21 мая 2018 | 14:13

Демалыс маусымы: Шетелге шығу алдында нені ескеру қажет?

© pixabay.com

Демалыс маусымының басталуына байланысты еңбек демалысын шетелде өткізгісі келетін қазақстандықтар жетерлік. Бірақ олардың көбі шетелге шыққанда қандай ережелерді ұстану керектігін, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін және қалай алғашқы қажетті көмекті көрсету қажеттігін біле бермейді. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі туризм саласындағы маманнан қазақстандықтардың шетелге шығу кезінде жиі жіберетін қателіктері жайлы сұрап, демалушыларға шетелде қандай ережелерді ұстанғаны жөн екенін анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс маусымының басталуына байланысты еңбек демалысын шетелде өткізгісі келетін қазақстандықтар жетерлік. Бірақ олардың көбі шетелге шыққанда қандай ережелерді ұстану керектігін, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін және қалай алғашқы қажетті көмекті көрсету қажеттігін біле бермейді. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі туризм саласындағы маманнан қазақстандықтардың шетелге шығу кезінде жиі жіберетін қателіктері жайлы сұрап, демалушыларға шетелде қандай ережелерді ұстанғаны жөн екенін анықтап көрді.

Мысалы, таяуда БАӘ-дегі Шардж қаласында қазақстандықтардың жаппай уланғаны хабарланған болатын. Туристердің айтуынша, олар медициналық сақтандыру бойынша дәрігерлерді шақыртқан, алайда мамандардың жетіспеуіне байланысты жедел жәрдем 2-3 сағаттан соң бірақ келген. Сол себепті қазақстандықтар туристік операторлардан моральдық және материалдық шығынды өтеуді және демалыстарының ойдағыдай болмауына байланысты кеткен шығынды қайтаруды талап етіп жатыр.

Реклама
Реклама

Дәл осы жағдайда ақша қайтарыла ма, жоқ па - маманнан сұрадық.

"Ең бастысы - жақсы сақтандыру компаниясын таңдау. Және де әрдайым сақтандырудағы франшизаны нақтылау қажет. Мысалы, сақтандыру қандай жағдайларға жауап береді, ал қандай жағдайларда жауапкершілікті мойнына мүлдем алмайды. Турист медициналық сақтандыру алғандықтан барлық жауапкершілікті туристік агенттік емес, сақтандыру компаниясы өз мойнына алады. Мысалы, біз жұмыс істейтін медициналық сақтандыру компаниясы тамақтан улану жағдайларында қажетті медициналық көмекке жұмсалатын шығынды өз мойнына алады. Бірақ олар ішімдіктен уланған жағдайда ешқандай жауапкершілік алмайды", - дейді Алматыдағы туризм агенттіктерінің бірінің өкілі, туризм жөніндегі менеджер Кристина Тачкова.

Маманның айтуынша, мұның барлығы туристерге сақтандыру полюсі берілген кезде міндетті түрде айтылады.

Биыл ақпан айында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин шетелге шыққан туристердің барлығында дерлік сақтандырудың болуы керектігі жайлы айтқан еді. Айтуынша, қазақстандықтар шетелде жүріп түрлі жағдайларға тап болуы мүмкін - ауырып қалуы мүмкін немесе ұшаққа қатысты төтенше жағдайлар болуы әбден мүмкін. Сол себепті Мәжіліс төрағасы қазақстандық туристерді толықтай медициналық сақтандыруды алуға шақырған болатын.

Алайда туристердің көбі сақтандыруды ала бермейді екен. Маман қазақстандықтардың жиі жіберетін қателігі жайлы сұраққа жауап бере отырып, олардың шетелге шығар алдында сақтандыру алуға құмар емес екенін айтады.

''Қазақстандықтардың көбі "шетелде ештеңеге тап болмаймын, ешқандай да жағдайға ұшырамаймын" деп ойлайды. Бірақ шетелде қарапайым дәрі-дәрмектің өзі өте қымбатқа түседі. Туристер көбіне суық тиіп ауырып қалып жатады. Бұл ең көп кездесетін жағдай. Әрине, күн ыстық елдердің кез келген ғимаратына салқындатқыш орнатылады. Осы жағдайларда туристер жиі ауырып жатады", - дейді Кристина Тачкова. Ал сақтандырудың бағасы жайлы сұраққа маман орташа есеппен күніне 1 доллар, ал Еуропа елдерінде күніне 1 еуро екенін айтып өтті.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Мұнымен қоса, Кристина Тачкова қазақстандық туристердің арзандау демалыс орындарын таңдап, соның салдарынан түрлі жағдайларға тап болатынын айтады. Айтуынша, бұл мәселелерді туристік агенттік өкілдерімен ақылдасып, олар берген кеңестерді тыңдау қажет.

"Саяхаттауға ақшаны қатты үнемдеудің қажеті жоқ. Мысалы, әр елдің өзіндік климаты бар. Онда әр түрлі жануарлар мен жәндіктер қаптап жүруі мүмкін. Мысалы, Мысырда маса өте көп, ал Хайнаньда мысалы, қоңыз өте көп. Осының барлығын ескеру қажет", - дейді ол.

Сонымен қатар, маман туристер шетелде ұстануы және ескеруі тиіс ережелерге тоқталды. 

Оның айтуынша, бірінші ереже - ең алдымен төлқұжаттың жарамдылығына назар аудару қажет. ҚР аумағынан тыс жерде жүру үшін жарамдылық мерзімі паспорттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын болуы керек. Екінші ереже - демалуға баратын елдің заңын сақтау, ережебұзушылыққа жол бермеу. Үшінші ереже - елден шығатын турист "борышкердің бірыңғай тізілімінде" болмауы қажет. Мұндай жағдайда ол елден кете алмауы мүмкін.

Egov.kz сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" кодекстің 33-бабында 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қарызы бар тұлғаларға ҚР аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылатыны айтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram