Қазір Желіде ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановтың Алматыға келуі шу болып жатыр. Жанкүйерлерімен кездеспек болған ол айыппұл арқалады. Ал оған көшеде жол ашып жүрген полицейлердің видеосы желіде тарап, қызу тақлыға түсті. Tengrinews.kz Алматыны шулатқан видеоблогер туралы баяндайды.
Қазір Желіде ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановтың Алматыға келуі шу болып жатыр. Жанкүйерлерімен кездеспек болған ол айыппұл арқалады. Ал оған көшеде жол ашып жүрген полицейлердің видеосы желіде тарап, қызу тақлыға түсті. Tengrinews.kz Алматыны шулатқан видеоблогер туралы баяндайды.
Блогер Алматыға келіп, соңы шуға ұласты
Басында Желіде алматылық полицейлер ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановтың көлігіне жол ашып жүргені түсірілген видео тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бастапқыда бұл бейнежазба белгілі ресейлік блогер Гусейн Гасановтың Instagram-парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары патрульдік көлік блогердің көлігіне арнайы жол ашып жүргеніне таңғалған.
Алматы полициясының Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлім етті.
Кейін Independ.kz порталы Гусейн Гасанов қаладағы көңіл көтеру орталықтарының бірінде болғанын хабарлады. Мониторинг тобы блогер мен басқа да адамдардың үстінен түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматының Санэпидбақылау департаменті осы кешке қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
"Танымал ресейлік блогер Гусейн Гасанов қатысқан кешке қатысты департамент тексеру жүргізеді. Нәтижесінде аталған тұлғаларды және шараны ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады", - деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері.
Ал кеше Гасанов Алматыда жанкүйерлерімен кездеспек болған. Instagram желісіндегі парақшасында блогер "ҚБТУ университетінің артында" 18:00-де фанаттармен кездесу өтетінін хабарлаған.
Желіде тараған видеоларға қарасақ, Гасановпен кездеспек болған тұрғындар қарасы мол болған. Бірақ кездесу өткен жоқ, жиналғандарды полиция қайтарып жіберді.
Independ.kz мәліметінше, кездесу өткізбек болған Гасановты полицейлер алып кеткен. Салдарынан ресейлік блогер 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі.
Гусейн Гасанов деген кім?
Гасановпен кездескісі келгендер саны көп болғанына қарағанда, блогердің Қазақстанда да жанкүйері көп. Бірақ Гусейн Гасанов деген кім? Instagram-парақшасындағы сипаттамасы "блогер, ютубер және әнші" деп жазылған.
Блогер 1994 жылы Санкт-Петербургте дүниеге келген. 2015 жылдан бері Гасанов желі қолданушыларына вайнер ретінде танылған. Бір минуттық әзіл роликтер түсіреді. Аудиториясы ТМД елдерінің көп бөлігіне тараған. Бүгінде Instagram-парақшасында 17,2 миллион фолловер бар. Сонымен қатар, әкесінің ісін жалғастырып, Мәскеу мен Санкт-Петербургте мейрамханалар желісін басқарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Cosmopolitan нұсқасы бойынша 2018 жылы ол Рунеттегі ең беделді адамдардың үздік ондығына енген. Сонымен қатар, "ТВ Звезда" мәліметінше, Instagram желісіндегі қаралымдар саны бойынша рекорд орнатқан - оның бір ролигін 12 миллионнан аса адам көрген.
Инстаграмшы бұған дейін де Қазақстанда болған. Парақшасында қазақстандық вайнерлермен түсірген видеолары бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жүргізуші куәлігінен айырылған
2018 жылы Гасанов Мәскеудегі сауда үйлерінің бірінде фанаттарымен кездеспек болған. Алайда сауда үйіне мыңнан аса адам келіп, блогер кездесу орнынан кетіп қалған. Кейін қайта фан-кездесу өткізуге уәде берген
2019 жылы да Мәскеуде осыған ұқсас жағдай болыпты.
Гасанов өз елінде бірнеше рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Мысалы, 2020 жылы маусымда көлік нөмірін жасырғаны үшін жүргізуші куәлігінен үш айға айырылған.
Ал биыл 26 шілдеде мас күйінде көлік жүргізді деп күдікке ілінген. Алайда медициналық тексеруден өткізбек болғанда блогер полицейлермен барудан бас тартқан. Сол үшін куәлігінен 1,5 жылға айырылды. Ru.tv мәліметінше, Гасановқа жол ережесін бұзғаны үшін 714 мәрте айыппұл жазылып, блогер оны төлемеген.
Gelandewagen ойнатамын деп, басы бәлеге қалды
2019 жылы блогер үлкен ұтыс ойнын өткізген - бәсте Mercedes G-Class Gelandewagen көлігі болды. Сол кезде Гасановтың парақшасына бір тәулікте екі миллион адам жазылған. Кейін ұтыс ойнының жеңімпазы анықталып, оқиға солай бітуі керек еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда кейін осы ұтыс ойнына қатысты шу шықты. Гасанов басында 10 миллион рубль тұратын Gelandewagen сыйлаймын деген. Бірақ ол 4 миллион рубль тұратыны белгілі болды.
Сонымен қатар, Lenta.ru мәліметінше, көлік үш рет жол-апатына түсіп, кей бөлігі зақымданғаны анықталды. Көлікке бірнеше рет айырппұл салынып, ол төленбегені хабарланды.