РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 апреля 2019 | 17:42

Instagram желісін белсенді қолданатын мемлекет басшылары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде өз парақшасын ашты. Президенттің әлеуметтік желілердегі бұл бірінші парақшасы емес. Мемлекет басшысының Twitter желісінде парақшасы бар. Ол жақта Президенттің әртүрлі тапсырмалары мен заңға байланысты өзгерістер және еліміздің әлеуметтік-экономикалық шешімдері жайлы ақпарат жарияланады. Бірнеше тәуліктің ішінде Президенттің Instagram желісінде өз парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған. Оның парақшасында бірнеше сурет пен жазба жарияланған. Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне де жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнатуды тапсырған. 


Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде өз парақшасын ашты. Президенттің әлеуметтік желілердегі бұл бірінші парақшасы емес. Мемлекет басшысының Twitter желісінде парақшасы бар. Ол жақта Президенттің әртүрлі тапсырмалары мен заңға байланысты өзгерістер және еліміздің әлеуметтік-экономикалық шешімдері жайлы ақпарат жарияланады. Бірнеше тәуліктің ішінде Президенттің Instagram желісінде өз парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған. Оның парақшасында бірнеше сурет пен жазба жарияланған. Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне де жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнатуды тапсырған. 

Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі қай елдердің көшбасшылары Instagram желісін белсенді қолданатынын және ол жақта қандай суреттер мен жазбалар жариялайтынын, сондай-ақ оқырмандарының саны жайлы шолу жасады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті Отандастар! Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым. .............. Уважаемые соотечественники! Недавно я призвал акимов регионов оперативно реагировать на запросы граждан и активно работать в социальных сетях для налаживания обратной связи с населением. Как вы знаете, уже несколько лет активно использую сеть Twitter и делюсь своим мнением о важных для нашей страны событиях. Решил продолжить эту практику в популярной сети Instagram.

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Жалпы әлеуметтік желілердің көмегімен Президенттердің "жабық есік" аясында өтетін кездесулері жайлы бірен-саран ақпарат білуге болады. Германия канцлері Ангела Меркель да Instagram желісіне тіркелген. Ол да елге маңызы бар ақпараттарын желіде бөлісіп отырады. 

Мысалы 2018 жылы Канадада өткен G7 саммитінде қызық жағдай болған. 

Бұл суретті әлемдік БАҚ іліп әкетті. Желі қолданушылары да бұл суретті қызу талқылауға көшті. Әлемдік БАҚ өкілдері жарияланымға байланысты өз ойларын білдіре бастады. Бұл суретті неміс фотографы түсірген. Германияның канцлері суретке мынадай пікір жазған: "Екі жұмыс сессия арасындағы кенеттен болған кездесу".  

"Бұл суретке қарап отырып, Президенттің (Трампты айтады - Авт.) әлсіз және қалайша қорғансам екен деп тұрғандай деп топшылауға болады. Оның қолы байланып тұр, басқа көшбасшылар тұрған кезде ол керісінше отыр", - деп жазылған Time журналында.

Бұл сурет вирус болып, Ангела Меркельдің азын-аулақ танымал болуына өз әсерін тигізді. Суретте Трамп және Меркельден басқа Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінің көшбасшылары тұр. Осы самиттегі бұл көріністі басқа да Президенттер өз Instagram-парақшаларына жариялаған. Бірақ ешқайсы да Германия канцлерінің жазбасы сияқты қызу талқыға түспеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Late nights make for long days here at the G7 in #Charlevoix #cdngingersnaps

Публикация от Adam Scotti (@adamscotti)

Twiplomacy.com сайтының мәліметіне сүйенсек, Instagram әлеуметтік желілердің ішінде әлем көшбасшылары пайдаланатын танымал желі болып саналады. Президенттер ең көп тіркелген әлеуметтік желілердің ішінде бірінші Twitter, кейін Facebook тұр.

"Үлкен жетілік" (G7)  құрамына кіретін елдердің барлық лидерінің Instagram желісінде парақшалары бар. "Үлкен жиырмалық" жетекшілерінен тек Ресей президенті Владимир Путиннің және Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің аталған әлеуметтік желіде парақшалары жоқ. 

Әлем елдері мемлекет басшыларының Instagram-да оқырмандар саны да әр алуан. Бірінде 10 миллионнан асып түссе, енді біреуінде 13 мыңға жетер-жетпес. Осыған орай ең көп оқырман жазылған мемлекет басшыларының Instagram желісіндегі парақшаларына шолу жасадық.

Нарендра Моди - Үндістанның премьер-министрі

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Blessed moments at Kashi Vishwanath Temple, #Varanasi. हर हर महादेव!

Публикация от Chowkidar Narendra Modi (@narendramodi)

Ел басшыларының ішінде Instagram-да ең көп оқырманы бар Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди. Оның оқырмандар саны 20 миллионға сәл жетпей тұр. Премьердің жазбаларына назар аударсақ, оның ел ішін аралап, халықпен кездескен суреттері көп. Оған қоса Нарендра Моди ғибадат қылып жатқан жарияланымдары жетерлік. Премьер-министр ешкімге жазылмаған. Сондай-ақ оның парақшасында Stories әрдайым жаңарып отырады. Ол жақта видео және суреттер, әртүрлі жасалған шаралардың нәтижелері жарияланған. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидың парақшасындағы жазбаларының барлығы дерлік ағылшын тілінде. 

Джоко Видодо - Индонезия президенті

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Lumpur yang terbawa banjir bandang Sabtu 16 Maret lalu, masih menumpuk di halaman dan teras bangunan SD Negeri Inpres Kemiri saat saya tiba di kampung Kemiri, Jayapura, siang tadi. Isi ruangan kelas berantakan, buku dan bangku-bangku sekolah rusak dan tak dapat dipakai. Saya telah memerintahkan kepada Menteri PUPR untuk segera merapikan bangunan dan lingkungan sekolah ini. Agar murid-murid SD Negeri Inpres Kemiri yang bersama saya ini kembali bersekolah. Bukan hanya sekolah, rumah-rumah warga kampung Kemiri pun terlihat porak poranda. Bahkan sejumlah warga yang masih mengungsi di GOR Touware di Kampung Kwadeware, tak mungkin kembali ke kediaman semula. Mereka akan dipindah ke lokasi yang jauh lebih aman dari potensi bencana. Lokasi baru itu akan segera ditetapkan oleh gubernur dan bupati setempat.

Публикация от Joko Widodo (@jokowi)

Индонезия президентіне 18 миллионнан астам адам жазылған. Джоко Видодоның жазбаларына қарап оның халықпен етене араласып, проблемаларына назар аударатынын аңғаруға болады. Президенттің парақшасында көзге түсетіні, оның балалармен түскен суреттері мен видеолары. Жазбалардың басым көпшілігі көшбасшының халықпен тілдесіп жатқаны.

Видодоның парақшасын Тим Комуникаси деген азамат жүргізеді. Индонезия президентінің парақшасы да Stories функциясын белсенді қолданады. Бұл парақша тек индонезиялық тілде жүргізілген. 

Дональд Трамп - АҚШ президенті 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#Repost @WhiteHouse ・・・ Today, President Trump welcomed NATO Secretary General Jens Stoltenberg to the White House!

Публикация от President Donald J. Trump (@realdonaldtrump)

АҚШ президенті Дональд Трамптың 12 миллионнан аса оқырманы бар. Ол жазбаларында айтқан мәлімдемелері мен саяси маңызды шешімдерін жариялайды. Атқарылып жатқан жұмыстың нәтижелерін жазады. Сондай-ақ басқа елдердің көшбасшыларымен өткізген кездесуінің видеоларын салады. Трамптың парақшасынан отбасымен және немерелерімен түскен суреттерін кездестіруге де болады.

Америка Президенті парақшасында күніне 4-5 жазба жарияланады. Оқырмандары әр жазбаға мыңдап пікір қалдырады. Осы уақытқа дейін оның парақшасында 4500-ден астам жазба бар. Бірақ ол тек 8 ғана адамға жазылған. Олардың басым көпшілігі отбасы мүшелері. Олардың арасында Дэн Скавино да бар. Ол Трамптың әлеуметтік желідегі парақшаларына жауап беретін адам. Ол өзінің Instagram-парақшасында да президенттің іс-сапарларын жариялайды. 

Рим папасы

Посмотреть эту публикацию в Instagram

EN: I ask everyone to remember in prayer both myself and my collaborators in the Roman Curia, who this evening will be beginning the week of Spiritual Exercises. PT: Peço a todos que se recordem na oração de mim e dos colaboradores da Cúria Romana, que nesta noite iniciaremos a semana de Exercícios Espirituais. ES: Les pido a todos ustedes que se acuerden en sus oraciones de mí y de mis colaboradores de la Curia romana; esta tarde comenzaremos la semana de Ejercicios espirituales. IT: Chiedo a tutti un ricordo nella preghiera per me e per i collaboratori della Curia Romana, che questa sera inizieremo la settimana di Esercizi Spirituali. FR: Je vous demande à tous de prier pour moi et pour les collaborateurs de la Curie romaine qui ce soir commencerons la semaine des exercices spirituels. #lent, #quaresma, #cuaresma, #quaresima, #carême, #spiritualexercises

Публикация от Pope Francis (@franciscus)

266-шы Рим папасының оқырман саны 6 миллион. Парақшасында оның ғибадатханадағы және басқа елдердің көшбасшыларымен бірге түскен суреттері бар. Бұл парақшаны нақты кім жаңартатыны белгісіз. Бірақ әр жазбада сурет, видео және оларға пікір жазылған, парақша тек ағылшын тілінде жүргізілген. 

Рим папасының Instagram желісі күн сайын бір жазбамен жаңарып отырады. Оған қоса мұнда Рим папасының насихат айтқан видеолары жарияланған.  

Режеп Тайип Ердоған - Түркия президенті

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Habertürk - Show TV canlı yayınından...

Публикация от Recep Tayyip Erdoğan (@rterdogan)

Түркия Президентінің Instagram-парақшасына да 5 миллионнан аса адам жазылған. Оның парақшасы күнделікті жаңармайды. Оның жазбаларында көбіне жалғыз түскен суреттері жарияланған. Оған халық арасында жүрген және әртүрлі жиындарға қатысқан суреттері бар.

Сондай-ақ сапарларда және әр түрлі мінберден сөйлеп жатқан суреттері жүктелген. Оларға қысқаша түсініктеме тек түрік тілінде жазылған. Бұл парақшаны кім жаңартатыны белгісіз. Осы уақытқа дейін Түркия президентінің парақшасында тек 404 жазба жарияланған. Бұл басқа Президенттердің парақшаларына қарағанда әлдейқайда сирек жаңарады деген сөз.

Мухаммед бен Рашид әл Мактум - БАӘ премьер-министрі

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрінің Instagram желісіндегі парақшасына 4 миллион адам жазылған. Бұл парақша күніне бір жазбамен жаңартылып отырады. Сондай-ақ бұл парақшаның басқа мемлекет басшыларының парақшаларынан айырмашылығы оның тек ресми кездесулерінен бөлек, елді мекендерде серуендеп жүрген суреттері де жарияланған.

Жазбалардың барлығы дерлік араб тілінде. Оған қоса премьер-министрдің парақшасында жазбаларының басым көпшілігі видео форматында. 

Дмитрий Медведев - Ресей Федерациясының премьер-министрі 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сельхозпредприятие «Рассвет» на Ставрополье. ⠀ #Repost @photogovernment

Публикация от Дмитрий Медведев (@damedvedev)

Ресей Президенті Владимир Путин әлеуметтік желі қолданушысы болмаса да, Дмитрий Медведевтің Instagram-парақшасында 2,7 миллион оқырманы бар. Ол басқа әріптестеріне қарағанда парақшаны жиі жаңартпайды. Оның парақшасы аптасына бір жазбамен толығады. Онда премьер-министрдің құттықтаулары мен ресми іс-сапарларынан суреттер мен видеолар бар. Бұл парақшаны кім жаңартатыны жайлы да ақпарат жоқ. 

Тағы айта кететін жайт, Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Бірақ оның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары бұғатталған. Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, бұғатталудың басты себебі - Магнисткий тізімі. Сондай-ақ Қадыровтың есімімен белгіленген фейк-парақшалар саны өте көп. 

Автор: Мақсат Мамбетжан

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети