РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 октября 2019 | 13:08

Эйфель мұнарасында жұмыс істейтін қазақ қызы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Моңғолияда туып, кейін Қазақстанға келіп, одан соң Франция қазағына тұрмысқа шыққан Айсұлу Төлек Эйфель мұнарасында ақпарат беруші болып жұмыс істейді. Жеті жылдың жүзі болса да романтиканың ордасы саналатын Эйфель мұнарасының фонында ол суретке түспепті. Сұхбаттың сұрақтарын жолдағанымызда оның бірінші шарты суреттер жолдау еді. Алайда Айсұлудың Парижде жүріп, атақты мұнараның алдында әдеттегі жұрт секілді суретке түспегеніне назар аудардық. 


Моңғолияда туып, кейін Қазақстанға келіп, одан соң Франция қазағына тұрмысқа шыққан Айсұлу Төлек Эйфель мұнарасында ақпарат беруші болып жұмыс істейді. Жеті жылдың жүзі болса да романтиканың ордасы саналатын Эйфель мұнарасының фонында ол суретке түспепті. Сұхбаттың сұрақтарын жолдағанымызда оның бірінші шарты суреттер жолдау еді. Алайда Айсұлудың Парижде жүріп, атақты мұнараның алдында әдеттегі жұрт секілді суретке түспегеніне назар аудардық. 

Кейіпкеріміз Батыс Моңғолия қазақтарының ұрпағынан. Әке-шешесі мен туғандары Нұр-Сұлтан өңірінде тұрады. Бүгінде 8 тілде ақпарат беруші болып жұмыс істеп жүрген ол елордадағы Еуразия университетін екі шет тілі мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Бұл - сәйкестік, себебі мен барғанда бос орын болды

Айсұлу 2012 жылы Нұр-Сұлтанда тұрмыс құрған. Бүгінде бір баласы бар. Ол Францияға көшіп барып, қалай жұмыс тапқанын әңгімеледі.

"Францияға келгеннен кейін бір жылдай уақыт үйреніп, аздап тіл меңгергеннен кейін жұмыс істегім келді. Жұмыс қабілетім жетеді-ау деген бірнеше жерге онлайн түрде кандидатурамды ұсындым. Солардан бірінші болып сұхбатқа Эйфель мұнарасы шақырды. Сұхбат ағылшын және француз тілдерінде өтті. Бұл - сәйкестік, себебі мен барғанда бос орын болды", - деді ол. Алайда ол келісімшарт бойынша жалақысын айта алмайды екен.

Мұнараға - 130 жыл

Айсұлу Төлек Эйфель мұнарасының биыл 130 жылдығы қалай тойланып жатқанын, жұмысының қыр-сырын айтты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтарға атақты ескерткіштің тарихын баяндаудан жалықпаған ол құрғақ тарихына үңіліп қана қоймай, қызықты деректеріне де тоқталады. 

"Бұл мерейтойға байланысты көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Солардың біреуі - Эйфель мұнарасының алаңындағы сол жерде жұмыс істейтін "Әйелдер мен ерлер" деген тақырыптағы көрме. Сәті түсіп, Парижге келіп жатсаңыздар, бұл мұнараның алаңынан бір қазақ қызының суретін көре аласыздар.

Бұл ескерткішке әлемнен жастар келіп, үйленуге ұсыныс жасап жатады. Тек осы Жюль Верн мейрамханасының өзінде күніне екі жұп үйленуге ұсыныс жасайды", - дейді Айсұлу.

Кейіпкеріміз мұнараның көпке белгілі емес тарихына да тоқталды. 

"Темірден мұнара салу идеясын Maurice Koechlin деген сәулетші мен Émile Nouguier деген инженер ойлаған. Олар әуелде 300 метрлік мұнара құрастырғысы келген. Екеуі 1884 жылы осы идеясын көрсетіп, көрмеге ұсынады. Олардың жобасын Густав Эйфель деген азамат сатып алып, патенттейді. Оны кейін қай жерге саламыз дегенде таңдау Испанияның Барселона қаласына түседі. Алайда испандар бұл жобаны өте қымбат есептеп, қабылдамаған екен. Одан кейін барып Парижге салатын болып шешіпті. Осы фактілерді қызықты деп ойлаймын. Тағы бір дерекке сүйенсек, ең алғашқы ресми қонақтар Англияның патша отбасы", - деп әңгімеледі нысанның тарихын Айсұлу.

Париждегі қазақтар

Сондай-ақ, Айсұлу дүние жүзінен ағылып келетін қазақтар көп екенін айтады. 

"Ең көбі Түркиядан келген қазақтар. Парижде қазақстандықтардың бірнеше қауымдастығы бар. "Қорқыт" деген өте жақсы қауымдастық бар. Сол ұйымдағылар балаларға, жастарға, үлкендерге қазақ тілін, қазақтың музыкалық аспаптарын үйрететін әртүрлі үйірме ұйымдастырады. Елшілік те көптеген шара ұйымдастырып, сондай кезде жиі бас қосып тұрамыз. Одан бөлек, Мұстафа Шоқай атындағы қауымдастық, Түркия қазақтарының қауымдастығы бар. Кейде Қазақстанда жүргендей сезінесің", - деп күлді ол.

8 тілде сөйлеймін

Сонымен қатар, Айсұлу француз тілін шетелдіктерге бейімдеу орталықтарында үйренгенін әңгімеледі. 

"Бір жыл бойы белгілі бір деңгейіне дейін бұл жақта тегін үйретеді. Ал жұмысым - әр елден келген азаматтарға мұнара жайлы ақпарат беру. Әр елдің менталитеті әрқандай адамдармен араласып, олардың сұрақтарына жауап берудің де қызығы бар. Оларға қазақ, француз, ағылшын, түрік, моңғол, орыс, испан, неміс тілдерінде ақпарат беремін. Өзбек, қырғыз, татар ұлттарынан келсе, олармен қазақ тілінде сөйлесемін. Түсінісу оңай. Бірақ осы аталған барлық тілде судай сөйлеймін демеймін, сұрақтарын түсініп, ақпарат беруді білемін", - дейді ол.

Мұнараның фонында неге суретке түспеген?

Осы баяндауынан кейін сұхбат басында суретке түспеймін деуінің себебіне тоқталуға тырыстық. Шын мәнінде әдетте қыз баласы сезімге, эмоцияға ерік беріп, мұнара алдында суретке түсуі қалыпты жағдай көрінеді. Алайда оның айтуынша, суретке түспеуі белгілі бір ұстанымына байланысты емес. 

"Жұмыс біткенде кешке қарай үйге қайтарда қараймын, өте әдемі, өзіндік бір энергиясы бардай көрінеді. Негізгі себебім - таныстарым бар, кез келгеннің қолынан шетелге шығуға мүмкіндігі бола бермейді. Бір жағынан елмен, жермен таныстырып, жүрген жеріңді көрсету жақсы да шығар, бірақ өз басым ұната бермеймін", - деп анығын айтты ол.

Айтпақшы, кейіпкеріміз алдағы уақытта елге оралатынын айтты.

Мақаланы дайындауға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
баспасөз қызметінің басшысы
Сырымбек Төлеуұлы қолдау көрсетті

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети