РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 января 2023 | 22:27

"Біртүрлі түсіп қалыппын". Министрмен бірге лифтіге кірген жұмысшы оқиға туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 17 қаңтарда Үкімет үйінде министрмен бірге лифтіге кіріп, реакциясы жұртты күлкіге қарық қылған азамат оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Кеше, 17 қаңтарда Үкімет үйінде министрмен бірге лифтіге кіріп, реакциясы жұртты күлкіге қарық қылған азамат оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоға түсіп қалған Айдос Уәлиев есімді азамат екен. Ол Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тумасы. Үкімет үйінде жүк тасушы болып жұмыс істеп жүргеніне 9 жыл болған.

Оқиға кеше, 17 қаңтарда Үкімет отырысынан кейін болған. Журналистер сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге сұрақ қойып, соңынан ерген.

Министр сол кезде "сұрақтарға жауапты баспасөз қызметі беретінін" айтып, лифтіге кіріп кетпек болады. Сол сәтте жұмысшы да қатар кіріп, журналистердің министрдің соңынан қалмай еріп келе жатқанына таңғалып тұрып қалған. Оның бұл реакциясы Интернетте лезде тарап кетті.

Өзінің сөзінше, бәрі аяқ асты болған. Сол сәтте абдырып қалып, не істерін білмепті.

"Бәрі аяқ астынан болды, білген де жоқпын. Көтеріліп бара жатқанда журналистер қаптап кетті. Өзім шок болып қалдым, не кірерімді не шығарымды білмей қалдым. Содан кейін қысылып тұрдым", - дейді ол.

Ол өз реакциясы журналистердің камерасына түсіп қалғанын, кейін жариялайтынын да білген. "Журналистердің арқасында танылып кеттім" дейді.

"Бәрін білдім. Шығып кететін жер болмады. Сасқалақтағаннан біртүрлі түсіп қалыппын деп, көргенде күліп алдым. Келесі жолы мұндай жағдайға тап болғанда шок болмаймын ғой", - дейді ол.

Осылайша, лезде танылып кеткен Айдос Уәлиевтің Астанада тұрып жүргеніне 10 жылдан асыпты. Әйелі Қостанай облысы Арқалық қаласынан, ұлы мен қызы бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети