РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 октября 2019 | 13:34

Блогер Фима Иванов "Шыңғыс ханның сүйікті тағамын" дайындауды үйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Белгілі блогер Фима Иванов YouTube-арнасында қазақ тағамдарын дайындауды үйретіп жүр. Бұған дейін ол ет асуды көрсеткен, бұл жолғы видеосында сірне жасады. Тengrinews.kz тілшісі блогермен тілдесіп, бұл идеяның қалай келгенін сұрап білді.


Белгілі блогер Фима Иванов YouTube-арнасында қазақ тағамдарын дайындауды үйретіп жүр. Бұған дейін ол ет асуды көрсеткен, бұл жолғы видеосында сірне жасады. Тengrinews.kz тілшісі блогермен тілдесіп, бұл идеяның қалай келгенін сұрап білді.

Блогер өзінің алғашқы видеосында ет асуды үйретіп, кейін балықтан жасалған кәуәп дайындауды көрсетеді.

"Ас пісіріп жүргеніме көп болды. Бұрын видео форматында тамаққа қатысты түрлі әзілдер түсіретінбіз. Бұрын ұлттық тағамдар дайындайтынмын. Бірде Макс Мамырайынов деген жолдасым "Неге қазақша видео түсірмейсің? Қазақ тілінде сәл сөйлей аласың ғой. Өте жақсы шығатын сияқты" деді. Сөйтіп, видео түсірдім. Әдетте мұсылман бауырларымды қазақша құттықтап тұрамын. Кейде қазақша видеолар да түсіремін ", - деді Фима Иванов.

Блогер Фима Иванов ет асудың қыр-сырын үйретті

Ал екінші видеосында Иванов сірне пісірген. Видеода блогер сірнені "Шыңғыс ханның сүйікті тағамы" деп атайды. Бұл видеоларды түсіруін ол қазақ тағамдарын ұнатуымен түсіндірді.

"Нақты бір адамдарды қазақ асханасына үйреткім келеді деп айта алмаймын. Маған жай ғана қазақ тағамдары ұнайды. Біз етті жақсы көретін отбасымыз. Сондықтан, өз нұсқамызды көрсеткім келді. Дұрыс бесбармақ, дұрыс сірне деген ұғым жоқ. Оның үстіне, қазір тағамдар модернизациядан өтіп жатыр. Түрлі шөптер шықты. Картоп пен ет дайындасаңыз жай ғана ет жегеннен әлдеқайда жақсы. Сондықтан адамдарға сірне біздің нұсқамызда осындай болатынын көрсеткім келді. Мен бұл тағамды дайындауды армандап жүргенмін, қатты ұнайды өзіме", - дейді блогер.

Ол мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта да түрлі тамағамдар дайындамақ.

"Түрлі тағамдарды дайындауды жоспарлап отырмыз - тауық, бөдене, қаз еттерінен, қоядың аяғы, кәуәп, тіпті, бургерді қалай жасау керегін көрсетуге болады. Оны қалай тұшымды әрі дәмді қылуға болатынын көрсетеміз", - дейді ол.

Блогер тағам дайындағанда оны қазақ тілінде түсіндіреді.

"Мен қазақ тілін сегіз ай бойы үздіксіз үйрендім. Кейін курсқа баруды қойып, жай ғана қазақша сөйлей бастадым. Оның дұрыс-бұрысынан, акцентімнен ұялмаймын. Маған қазақ тілінде сөйлеген ұнайды, сондықтан оны меңгеруді жөн көрдім.

Көбі қазақша сөйлеуден қорқады. Түркияға не басқа елге барғанда "қисық ағылшынымызбен" сөйлейміз ғой, ол кезде ешкім қолмен көрсетіп, күлмейді. Ал біздің мәдениетімізде бұл қалыптаспаған, масқара деп айтып шығады. Сондай адамдарға қарсымын. Қазақ тілінде сөйлей беру керек, одан ұялмау керек. Маған көмектесетін адамдарға да алғыс айтқым келеді. Әйелім көп көмектеседі. Маған қазақша сөйлеуді үйретіп жүрген қазақтарға да алғысым шексіз", - дейді блогер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети