22 марта 2019 | 14:07

Германия қазақтары Наурызды қалай тойлайды

Тұран Алпер - этникалық қазақ. Түркияда туған. Оның айтуынша, кеңес кезінде 30-жылдары оның ата-бабасы Түркістанда өмір сүрген, алдымен Түркияға, ал кейін 1960 жылы Германияға қоныс аударған. Оның сөзінше, олардың Германияға қоныс аударуының басты себебі ол жақта жақсы жұмыс табуға мүмкіндік болған. Тұран - отбасында бес ағайындының ортаншысы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұран Алпер - этникалық қазақ. Түркияда туған. Оның айтуынша, кеңес кезінде 30-жылдары оның ата-бабасы Түркістанда өмір сүрген, алдымен Түркияға, ал кейін 1960 жылы Германияға қоныс аударған. Оның сөзінше, олардың Германияға қоныс аударуының басты себебі ол жақта жақсы жұмыс табуға мүмкіндік болған. Тұран - отбасында бес ағайындының ортаншысы.

Кейіпкеріміз қазіргі уақытта Кельн қаласында отбасымен бірге өмір сүреді. Ол сол жақта білім алған. Оның бір қызы және баласы бар. Қызы Ангияда тұратын қазақ жігітімен тұрмыс құрған екен. Баласы болса Германиядағы университеттердің бірінде оқиды. Тұран Алпер 1986 жылдан бастап Ford компаниясында жұмыс істейді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Германиядағы қазақтардың Наурыз мейрамын қалай өткізетінін айтып берді.

Реклама
Реклама

Тұран осы уақытқа дейін өзінің тарихи отанына үш рет келген. Бізге сұхбат беру барысында ол қазақ тілінде еркін сөйледі. 


Тұран Алпер зайыбымен

Тұран Алпер де, оның жолдастары да өз тілін де, ұлттық дәстүрлерін де ұмытпаған. Жыл сайын Германияның көп қалаларында наурыз мейрамы атап өтіледі екен. Оны өткізетін сол жерлердегі қазақ диаспоралары. Ол жақта қазақстандықтар жыл сайын жиналып наурыз мейрамын атап өтеді.

Кейіпкеріміздің айтуынша, бұл айтулы мейрам Берлин, Гамбург және Кельн қалаларында атап өтіледі екен. Тұран Алпердің сөзінше, бұл мейрамның өтіп жатқанына 10 жылдың көлемі болған. Биыл наурыз мейрамы Гамбургте ірі көлемде атап өтіледі екен. 

"Мен Кельндегі Қазақ мәдени орталығының мүшесімін. Осы орталықтың қаражатымен біз былтыр наурыз мейрамын атап өттік. Керек десеңіз, осы жақтағы қазақстандық студенттер де ұйымдастырған мерекемізге қосылды. Шамамен 50-ге жуақ адам жиналған. Оған қоса былтыр дәстүрлі әнші, домбырашы Ерлан Рысқали бізге қосылып мейрамды өткізді. Біз қазақ әндерін шырқап мәз-мейрам болдық", - дейді кейіпкеріміз.  

Тұранның айтуынша, тек Германия ғана емес басқа мемлекеттердегі қазақтар да наурыз мейрамын атап өтеді. Себебі бұл ұлттық мейрам басқа мемлекетте өмір сүріп жүрген қазақтарға бас қосуға қолайлы сәт. 

"Біз наурызды сәйкесінше наурыз көже және ет тағамдарымен өткіземіз. Оған қоса осы шара барысында Қазақстанға қатысты жаңалықтарды өзара талқылаймыз", - дейді Тұран. 


Германия қазақтары Ерлан Рысқалимен

"Негізі Берлинде тұратын қазақтарға наурыз мейрамын атап өту ыңғайлы. Себебі мереке Қазақстанның Берлиндегі елшіліктің қолдауымен өтеді. Ол жақта қазақтың дәстүріне сай әртүрлі шаралар жасалады. Мысалы Парижде де қазақтар көп тұрады, оларда елшіліктің қоладуымен наурыз мейрамын атап өтеді. Мен қазақстандықтарға ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ұлыстың ұлы күні құтты болсын дегім келеді", - дейді ол.  

Кейіпкеріміздің айтуынша, Германиядағы қазақтар бұл мейрамды бір шаңырақтың астына жиналып өткізеді екен. Ол өзінің отбасымен бірге ұлттық дәстүрлерді ұмытпай, алдағы уақытта да ұстанатынын мәлімдеді.

Автор: Мақсат Мамбетжан


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram