РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 мая 2018 | 18:42

"Денесі Роналду!". Алпысты алқымдаған қария жұртты қайран қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қартайғым келмейді" тақырыбы қозғалды. Бағдарлама барысында Ақтау қаласының 60 жастағы тұрғыны Жексен Аюпов Skype арқылы байланысқа шығып, тікелей эфирде физикалық дайындығымен жұртты тәнтті етті.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қартайғым келмейді" тақырыбы қозғалды. Бағдарлама барысында Ақтау қаласының 60 жастағы тұрғыны Жексен Аюпов Skype арқылы байланысқа шығып, тікелей эфирде физикалық дайындығымен жұртты тәнтті етті.

"Спортпен айналысу қарттықтың алдын-алатын басты қару деп есептеймін", - деген қария пресске арналған жаттығуын жасайды. ток-шоу эфирінде Жексен қария бұл жаттығуды 100 рет жасай алатынын айтады. 

Осыдан кейін ол турникке 100 рет тартылатын замандасы болса, 50 мың теңге сыйға беремін деп уәде етті. Бағдарлама барысында қария жүргізушілердің пресс көрсету туралы өтінішін де орындап, жұрт оның ойнап тұрған бұлшықеттеріне қайран қалады. Жүргізушілер мен көрермендер оған "Роналду!" деп қошемет көрсетті.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети