РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 ноября 2023 | 14:34

Бір аяқ, бір қолы жоқ әйгілі жүзуші Ержан Сәлімгереев спортқа қалай келгенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Паражүзуден әлемді мойындатқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Сәлімгереев суда жүзу спортына келуіне бала күнінен Жайықтың жағасында өскені себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Паражүзуден әлемді мойындатқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Сәлімгереев суда жүзу спортына келуіне бала күнінен Жайықтың жағасында өскені себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Суда жүзуден Қазақстан чемпионы, әлем кубогінің бірнеше дүркін иегері, екі дүркін Азия Пара ойындарының жеңімпазы Ержан Сәлімгереев өмірге дені сау бала болып келген. Ойнап жүріп трансформаторға токқа түсіп, 9 жасында бір аяғы мен қолынан айрылған Ержан спортты бала күнінен саналы түрде таңдағанын айтты.

"Токқа түспес бұрын мектеп жанынан жұмыс істеп жатқан дзюдо секциясына барып жүрген болатынмын. Сол кезде дзюдоға керек кимоном болмаған еді. Жаттықтырушым "кимоно әкел" деп айтатын. Басыма қиын жағдайлар түскеннен кейін, ата-анам, бауырларымның қолдауымен күйзеліске түсіп кетпедім. Қазір айтсам, сенбейтін шығарсыздар. Бірақ жүзумен айналысып жүргенімді де алғашында отбасым білген жоқ. Шешім қабылдасам, нәтиже шығаруға тырысатын қасиетім бар. Кейін ол кісілер жетістіктерімді естіп қуанды. 2015 жылы республикалық спартакиада ойындарында суға жүзуден алғаш рет алтын медаль жеңіп алдым", - деді спортшы.

2016 жылы Ержан Сәлімгереев Қазақстан чемпионатына қатысқан. Үш түрлі қашықтықта 3 алтын медаль еншілеп, Қазақстан рекордын үш мәрте жаңартқан. Осылайша, суға жүзуден Қазақстан ұлттық паралимпиада құрамасының мүшесі атанған. Кейін Ержан Сәлімгереев Азия ойындарында екі мәрте алтын жеңіп алған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети