РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 июля 2021 | 09:48

"Екпе салу ерікті. Бірақ..." - Кореядағы қазақстандық елдегі вакцинацияның ерекшелігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диана Сағиева. Фото: instagram.com/dianasagi Диана Сағиева. Фото: instagram.com/dianasagi

Статистика бойынша, Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 18 миллионнан аса адам, екінші дозасын 7 миллионнан аса адам алған. Бір қызығы вакцинаның екі компонентінде екі түрлі екпе салдыруға болады. Елде "Спутник V" мақұлданбаған. Кореядағы вакцина салу процесінің ерекшелігі неде? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне елде жеті жылдан бері тұрып келе жатқан қазақстандық Диана Сағиева айтып берді. 


Статистика бойынша, Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 18 миллионнан аса адам, екінші дозасын 7 миллионнан аса адам алған. Бір қызығы вакцинаның екі компонентінде екі түрлі екпе салдыруға болады. Елде "Спутник V" мақұлданбаған. Кореядағы вакцина салу процесінің ерекшелігі неде? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне елде жеті жылдан бері тұрып келе жатқан қазақстандық Диана Сағиева айтып берді. 

Кореяда вакцинация ерікті. Бірақ...

Диана Сағиеваның сөзінше, елде вакцина ешқандай мәжбүрлеусіз салынады. Бірақ екпеден бас тартуға да болады. Ол үшін неліктен бас тартатыны туралы нақты себеп қажет.   

"Яғни заңда әрбір адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті деген талап жоқ. Бірақ вакцина салу ұсынылады. Егер екпеден бас тартатын болса оның себебін түсіндіру керек.

Вакцинадан денсаулығы нашар адамдар ғана бас тарта алады. Мысалы күйеуімнің бүйрегі нашар. Ол вакцинадан бас тарта алады. Сонымен қатар, діни тұрғыда да екпеден бас тартуға болады: егер сіз ұстанатын дінде тыйым салынса, вакцинадан бас тарта аласыз", - дейді Диана. 

Алайда жақсы компанияда, жоғары лауазымда жұмыс істейтін адам вакцина салдыруға міндетті. 

"Түсіндіре кетер болсам, кореялықтар - заңға бағынатын халық. Олар заң адамдар үшін қабылданады және оны орындау керек деп қабылдайды. Себебі өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап кореялықтар тәртіпке үйренген", - дейді жергілікті тұрғын. 

Фото: ашық дереккөздерінен / instagram.com/dianasagi

Вакцина салдыру процесі қандай?

Кореяда вакцина салдыру жоспары ақпанда, ал вакцинация компаниясы наурызда басталған. Ең алдымен жергілікті азаматтарға жеке телефон нөміріне хабарлама келеді.  

"Вакцинацияға байланысты: елде телефон нөмірін сатып алған барлық адамға SMS келеді. Кореяда телефон нөмірі кез келген азаматтың өмірінде үлкен роль атқарады: оны тек төлқұжатты көрсетіп сатып алу керек. Бір адамда бір нөмір. Егер жеке кәсіпкер болсаң ғана бірнеше нөмір тіркеп ала аласың. Оның бәрі мәліметтер базасында сақталады.

Осылайша, барлық адамға хабарлама келді. Онда "Құрметті, Бәленбай Түгенбай, осы күні, осы уақытта коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға келуіңіз керек" деп жазылады. Айтқан күні, айтқан уақытқа келесің. Хабарламада қандай вакцина салынатыны жазылмайды. Екпені рандом түрде бөледі. Елде адам тығыз болғандықтан келген адам кезекте тұрып қалуы мүмкін. Мысалы менің құрбым өз уақытында келгенімен бір сағаттай кезекте тұруына тура келген. Келесіз, қолыңызға талон береді, өз кезегіңізді күтесіз", - дейді Диана. 

Бір қызығы, елде екі түрлі вакцинаны араластырып салуға болады екен. Бірақ Кореяда ресми түрде коронавирусқа қарсы вакцинаның үш түрі: Pfizer, AstraZeneca, Moderna мақұлданған, "Спутник V" мақұлданбаған.

"Мысалы бірінші дозаңыз Pfizer болса, екіншісі AstraZeneca болуы мүмкін. Яғни екі компонент бірдей болуы міндетті емес. Егер вакцина салдырған адамда кері әсер байқалып, оның коронавирусқа қарсы екпеден қайтыс болғаны дәлелденген жағдайда 10 миллион вон (шамамен 3,7 миллион теңге) өтемақы төленеді", - дейді кейіпкеріміз. 

Фото: Reuters 

Кореяда әр жас аралығындағы адамдарға вакцина әр кезде салынады. Тамызда 18-49 жас аралығындағылар вакцина салдырады. Бірақ азаматтар вакцинаны қандай да бір себептерге байланысты ерте салдырғысы келсе арнайы қосымша арқылы тіркеліп, екпе салдыра алады.

"Менің өзім тамызда салдырамын. Бірақ егер одан ерте салдырғым келсе, оған шектеу жоқ. Ол үшін Кореяда арнайы қосымша бар. Яғни қосымшада қай жерде, қанша вакцина қалғаны, бос күндер туралы ақпарат жазылған. Қосымша арқылы ертерек вакцина салдыру күнін таңдап үлгеру керек. Үлгерсең, барып салдырасың. Түрлі жағдай болады ғой: біреу шетелге шығуы қажет болады, басқа біреуі коронавирустан қорқуы мүмкін. Бірақ ертерек салдырғысы келетін адам көп болғандықтан қосымшадағы батырманы тезірек басып үлгеріп, орын алып қалу керек. Күзде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуы мүмкін. Ол әлі белгісіз, бірақ қарастырылып жатыр", - дейді Диана. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети