қытайдың оңтүстігіндегі қалалардың бірінде циркте жұмыс істейді. Мамандығы да ерекше: 21 жастағы қазақстандық қыз мұнда шабандоз. Tengrinews.kz тілшісі шабандоз қызбен сөйлесіп, Қытайдағы өмірі мен жұмысы туралы сұрады. 

Әсем колледж бітіргеннен кейін Қытайға уақытша көшіп кеткен. 

"Мектепті бітіргеннен кейін колледжге түсіп, одан кейін екі жыл бұрын Қытайға кеткен болатынмын. Ата-анам, бауырларым Қазақстанда. Қытайда циркте жұмыс істеймін. Ұжымдағы адамның бәрі жақсы. Қарапайым цирктердң бірі. Көп нәрсені, оның ішінде атқа шабуды осы жерден шыңдадым. Оған цирктегі жаттықтырушым көмектесті. Циркте істеп жүргеніме бір жарым жылдай болды. Өзім Алматыдағы университеттердің бірінде сырттай оқып жатырмын", - дейді шабандоз.


Фото: instagram.com/asssemii

Әсемнің айтуынша, атқа деген қызығушылығы бала күнінен басталған. 

"Кішкентай кезімде ауылға көп баратынмын. Мектепте оқып жүргенімде ата-анам ауылға жақын туыстарымыздың үйіне көп жіберетін. Бала күнімде жайлауға атаммен барған кездерім есімде. Аттарға бала күнімнен қызығатынмын. Қалада ат ұстай алмайсың. Бірақ мектеп оқып жүргенімде шабандоз боламын деп ойламадым. 

Колледж бітіргеннен кейін этноауылдардың бірінде даяшы жұмыс істедім. Ол жерде қайтадан ат шауып үйрене бастадым. Қайтадан қызығушылығым ояна бастады. Кейіннен Қытайға жұмыс істеуге кетіп қалдым", - дейді Әсем.


Фото: instagram.com/asssemii

Әсем Қытайға көшетінін естіген кезде анасы бастапқыда қарсы болған екен.

"Ол жерде не істейсің? Қазақстанда банкте болсын жұмыс істей бермейсің бе?" деді. Неше түрлі жағдай болып жатыр ғой, соны ойлап, уайымдады. Бірақ ақыры өз шешіміммен, таңдауыммен Қытайға кеттім", - дейді ол.

Шабандоз қыз цирктегі қызметін әңгімелеп берді. Оның айтуынша, цирктегі шабандоздар қазақша нақышта трюктер көрсетеді екен.

"Циркте аттармен түрлі трюк жасаймын. 5-6 адамдық ұжымымыз бар. Қазақша нақышта түрлі трюк көрсетеміз. Жұмыста бір рет өнер көрсетіп болғаннан кейін аттармен жаттығу жасаймыз. Бір адамға бір ат беріледі. Аттарға қарайтын адамдар бар. Бірақ біз де аттың жалын тарап, тұяқтарын тазалауға көмектесеміз. Бізде кеңседегідей нақты бір уақыт аралығында жұмыс істеу деген жоқ. Жұмыстарыңды бітірсең басқа да хоббилеріңмен айналыса бересің. Жалпы айтқанда жұмыс уақыты еркін. Бүгінде өз қаламызда өнер көрсетеміз. Егер басқа жақтан ұсыныс түссе барып тұрамыз", - дейді шабандоз. 

@asem_horse

Парақшаға тіркеліп кет ?❤️ дүйаенбі сағат 20.00 прямой эфирға кіркем inst: asssemii Кушти ангыме айтамз

♬ оригинальный звук - Шабандоз қыз☺️?

Әсем жұмысын ерекше деп есептейтінін айтады. 

"Әрине, менің жұмысым - ерекше жұмыс деп ойлаймын. Аттармен тікелей байланысты. Ат көп күтімді қажет ететін жануар. Жалпы жұмысым басқа мамандықтарға қарағанда қызық деп ойлаймын. Жалақымның нақты сомасын айта алмаймын. Бірақ Қазақстанмен салысырмалы түрде әлдеқайда көп. Егер жалақы аз болса Қытайға кетпейтін едім", - деді Әсем. 

@asem_horse

2 ЧАСТЬ тіркеліп кет ❤️? ұнаса лайк бас?? егер рекка өтпесе өшіріп тастаймын

♬ оригинальный звук - Шабандоз қыз☺️?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети