29 ноября 2019 | 17:26

"Гүлжахан босанды". Контейнерде тұрып жатқан отбасыға блогер оқырмандарымен бірге үй сыйлады

© Instagram

Осы сәтте WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар арасында "Гүлжахан босанды" деген әзіл-жазбалар кең тарап жатыр. "Ол кім?" деген сұраққа "Әңгіме болсын деп айта салғанмын" деген жауаптар бар. Бірақ көп адам Гүлжаханның нақты кім екенін біле бермейді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы сәтте WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар арасында "Гүлжахан босанды" деген әзіл-жазбалар кең тарап жатыр. "Ол кім?" деген сұраққа "Әңгіме болсын деп айта салғанмын" деген жауаптар бар. Бірақ көп адам Гүлжаханның нақты кім екенін біле бермейді. 

Мессенджерде есімі халық арасында тарап жатқан Гүлжахан алты баланың анасы атанып, бүгінде баспаналы болып отырған жайы бар. Оған көмек көрсеткен блогер Дәулет Төлеутайұлы. Бұған дейін көпбалалы отбасы контейнерде өмір сүрген. Дәулет Төлеутайұлы Tengrinews.kz тілшісіне көпбалалы отбасыға қажетті соманың қалай жиналғанын айтып берді.

Реклама
Реклама

Дүйсенбіде Дәулет Instagram желісіндегі парақшасында Асхат пен Гүлжахан есімді жандардың баспанаға мұқтаж екенін жазған. Сол кезде Гүлжаханның аяғы алтыншы балаға ауыр болатын.

"Олар - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек саяжайында контейнерде тұрып жатқан көпбалалы отбасы. Отанасы Гүлжахан бірінші күйеуінен үш баламен ажырасқан. Себебі ол оны күнде ұрып-соғып, ауру еткен. Қазір Гүлжаханның талма ауруы бар. Аяқ асты талып қала береді. Оған демеу болып, қасында жүрген қазіргі екінші күйеуі - Асхат. Алтыншы баласы таяуда дүниеге келді. Бала тууға да бір себеп - сол арқылы онкологиялық ауруының асқынуын баяулата алады. Әйтпесе, алтыншы баланы босану жоспарда болмаған", - дейді блогер.


Көпбалалы отбасы бұрын тұрған контейнер. © instagram.com/dauletten

Оның айтуынша, Гүлжаханның күйеуі Асхат камераға түсіп, үй сұрауға намыстанған. Себебі оның сұрайтыны тек - тұрақты жұмыс. Бала-шағасын өзі асырай алатынын айтқан.

"Арман деген жігіт қайырымдылық қорын ашып, көмекке мұқтаж отбасыларды іздеп жүрді. Сол жақтағылар екі тонналық контейнерде өмір сүріп жатқан отбасы жайлы естиді. Киімдері де, тамақтары да жоқ. Шыны керек, қиын өмір сүріп жатқан. Анасы жиі ауырады, әкесінің жұмысы жоқ, кредиттері де бар екен. Сол Арман "Дәулет, осындай отбасы бар. Көмектесейік" деп ұсынды. Суреттерін көргесін, іштегі баланы аядым", - дейді блогер.

Дәулет Төлеутайұлы Instagram-парақшасындағы оқырмандарын осы отбасыға көмектесуге шақырған. Нәтижесінде бір күннің ішінде баспана алуға жететін қомақты қаражат жиналған.

"Сөйтіп, Instagram-парақшама салып жібердім. Басында жалға үй алып, 5-6 айының ақшасын төлеп берейік деп ойлағанмын. Халық "Көмектесейік, үй әперейік" деді. Өзімнің картамның нөмірін қоя салғанмын. Оқырмандарым маған сеніп, жан-жақтан ақша жіберіп жатты. Ақыр соңында 24 сағаттың ішінде 6 450 000 теңгедей ақша жиналды. Біреулер 100-200, 1000, 10 мың, 20-25 мың теңгеден ақша аударды. Орта есеппен мың теңгеден жиналды десек, 6500-ге жуық адам қайырымдылық жасады", - дейді блогер.

Төлеутайұлы ертесі күні бұл отбасыға Қасымбек ауылынан баспана сатып әперген.

"Отбасыны үйге кіргіздік. Қай ақшаның қайда кеткенін айтып, есебін бердім. Үйге 6 миллион теңге сұрап тұрған, 5,5 миллион теңгеге түсірді. Сауда үйіне барып теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, балаларға заттар сатып әпердік, қой алдық. Жиналған ақшаның бәрі өз несібелеріне кетті", - деді ол.

"Өзі пәтер жалдап жүріп, елге ақыл үйретеді" дейтіндер бар - Баспана мәселесін жазатын блогер

"Бүгінгі миссия бітті. Үй табылды! Қасымбек ауылынан сатып алдық. Біз дүкеннен үйге техника сатып алдық. Жүк тасымалдаумен айналысатын ағам көмегім болсын деп, бала-шағаны контейнерден көшіріп берді. Еріктілер базардан көрпе-жастық алып келді", - дейді Дәулет. 


Сатып алынған жаңа пәтердің суреттері. © instagram.com/dauletten

Ақша толығымен жиналған күні отбасыдан тағы бір жақсы жаңалық келген. Гүлжахан өмірге алтыншы баласын әкелген. Оның толғағы келіп жатқанда жары Асхаттың денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен екен.

"Гүлжаханды азанда толғақ қысып, саяжайға жедел жәрдем келгенше бірнеше сағат күткен. Одан шыдай алмай, такси шақыртады. Ол жеткенше, жедел жәрдем де келеді. Ақыры, перзентханаға жеткенше, Гүлжахан жолда босанған. Бала да, анасы да аман-есен", - дейді блогер.

Бүгін Гүлжахан перзентханадан шығып, жаңа баспанасына қоныстанған. Қызын Несібелі деп атаған.

"Instagram желісіндегі парақшалардың бірі Несібеліге жеңілдікпен бесік берді. Тағы бір кісі өзінің дүкенінен жөргек сыйлады. Алма деген оқырманым гигиеналық заттар әкелді. Тағы бір ағалар қой сойды. Үй жылы, газ, ыстық су бар", - деді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram