РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 октября 2019 | 16:14

"Екеуміздің де көзіміз көрмейді" - Алматыда бас қосқан ерекше жұптың махаббат хикаясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазира мен Темірлан Жазира мен Темірлан

Алматыда ерекше ұзату тойы өтті. Зағип жандар Жазира мен Темірлан бас қосты. Олар - I топтағы мүгедек. Күні кеше өткен Жазираның ұзату тойын аттасы, танымал әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасына салып, жастарға тәнті болғанын жазған еді. Tengrinews.kz тілшісі ерекше жұптың махаббат хикаясын баяндайды.


Алматыда ерекше ұзату тойы өтті. Зағип жандар Жазира мен Темірлан бас қосты. Олар - I топтағы мүгедек. Күні кеше өткен Жазираның ұзату тойын аттасы, танымал әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасына салып, жастарға тәнті болғанын жазған еді. Tengrinews.kz тілшісі ерекше жұптың махаббат хикаясын баяндайды.

Ұзатылған Жазираның айтуынша, ол жарымен мүмкіндігі шектеулі жандардың WhatsApp-тағы тобында танысқан. 

"Бізде Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар отыратын ортақ чат бар. Мен ол кезде астанада бір компанияда жұмыс істейтінмін. Астанада тұрғанмын. Сол чатта ол кісі мені байқап қалған екен. Мен астанада, ол кісі Таразда жүрді. Телефонмен араласып жүрдік. Шаңырақ құрардан бұрын бір жылдай араластық. Кейіннен жұмыс орнымның Алматы қаласында бөлімшесі ашылып, жазда осында көшіп келдім. Мен Алматыда жүрген кезде ол кісі Тараздан келді. Сөйтіп кездесіп, ол кісі ата-анамның алдынан өтті", - дейді Жазира. 

Артынша екеуі кездескеннен кейін, шаңырақ құруға шешім қабылдаған.

Жазираның негізгі мамандығы - аудармашы. Алайда бүгінде ол көбіне қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жан. 

"Мамандығым бойынша жұмыс істемеймін. Көбіне қоғамдық шараларға ат салысып тұрамын. Бізде қоғамдық қор бар. Сол қорда көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетеміз. Мен негізінен осы уақытқа дейін бір уақытта үш жерде жұмыс істедім. Былайша айтқанда мүлде демалмайтынмын", - дейді Жазира. 

Жазираның сөзінше, ол туа бітті зағип екен. 

"Екеуміздің де көзіміз көрмейді. Жолдасым екеуміз де бірінші топтағы мүгедекпіз. Мен туа бітті зағиппын. Менде кішкентай кезімнен басталған. 16 жасыма дейін аздап қана көргенмін. Осымен 1-2 жыл болды екі көзімнің қарашығын толығымен алып тастады. Оның орнына протез тұр. Ал жолдасым осыдан 3 жыл бұрын жарақат алған. Тойда болған ұл жолдастың да көзі нашар көреді", - дейді Жазира.

Жазира ұзату тойында дәл осы өзімен аттас әншінің сүйемелдеуімен ұзатылуды армандаған екен. 

"Кеше үлкен арманым орындалды десем болады. Негізі ешкімге айтпағанмын, бірақ бұрындары теледидардан, Instagram-нан көрген кезде "Мені де осылай әнші апайларымыз ұзатып шығарса екен" деп армандайтынмын. Іштей арманым болды. Ағаларым Жазира Байырбековадан сұраған екен. Бұл мен үшін тосынсый болды", - дейді Жазира. 

Жазира Алматы қаласында жеке кәсіппен айналысады. Кәсібінің арқасында ол бірнеше көпбалалы ананы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 

"Бірінші жұмысым - астанадағы жұмысым. Екінші кәсібім - клинингтік кәсіп аштым. Мұндағы мақсатым - көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету болды. Бүгінгі таңда ол компаниямда 6-7 келіншек жұмыс істейді. Барлығы көпбалалы аналар. Біреуі 6 баланың, ендігі бірі 8 баланың анасы", - дейді Жазира. 

Жазира өзі секілді азаматтарға ешқашан мойымауға кеңес берді. 

"Өмірде не болмайды? Өмірде бәрі болады. Өмірдің ащысы да бар, тұщысы да бар. Өзім 31-де болсам да, өмірдің қиын кезеңдерінен өттім десем болады. Әр нәрсені бағалай білу керек. Неғұрлым әрбір сәтіңізді бағаласаңыз, соғұрлым сізге екі есе жақсылық қайтады. Бастысы - мойымай, еңбек ету керек деп есептеймін. Алға қадам басқан сайын биіктен көрінесің", - дейді Жазира.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети