РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 января 2020 | 18:11

Дарбаза мен Шарапхана ауылдарының атауы қайдан шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© el.kz © el.kz

Түркістан облысындағы Шарапхана ауылы мен Сарыағаш ауданындағы Дарбаза ауылының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы ауылдардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.


Түркістан облысындағы Шарапхана ауылы мен Сарыағаш ауданындағы Дарбаза ауылының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы ауылдардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

Ауыл атауының шарапқа қатысы жоқ

Шарапхана - Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл. Ауыл атауы Қазақстанның Онтүстік өңіріне VII-IX ғасырлардан бастап мәлім. Алғашында коныс болған бұл жер ІХ-Х ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы Орта Азия мен шығысты жалғастыратын қоспа жолдың бойындағы үлкен қала, яғни керуеншілер мен саудагерлердің демалып, тауарларын Қазығұрт пен Қаржан, Өгем таулары мен Келес ангарындағы халықтарға сататын сауда орталығы болған. Бұл қала туралы алғашқы дерек IX ғасырда өмір сүрген араб саяхатшылары Әл-Махдиси мен Хердабектің еңбектерінде. жолсапар күнделіктерінде кездеседі.

"Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер-су, елді мекен атауларының қысқаша тарихы" кітабындағы дерек бойынша, шарапхана деген сөз араб сөзі. Яғни, "шар" - төрт, "ап" - су, "хана" - мекен деген сөз. Төрт судың бойындағы қала деген мағына. Анығырақ айтқанда, Келес, Қаржан, Жіңішке мен Талдыбұлақ суларының түйіскен жерінде орналаскан.

Шарапхана мәдениеті, сауда орталығы болғаны жайлы кұнды деректер араб, парсы және түрік саяхатшыларының еңбектеріңде де жиі кездеседі. 

Дарбаза Алатауға кіретін қақпа секілді

Дарбаза - Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Дарбаза ауылдық округі орталығы. Іргесі 1930 жылы Дарбаза қой шаруашылығы кеңшарын құруға байланысты қаланған. Бүгінде ауылда үш мыңнан аса адам тұрады. 

Дарбаза Алатауға кіретін қақпа секілді екен. Ауыл қолдан тауды қашап, ойып жасағандай көрінгендіктен оны халық Дарбаза деп атап кеткен.

"Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер-су, елді мекен атауларының қысқаша тарихы" кітабының авторлары ауыл табиғатын көркемдеп жазған. 

"Қырғыз Алатауының сілемдерінен басталып, жол-жөнекей мыңдаған жылға бұлақтарды қосып алған Балдыберек өзені Дарбаза арқылы кең далаға ағып шығады. Дарбазадан ішке қарай өрлей берсең, табиғаттың небір тамаща көріністерін көріп, тамсанасың. Екі қапталы жалаңаш, жалтыр құз. Табанында Балдыберек өзені буырқанып, долданып ағып жатыр. Аспанға қарасаң, құздар төбеңе құлап кетердей әсер қалдырады. Екі құздын аралығы 10-12 метрдей. Осылай 2-3 шақырымға созылады.


© blognews.kz

Сосын он жағынан Ақтас жалтырап көрінеді. Сәлден кейін биіктен еңіске еңкеңдеп, бақырып, улап-шулап, жолындағының бәрін жайпап, Бақырауық өзені құлап, Балдыберекке қосылады. Оның дауысы құдды адамның бақырған дауысына ұқсайды. Сондықтан болар, оның Бақырауық деп аталғаны.

Содан әрі тау бірте-бірте жайуақтана береді. Қарсы алдыңнан тегіс, жазық алаңқай шығады. Ортасында көлемі 50-60 метрдей көл айнадай жарқырайды. Ол Көкжайлау деп аталады. Көкжайлау қысы-жазы көкпеңбек болып жатады. Бұл маңда арша, қайың, тал-терек, долана, ұшқат, шетен, тобылғы өседі. Жануарлар, өсімдіктер дүниесі өз алдына үлкен әңгіме", - делінген кітапта. 

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан?

"Өз өлімін дәл болжаған". Құлсары мен Баршатас атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?

"Мұнда пырақ мекен еткен". Шыңғырлау мен Көкөзек атаулары қайдан шыққан?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети