ПОДЕЛИТЬСЯ
19 декабря 2019 | 12:48
Биылғы baby-boom. 2019 жылы перзент сүйген танымал қазақстандықтар
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл қаңтар-қазан аралығында елімізде 337 357 сәби дүниеге келген екен. Биылғы көрсеткіш бойынша, өмірге ұл балалар көп келген. Олардың саны - 174 413. Сонымен қатар, 2019 жылы елімізде 162 944 қыз бала дүние есігін ашқан. Бала туу көрсеткіші бойынша үштікте Алматы (28 851 бала), Нұр-Сұлтан (24 299 бала) және Шымкент қалалары (23 547) тұр. Шоу-бизнес әлемі де биыл қуанышты жаңалықтарға толы болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл перзент сүйген жұлдыздарға шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл қаңтар-қазан аралығында елімізде 337 357 сәби дүниеге келген екен. Биылғы көрсеткіш бойынша, өмірге ұл балалар көп келген. Олардың саны - 174 413. Сонымен қатар, 2019 жылы елімізде 162 944 қыз бала дүние есігін ашқан. Бала туу көрсеткіші бойынша үштікте Алматы (28 851 бала), Нұр-Сұлтан (24 299 бала) және Шымкент қалалары (23 547) тұр. Шоу-бизнес әлемі де биыл қуанышты жаңалықтарға толы болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл перзент сүйген жұлдыздарға шолу жасады.
Геннадий Головкин
Геннадий Головкин үлкен ұлы Вадиммен © instagram.com/gggboxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жары биыл 18 қаңтарда бала тапты. Сүйінші хабарды Қазақстан бокс федерациясы жеткізген.
Боксшы 2007 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде ол жары Алинамен екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлының есімі Вадим екені белгілі, алайда боксшының отбасы қызы мен кенже ұлының есімін әлі күнге дейін жария етпеген.
Артур Төлепов
© instagram.com/arturtolepov
Актер биыл 22 қаңтарда әке атанды. Ұлы өмірге келгеннен кейін Артур көпшілікті дұғада болуға шақырған. Себебі актердің ұлы өмірге 7 айлық болып келген. Instagram желісінде сүйінші хабарын жеткізген жас әкенің ұлының есімі - Абылайхан. Айта кетейік, Артур мен Мадина 2018 жылы 27 маусымда үйленген.
Талғат Жорабаев
© instagram.com/zhorabayeva_ayauka
Биыл 29 қаңтарда әншінің екі ұлдан кейін дүниеге қызы келді. Талғат Жорабаев пен жары Аяулым қызының есімін - Медина деп қойған. Ұлдарының есімі - Әбумансұр және Әбубәкір.
Әншінің жары Аяулым Жорабаева Instagram желісінде белсенді. Бүгінде оның 312 мың оқырманы бар. Парақшасында ол ас мәзірлерін және пайдалы кеңестерін бөлісіп отырады.
Абай Бегей
Абай Бегей отбасымен © instagram.com/abai_begei
Былтыр екінші рет шаңырақ көтерген әншінің биыл 2 ақпанда Мүсілім есімді ұлы өмірге келді. Танымал әншінің шаңырағындағы қуанышты алғаш болып тележүргізуші Анна Данченко Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген.
Айта кетейік, әншінің 2015 жылы дүниеден озған бірінші жарынан үш қызы мен бір ұлы бар. Абай Бегей өзінен 16 жас кіші Фариза есімді қызға 2018 жылы үйленген.
Төреғали ТөреәліӘнші Төреғали мен жары Толқын бүгінде Томирис, Тоғжан және Фатима есімді қыздың және Төренұр есімді ұлдың ата-анасы. Кенже ұлы биыл 4 наурызда өмірге келген. Алғашында жеке өмірін барынша құпия ұстаған әнші 2017 жылы Алматыда үйлену тойын өткізді. Артынша әнші одан үш жыл бұрын, яғни, 2014 жылы үйленгенін айтты.
Ал сүйінші хабарды әнші Instagram желісіндегі парақшасында өлең жолдары арқылы жеткізген.
Мейіржан мен ДанаПосмотреть эту публикацию в InstagramКелген барша жақындарымызға алғысымыз шексіз!???? Қош келдің xанзадам???????????? #жақсылықпенбөліссеңкөбейеді #қуанышқаортақтасатынжандараманболсын #өзгеніңқуанышынақуанудаүлкенөнер
Публикация от Алиxан Дина Төреәліқызы???? (@tattti_kyz) 24 Мар 2019 в 7:02 PDT
Танымал блогер Мейіржан Төребаев пен жары Дана Есеева көпбалалы отбасылардың қатарына қосылды. Биыл 12 наурызда инста-блогерлердің төртінші сәбилері дүниеге келді. Мейіржан мен Дана ұлының есімін - Әміре деп қойған. Айта кетейік, бүгінде олар үш ұл, бір қыз тәрбилеп отыр.
Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева отбасымен © instagram.com/dana_yesseyeva
Дана оқырмандарына ұлдарының есімі неліктен Әміре деп қойғанын түсіндірген. Оның айтуынша, кенже ұлдарының есімін Мейіржанның анасы қойған. Әжесі немересі шығармашылық адамы болады деп ойлаған екен. Сондықтан қос блогердің кенже ұлына әнші Әміре Қашаубаевтың есімін берген.
"Шынымды айтсам, бұл есімнің шығу тегін әлі таппадым. Бір жерде "Әмірші", енді бір жерлерде түрік тілінен аударғанда "Эмре", не араб тілінен аударғанда "Амр" деген сөзден шыққан. Бірақ не дегенмен маған бұл есімнің барлық мағынасы ұнайды. Бастысы - баламыздың есімі анамызға ұнайды", - деп жазған екен Дана.
Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева отбасымен © instagram.com/dana_yesseyeva
Жеке өмірін жариялай бермейтін әншінің екінші перзентін сүйгенін досы Нұржан Аташ Instagram желісіндегі парақшасында жариялап жіберген. Биыл 27 наурызда өнер иесінің екінші қызы өмірге келген. Қызына әнші Табиғат деген ерекше есім берген. Ал үлкен қызының есімі - Шахназ.
Нұрболат Абдуллин отбасымен © instagram.com/nurbullin
Айта кетейік, бұған дейін әншінің қызының тұсаукесер тойындағы видеолар желіде тарап кеткен еді. Алайда Абдуллинның өзі ресми мәлімдеме жасамаған. Әнші отбасын алғаш Instagram желісіндегі парақшасында былтыр қазанда жарын туған күнімен құттықтап, жазба жариялап көрсеткен.
Шоқан МаратұлыСахна төрінен көптен бері көрінбей кеткен "All Давай" тобының мүшесі Шоқан Маратұлы да биыл әке атанды. Шоқан мен жары Анель 2017 жылы мамырда шаңырақ көтерген. Тұңғышының есімі - Алимхан. Жарасымды жұптың биыл 17 мамырда дүниеге Амели есімді қызы келді.
Шоқан Маратұлы отбасымен © instagram.com/anelya_batalova_
Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова © instagram.com/albina.shardarova
Жұлдызды жұп биыл 8 маусымда ата-ана атанған. 2018 жылы шаңырақ көтерген жұптың қуанышты хабарын Альбина Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген.
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали"КешYOU" тобының экс-солисі мен әнші Айқын Төлепбергеннің биыл тұңғышы Санжардың артынан екінші перзенті дүниеге келді. 22 маусымда дүниеге келген қыздың есімі - Айя.
Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген. © instagram.com/aikyn
Бұған дейін арақатынасын жасырын ұстап келген жұп тұңғыш ұлы Санжарды 2018 жылы тамызда көрсеткен болатын. Бүгінде тұңғышының Instagram желісінде парақшасы бар. Санжардың аккаунтына 30 мыңға жуық оқырман жазылған.
Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепбергеннің ұлдары Санжар. © instagram.com/aikyn
Сүйінші хабарды боксшы 8 тамызда Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген. Жанқош пен жары Клара 2016 жылдың қарашасында шаңырақ көтерген. Бүгінде олар екі қыз тәрбиелеп отыр.
Динара ҚырықбаеваСахнадан көрінбей кеткен Динара Қырықбаеваның биыл 27 тамызда үшінші баласы дүниеге келді. Жас отбасы қызының есімін Айя деп қойған. Сәби өмірге бойы - 54 сантиметр, салмағы - 3 728 келі болып келген.
Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылы 19 шілдеде тұрмысқа шыққан. Жұбайының есімі - Олжас. 2016 жылы тұңғышы - Айша және 2017 жылы Бисұлтан есімді ұлы өмірге келген.
Лидия Доссалина (Лидо)Lido лақапатымен белгілі әнші Лидия Доссалина - көпбалалы ана. Әнші биыл 29 тамызда дәстүрлі түрде Instagram желісіндегі парақшасында дүниеге қызы келгенін жеткізген. Қызының есімін Рамина деп қойған. Бүгінде әнші жарымен екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.
© instagram.com/lido_kz
Биыл жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров 22 жылдан кейін екінші перзентін сүйді. 3 желтоқсанда танымал жұптың Дара есімді қызы өмірге келді. Сүйінші хабарды әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған.
Жанболат пен Жазира отбасымен © .instagram.com/zhazira_bairbekova
Айта кетейік, Жазира мен Жанболаттың Қазыбек есімді ұлы бар. Ұлының айтуынша, қарындасының есімін Дара деп өзі қойған екен.
Показать комментарии
Читайте также