29 мая 2018 | 19:26

Екі баласымен далада қалған келіншекке көрермен тікелей эфирде баспана сыйлауға уәде берді

Бүгін 7 арнада "Күдік туғызған күйеулер" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасына 24 жастағы Нұргүл есімді келіншек қонақ болды. Өзінен 6 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан Нұргүл қазір "Дағдарыс үйінде" жатқанын айтып көзіне жас алды. Күйеуі жұмыссыз болғанымен қоймай, ащы судың азабына әбден құныққан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнада "Күдік туғызған күйеулер" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасына 24 жастағы Нұргүл есімді келіншек қонақ болды. Өзінен 6 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан Нұргүл қазір "Дағдарыс үйінде" жатқанын айтып көзіне жас алды. Күйеуі жұмыссыз болғанымен қоймай, ащы судың азабына әбден құныққан. 

Айтуынша, ол күйеуінің ата-енесімен бір үйде тұрып, екі бала тапса да, не құзырлы органдарда да, мұсылманша да неке қидырмаған. 

Реклама
Реклама

"Мейрамханада даяшы болып жұмыс істеп жүргенімде таныстым. Содан ол ата-анасына апарып, таныстырды. Барлығы жақсы болады деп ойладым. Бірақ ата-анасы бізді некелестірмей қойды. Күйеуімнің әке-шешесі арақ ішетінін сонда ғана білдім. Атам да, енем де күнде арақ ішіп, үйде жанжал шығара бастады. Бр күні балам ауырып қалды, ауруханаға алып кеткенімде "Сен неге менен рұқсат сұрамайсың" деп, енем ұрыс шығарды. Осы кезде күйеуім жұмыссыз үйде жатып алды. Ата-енем жұмыс істеп жүрсе де, жұмыс істеп, ақша тапты. Балаларым қорқып қалды. Қызымның алты айында атам ішіп келіп, үйден қуып шықты. Жолдасым ол кезде Семейде еді. Үйден қуып шыққаннан кейін бөлек шығып, өзім жұмысқа шықтым. Күйеуім мені іздемейді де", - деп жылады келіншек. 

Нұргүл күйеуінің үш әйелі болғанын, біреуінен баласы бар екенін кейін білген. Ал өз әке-шешесі туралы бүгінге дейін мәлімет жоқ екен. Бала кезінде әкесі анасын үйден қуып шыққаннан кейін сол күйі шешесін көрмепті. Тіпті іздеу салса да, әлі күнге табылмапты. Содан ол туыстарының қолында өсіпті.

"Қазіргі ойым, балаларым жыламай, есейіп, аяққа тұрып кетсе екен", - деген Нұргүл екі айдан соң Дағдарыс орталығын босатуы керек екенін айтты. Сол себепті де ол баспана мен жұмыс болса деп тікелей эфирде жұрттан көмек сұрады.

Осы кезде бағдарламаға Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәмші ауылынан Дүйсенкүл есімді көрермен хабарласты. Ол өзінің 70 жастағы атасына көмектесіп, жағдайын жасаса, Нұргүлдің екі баласын балабақшаға орналастырып, үйді атына жазып беретінін уәде етті.

Бағдарлама кейіпкері көп ойланбастан бұл ұсынысты қабыл алып, келісімін берді.

Ток-шоуға қонақ болған психолог келіншекке "құрбанның рөлінде" жүрудің қойып, мәселені заңгер арқылы шешу керек екенін айтып кеңес берді. 

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram