РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 декабря 2020 | 15:37

"Фишбармақ - борщ пен банан сияқты". "Орел и решка" жобасының Батыс Қазақстандағы бөлімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Танымал украиналық "Орел и решка" жобасы тағы да Қазақстанда. Бұл жолы түсірілім тобы көрермендерін Батыс Қазақстанның табиғатымен таныстырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Танымал украиналық "Орел и решка" жобасы тағы да Қазақстанда. Бұл жолы түсірілім тобы көрермендерін Батыс Қазақстанның табиғатымен таныстырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарлама жүргізушілері Ақтау қаласына келіп тоқтаған. Дәстүр бойынша қалдыратын 100 долларды Шерқалада жасырып кеткен. Оны Асқар Нұғманов есімді Ақтау қаласының тұрғыны тауып алған

100 доллармен саяхаттаған жүргізуші алдымен қаланы аралап, Каспий теңізі жағалауына келген. Артынша "Көгез" этноауылындағы қазақ үйлерді аралап, сол жерде түнеген. 

Ал карточканы жеңіп алған жүргізуші Ақтаудағы ең қымбат қонақүйлердің біріне орналасып, "фишбармақтан" дәм татқан. 

Екінші күні жүргізуші Бердібек ата зиратына келген. Жергілікті ауылдарды аралап, кейіннен "Боқты", "Шерқала" тауы, Батыс Қазақстанның "меккесіне" айналған Бозжыра шатқалына келген. 

Бұл Ай ма, әлде Марс па? Жапондар Маңғыстау өлкесіне неге қызығады? 

Айта кетейік, "Орел и решка" саяхат туралы танымал бағдарлама. Олардың YouTube-тегі ресми каналына 3,08 миллион адам жазылған. Түсірілім тобы Қазақстанға осымен төртінші рет келген. Алдағы таңда Алматы қаласы мен Алматы облысы туралы тағы бір бөлімдері шықпақ. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети