РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 мая 2019 | 12:30

Электрсамокатқа неге көштім? Қала тұрғындарының пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Электрсамокат алматылықтардың сүйікті көлігіне айналды деуге бола ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Алайда шаһар тұрғындарынан бұл көлік түрін қолданатындар жайлы сұрап қалсаң, бірі үнеміне қызығатынын, бірі кептелістен құтылуға сеп екенін айтумен болады. Tengrinews.kz тілшісі электрсамокат жүргізетін қалалықтармен тілдесіп, оның шығыны мен үнемін саралап көрді.


Электрсамокат алматылықтардың сүйікті көлігіне айналды деуге бола ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Алайда шаһар тұрғындарынан бұл көлік түрін қолданатындар жайлы сұрап қалсаң, бірі үнеміне қызығатынын, бірі кептелістен құтылуға сеп екенін айтумен болады. Tengrinews.kz тілшісі электрсамокат жүргізетін қалалықтармен тілдесіп, оның шығыны мен үнемін саралап көрді.

Қала шетінде қиындау

Алматылық Жасұланның айтуынша, ол Көк базар жақтан қаланың екінші бөлігіне күн сайын шамамен 15 шақырымдай электрсамокатпен жүреді екен. Жылдың жетін айында самокатпен жүретін ол ұнайтыны экологиялық таза әрі үнемі дейді. Самокатын бір жыл бұрын 150 мың теңгеге сатып алыпты. 

"Былтыр көктемде сатып алғанмын. Содан бері қаншама таксиге, автобусқа немесе метроға жұмсайтын жол шығыным қалтамда қалды. Қазір де бағасы 150 мың теңге. Күніне бір рет электр қуатына қосамын, сонымен бітті. Тіпті электр энергиясына жұмсайтын қаражатымды есептеудің қажеті жоқ деп білемін. Бастысы сапасы жағынан дұрыс өндірушіні таңдауың керек, сонда ғана мен секілді ұтасыз. Алмас бұрын көп ойландым, интернеттен іздедім. Жалпы ойласам, дұрыс сауда жасаппын", - дейді ол.

Ал жол сапасы жайлы Жасұлан былай дейді:

"Қала ортасында, әрине, жол жақсы, шеткі аудандарда болсаңыз, қиындау. Ол жақтың жолын айтпағанда, орталықта да өте алмайтын кедергілер көп. Менің бұл мұңымды балаарбамен жүретін аналар жақсы түсінеді. Мен самокатымды көтеріп, алып өте ала салармын, бірақ олар баласы бар арбасын қалай көтеріп жүрмек? Жүкті болса ше? Сондықтан, меніңше, жол сапасын, әсіресе жанар-жағармайсыз жүретіндердің жолын әлі де жөндеу керек".


© pixabay.com

Күзетшілермен дауласамыз да жүреміз

Алайда, оның пікірінше, қалада қазір электрсамокатпен жүруге толықтай жағдай жасалған деп айтуға ерте. Оған себеп - адамдардың заңды білмеуі екен.

"Мәселен, ойын-сауық және сауда орталықтарына, дүкендерге барсаң, күзетшілер самокатыммен кіргізбейді, сыртта қалдырып кетуімді талап етеді. Ал заң бойынша, бұл көлікті айдап емес, қолыма ұстап жүрсем, бұл менің жүгім болып саналуы тиіс. Өзі де жиналып, шағын болып қалады ғой. Міне, көп сауда орталығында күзетшілер осы заңды білмегендіктен, сыртта қалдырып кетуіме тура келеді. Арнайы велосипед қалдыратын жерге құлыптап кетіп жүруді әдетке айналдырдым, алайда оған мен міндетті емеспін", - дейді Жасұлан. 

Менің жол шығыным - 0 теңге

Осыдан кейін ол самокат алғаннан кейін үнемі қанша болғанын шамалап есептеп көрді. Айтуынша, бір жылда самокат ақысын толықтай өтеп алған.

"Былтыр жұмысқа кешіксем такси ұстайтынмын, тапсырыс беріп шақыртсам, тіпті қымбатқа түсетін еді. Мәселен барып-келуім 1800 теңге жұмсайтынмын. Ал негізі автобуспен, метромен жүретінмін. Бірақ ай сайын он күн міндетті түрде таксиге отыратынмын. Үнемі кешікпей жүру мүмкін емес. Сонда санап көрсем, ай сайын мен жолға 16 мың теңгедей шығын шығарады екенмін. Ал электрсамокат алғаннан кейін бұл шығын нөлге тең. Әрине, сатып алу ақысын есептемей өтуге болмас, сонымен бір жылда оның құнынын толық өтедім деп ойлаймын", - дейді Жасұлан.


© pixabay.com

Автобустардан қорқамын

Оның сөзінше, электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынған. Бірақ ол автобус сызығымен жүруге жүрексінгендіктен, амал жоқ, кейде заңды бұзуға тура келеді дейді. 

"Күн сайын жаңалықтардан автобустардың жол-көлік оқиғасына ұшырап, я біреуді қағып кетіп, я басқа көлікті соққанын естіп жатасың. Қалада жарысып жүретін автобустардың мәселесі өз алдына. Бір рет тіпті дәл қасымнан асқан жылдамдықпен өткен автобус жүргізушісін көріп, өміріме алаңдап қалғаным да бар. Сондықтан, самокат та көлік құралы деп, жауапкершілігің мен қауіпсіздігіңді ойлап, үнемі сақ болуың қажет", - дейді ол.

Автомобилистер бізбен санаспайды

Жылына 7-8 ай электрсамокатпен жүретін Юлияның айтуынша, қазіргі уақытта көлік жолымен жүру аса қауіпті. Себебі көп көлік иесі самокатшыны жол жүрісінде өз ережесі мен заңы бар жүргізуші деп санамайды екен.

"Автомобильшілер бізбен санаспайды, өз сызығыңда тұрсаң, жаныңа келіп, тақалып тұрып алады. Мәселен мен тоқтасам, бір жағыма түсіп жерге бір аяқпен таянып тұрамын. Осының өзіне кейде жолда орын болмай қалады, себебі көлік жүргізушілері сенің кеңістігіңмен санаспайды, не озып кеткісі, не шеткері итеріп тастағысы келіп тұрады", - дейді ол.

Ал оның шығыны тіпті де аз екен. "Күніне бұрын жолға 3 000 теңгедей жаратып жүрдім, жолым алыс еді. Бірақ таяуда жақын жұмысқа ауысқандықтан, электрсамокат мен үшін ең пайдалысы болды. 170 мың теңгеге алған самокатымнан шығынымды шамалап есептеп көргеннің өзінде 200 мыңның үстінде. Себебі мен жұмыс пен үйдің арасында ғана емес, жұмыс бабымен бір күнде бірнеше жерге баруым керек болады", - дейді ол.


© REUTERS

Ауа райы қолайсыз болса...

Бірақ бұл "темір тұлпарын" алғанның бәрі жол шығынын ұмытамын деп ойласа қателеседі дейді ол. Себебі жаңбыр не қар жауып, ауа райы қолайсыз болған жағдайларда, амал жоқ, таксиге немесе қоғамдық көлікке ауысуға тура келеді. 

"Мұның барлығы бір сөзбен айтқанда қаламыздың экологиясы үшін жасалып отыр. Әйтпесе сол шығынды көрмесем, қиналып қалмайтын едім. Тек шаһарымызда кептеліс азайып, қала тіршілігіне титтей де болса септігімді тигізсем, өзімді толыққанды қала тұрғыны әрі белсендісі дер едім", - дейді Юлия.

Заң бойынша...

Айта кетейік, заң бойынша электрсамокатшылар көлік құралының жүргізушісі болып саналады. Осы себепті олар жол жүрісі ережесін біліп, сақтауға міндет, апат жағдайында қозғалыстың толыққанды қатысушысы ретінде жауапкершілік арқалайды.

Электрсамокатшыларға веложолдармен және жалпы жолақтармен жүруге рұқсат берілген. Ал арнайы жолақ болмаса, жол бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде жолаушылар көлігінің жол бөлігімен жүруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети