ПОДЕЛИТЬСЯ
07 октября 2019 | 13:35
"Дипломсыз-ақ миллион табуға болады". 22 жастағы қазақ режиссері әлем брендтерімен жұмыс істейді
Еліміздің атын шетелдерде шығарып жүрген қазақстандық жастар көп. Бірі әнімен болса, енді бірі белгілі брендтермен жұмыс жасап жүр. Сол жастардың бірі - Қыран Талапбек. Талантты режиссер - Kyran Films компаниясының негізін салушы. Сонымен қатар, ол әлемге белгілі Lexus, Toyota, Yokohama компанияларымен жұмыс істеп, Біріккен Ұлттар Ұйымына деректі фильмдер түсіреді. New York Film Academy академиясында оқуды көздеп, мұхит асқан Қыранмен сұхбаттастық.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еліміздің атын шетелдерде шығарып жүрген қазақстандық жастар көп. Бірі әнімен болса, енді бірі белгілі брендтермен жұмыс жасап жүр. Сол жастардың бірі - Қыран Талапбек. Талантты режиссер - Kyran Films компаниясының негізін салушы. Сонымен қатар, ол әлемге белгілі Lexus, Toyota, Yokohama компанияларымен жұмыс істеп, Біріккен Ұлттар Ұйымына деректі фильмдер түсіреді. New York Film Academy академиясында оқуды көздеп, мұхит асқан Қыранмен сұхбаттастық.
Kyran Talapbek - мотиватор емесӘлеуметтік желідегі түсірген видеолары миллиондаған қаралым жинап, өзі түсірген жұмыстарының арқасында бірнеше миллион ақша табатын жас режиссер өзін мотиватор санамайтынын жеткізді.
"Мен өзімді мотиватор санамаймын. Мен жігер емес, адамдарға шабыт сыйлайтын болармын. Мотиватор - арнайы мамандық. Ол - бизнестің көзі. Мотиваторлар кәсіпкерлерді сөзбен ғана жігерлендіреді. Сонымен ақша табады. Ал мен шабыт беремін. Өзімнің өмірімдегі көрген, білген нәрселермен бөлісемін. Осыдан 2-3 жыл бұрын басқаша ойласам, қазір мүлде басқаша ойлаймын. Сол қазіргі өзімнің кезеңімдегі ойымды, арманымды бөлісемін. Ол да кейін өзгеруі мүмкін. Мотивациясы бар адамдар - тренингтерге барып мотивациясын ұмытып кетеді. Бір нәрседен шабыт алған адам шабыттанып, алға ұмтылады. Ертеңгі күні сол алған шабытымен көздеп жүрген мақсатына жетуіне көмектесетін шығармын, - дейді Қыран.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek) 9 Июн 2018 в 8:31 PDT
Жас режиссер балалық шағын еске алып, бүгінгі Қыранмен салыстырды.
"Бала Қыран мен қазіргі Қыранның арасында бір ұқсастық бар. Екеуі де өте арманшыл болатын. Көп нәрсені армандайтын. Бала Қыранның арманы сол арман күйінде қалатын, қазіргі Қыран кез келген арманды іске асыра алады. Тек соған әрекет жасайды. Кез келген арманның, ойдың әп-сәтте жасауға болатынын, сенетін соны білетін адам", - дейді ол.
"Дипломсыз-ақ миллион табуға болады""Менің ойымша, бүгінде дипломсыз-ақ миллион табуға болады. Қазіргі заманның да, келешектегі заманның да, өткен заманда да адамдар дипломсыз-ақ миллионер болды. Ол адамның өзіне байланысты. Әрекет жасау керек. Ұмтыла берсең бәрі де болады. Үлкен буын ағалармен сөйлесіп қарасаң ол кісілердің алып бара жатқан дипломы жоқ. Бірақ өздерінің ұмтылысымен, талпынысымен бүгінгі жағдайлары жақсы. Өзім шығармашылық саладағы жан болғандықтан, маған диплом аса қажет емес деп ойлаймын. Диплом қажет болуы керек", - дейді кейіпкеріміз.
Қыранның сөзінше, бүгінгі оқу жүйесін дұрыстап, баланы керек жағына бейімдесе, сол кезде дипломның әңгімесі бөлек болады. Сонымен қатар Қыран видео түсіруге деген қызығушылығыңыз қалай оянғанын айта кетті.
"Видео түсіруге қызығушылық бірінші сурет түсіруден басталды. Одан әрі қарай әдемі нәрсені әдемі қылып көрсету. Өзім сөзбен жеткізе алмаған дүниені видеомен көрсеткім келді. Соны жеткізгім келді. Содан қызығушылық басталды. Бүгінгі күнге дейін үйреніп келемін", - дейді Қыран.
"Тойдан алыстаған дұрыс"Кейіпкеріміз бүгінгі жастар жүрегіне жақын стильмен айналысқан дұрыс екенін атап өтті.
"Тойдан алыстаған дұрыс. Жастар өздерінің ұнататын стилдерімен айналысқан дұрыс. Ол клип болсын, фильм болсын. Өздеріне ұнайтын бағытта клип түсірсе не фильм түсірсе нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын. Қалай сезінеді, солай іс-әрекет жасау керек", - дейді жас режиссер.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek) 14 Авг 2017 в 10:27 PDT
Сонымен қатар Талапбек неліктен адами құндылықтарға қатысты видео түсіре бастағанын түсіндірді.
"Осыдан 3-4 жыл бұрын, халыққа әзіл-қалжыңға толы вайндар қызық болатын. Әзіл қаншалықты қызықты болса да, мен адами құндылықтарға қатысты видео түсірдім. Мен адамдарға ой салатын видео түсіргім келді. Осындай типтегі видеолардың өлмейтінін басынан түсіндім. Менің көздеген мақсатым - халыққа өлмейтіндей дүние қалдырып кету", - дейді Қыран.
Режиссер өзінің жұмыстары туралы ойын бөлісті.
"Бір қызық айтайын, менің жұмыстарым көңілімнен шықпайды дей алмаймын. Бірақ өзіме ұнайтын жұмыстарым да аз. Нақты біреуін айта алмаймын. Шығармашылық адамдары да көбіне өз-өзіне көңілі толмау болады. Мен бұдан да жақсы жасай алатын едім деген ойлар болады. Бірақ содан ақырындап, мінсіздікке қарай ұмтылыс басталады", - дейді жас режиссер.
"Менің шкалаларымды қайталап қоя салатын адамдар көп""Үйлесімділікті сезіну керек. Менің шкалаларымды қайталап қоя салатын адамдар көп. Адам оны сезінбесе, іштен шықпайтын болса ол қанша әдемі болсын, үйлесімділік болмайды. Талғам деген осыдан басталады. Ішкі сезім алдамайды. Әлемнің ең үздік футболшыларын бір командаға жинап қойса, шындығында ол команда мүлде ойнай алмай қалады. Жақсы ойын көрсете алмайды. Неге десеңіз, олар бір-бірін сезіне алмайды. Мен де айналамдағы табиғатты, адамдарды, түсіретін кадрды бірінші сезінгім келеді. Содан кейін көрсеткім келеді", - дейді Қыран.
Сонымен қатар Қыран сапалы жарнаманың әсері жайлы ойын бөлісті.
"Өнім сұранысқа ие болу үшін, рахаттанып көретін жарнама болуы керек. Жарнама топ болуы керек, көрерменді жалықтырмайтын жақсы жарнама болуы керек", - дейді режиссер.
Toyota, Lexus сынды брендтермен жұмыс істейтін жас талант тағы қандай жобалары бар екенін айтты.
"Toyota, Lexus компаниялардан басқа компаниялармен де жұмыс жасаймыз. Мысалы Біріккен Ұлттар Ұйымына деректі фильмдер түсіреміз. Қазақстандағы ең үлкен құрылыс компаниялармен жұмыс жасаймыз. Болашақта қандай компаниялармен жұмыс жасағым келетіні құпия болып қалсын", - дейді ол.
Қыран Талапбек шабытты қайдан алады?Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek) 23 Июл 2017 в 9:33 PDT
"Шабытты мен сіздерден аламын. Мені адамдардың білгені, танығынан шабыт аламын. Әр адамның жылы сөздерінен шабыт аламын.Жалғыз қалғанда табиғаттан шабыт аламын", - дейді Қыран.
Сонымен қатар Қыран ең алғашқы көлігіне қалай қол жеткізгенін айта кетті.
"Ең алғашқы көлігім арманнан келді. Ең алғаш видео түсіріп бастап жүргенде түсірілімге бара жатасың. Автобуспен баратын болдым, автобус бармайтын жерге жаяу барамын. Қолымда қалың камера мен ауыр темір. Сөмкеме соларды толтырып алып, жаяу кетіп барамын. Түсірілімді бітіріп шаршап келе жатқанда, армандайтынмын. Машинам болғанда артқы орындығын ашып ауыр сумкаларды сонда салып қойсам. Түсірілім тобымен көлікте бірге бара жатсақ деген армандарым болды. Алғашқы көлігімді осындай ұмтылыспен алдым. Алғашқы көлігім ниеттенгеннен, талпынғаннан болды", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek) 1 Июл 2017 в 11:09 PDT
Жас талант үлгі тұтатын тұлғаларының кім екенін атап өтті.
"Ұстаз емес, ағаларым деп айтатын. Араласатын, көрісетін ағаларым көп деп мақтана аламын. Бірін айтып, бірін айтпау дұрыс болмас. Ол кісілерден үйренерім көп. Әр қайсынан әр түрлі нәрсені үйренемін. Соны қайталап жүрген жайым бар", - дейді Қыран.
"Халқымның көзін ашатын бір нәрсе қалдырып кеткім келеді""Жалпы арманым - халқымның көзін ашатын бір нәрсе қалдырып кеткім келеді. Идеологияны қалдырғым келеді. Идеологияны қалдыру үшін адамның өзінің ішінде идеологияны өсіру керек-қой. Барлық мемлекеттің дамуында қарап отырсаңыз АҚШ болсын, қандай мемлекет болсын сол мемлекеттердің өркендеп дамуына көмектескен - идеология. Арман, сенім - өте мықты нәрсе. Идеологиямен халыққа сенімді берсек, сенімге барлық адам жұмыс істейді. Сол жұмыстың арқасында экономика көтеріледі, адамдардың жағдайы жақсарады. Көп адамның армандары орындалады. Ал менің арманым - осы идеологияны қалыптастыру. Видео - осының құралы", - дейді Қыран Талапбек.
Дайындаған: Гүлбақыт Жанұзақ
Показать комментарии
Читайте также