TikTok-та түрлі әндерге қосылып айтатын желі қолданушысының видеосы кең тарап жатыр. Тіпті танымал адамдар да оның видеоларын әлеуметтік желідегі парақшасына бөлісіп, ал кейбір блогерлер оның видеоларына пародия түсіріп жүр. Massaget.kz тілшісі видеолары арқылы Қазнет жұлдызына айналған әйелмен сұхбаттасты.
TikTok-та түрлі әндерге қосылып айтатын желі қолданушысының видеосы кең тарап жатыр. Тіпті танымал адамдар да оның видеоларын әлеуметтік желідегі парақшасына бөлісіп, ал кейбір блогерлер оның видеоларына пародия түсіріп жүр. Massaget.kz тілшісі видеолары арқылы Қазнет жұлдызына айналған әйелмен сұхбаттасты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.
46 жастағы Нұргүлдің әлеуметтік желідегі бір видеосы 1 миллион 500 мың қаралым жинаған.
@h.k_77 ♬ оригинальный звук - _??????.15 ?
TikTok қолданушылары видеоға жағымды пікірлер жазып, оның өнеріне, харизмасына тәнті болған.
"Ауызды жыбырлатып тұрмай, тәтең жаттап алып, молодец", "Харизма ұрып тұр", "Бүгін бұдан асқан әдемі видео көрген жоқпын", "Балаларыңыздың жолы болды, осындай заманауи анасы бар", "Бүгін менің лентамдағы ең сүйкімді видео", "Шын жүректен екені көрініп тұр", - дейді олар.
Тіпті оның видеосына танымал адамдар да пікір жазған.
"Кайфовая", - дейді Сабиркин лақапатымен танымал блогер.
Нұргүл - Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Бурабай ауылының тұрғыны.
"Жолдасым, екі балам бар", - дейді ол өзі туралы.
Нұргүл TikTok желісіндегі парақшасын ашқанына көп уақыт болмапты. Дегенмен ән арқылы ішкі сезімін, көңіл күйін шығаруды жөн көрген.
"Ең бірінші TikTok-қа 3 ақпанда тіркелдім. Ал ең бірінші видеом 25 тамызда жарияланды. Көбіне өлеңнің сөздері ұнаса, сай келіп тұрса, ішкі сезімімді солай шығарғанды жақсы көремін. Алғашында осылай айтып көріп едім, өзіме ұнады. Жолдасыма көрсетіп едім, "дерзай, детка" деді. Әйел адам болғаннан кейін, жолдасымыз болғаннан кейін, рұқсат сұрау керек. Өйткені бір жерде қате кетсе, кемшілік-артықшылықтарымды айтып отырады. Сондықтан "қалай, ұнай ма сізге, TikTok-қа шығарсам бола ма?" деп сұрадым", - дейді ол.
Оның негізгі мамандығы музыкадан, өнерден мүлдем алыс екен.
"Музыкалық білімім жоқ. Мамандығым - химик-лаборант. Бірнеше мамандықты игергенмін: фарфор бұйымдарды түсіруші-төсеуші, фарфор бұйымдарын тегістеуші. Кейінгі жылдары Алматыда фармацевтикалық қоймада жұмыс істегенмін", - дейді тиктокер.
Ал өзінің айтуынша, әнге деген махаббаты анасынан дарыған болса керек.
"Жарықтық анам күшті ән айтатын. Дауысы керемет болатын. Ауылды жерлерде той-думандарда өлең айтатын. Өзім көпшіліктің арасында өлең айтып көрмегенмін", - дейді Нұргүл.
@h.k_77 ♬ оригинальный звук - Aleke????
Бір қызығы ол видеолары мұндай танымалдылыққа ие болғанын білмепті.
"Миллион қаралымдар болғанын білгенін жоқпын. Интернет жай болғаннан кейін парақшамнан көре алмадым. Ал көргенде жай ғана қуандым, себебі осындай жақсы, халыққа өтімді видеолар түсіріп жатқаныма риза болдым", - дейді Нұргүл.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!