РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 января 2020 | 16:41

"Басыма шық!". Журналиспен дөрекі сөйлескен шенеуніктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың журналист сұрағын елемей, итеріп өткен сәтінің видеосы тарап жатыр. Елімізде лауазымды тұлғалардың журналистерге дөрекілік көрсеткен оқиғалары аз емес. Оның ішінде журналиске "Жынымды келтірмеңізші", "Онда басыма шық" деп жауап бергендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі БАҚ өкілімен дөрекі сөйлескен шенеуніктердің сөздерін топтастырды.


Желіде Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың журналист сұрағын елемей, итеріп өткен сәтінің видеосы тарап жатыр. Елімізде лауазымды тұлғалардың журналистерге дөрекілік көрсеткен оқиғалары аз емес. Оның ішінде журналиске "Жынымды келтірмеңізші", "Онда басыма шық" деп жауап бергендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі БАҚ өкілімен дөрекі сөйлескен шенеуніктердің сөздерін топтастырды.

Bek Air басшысының сұрақтан қашуы

Кеше Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air әуе кемесінің екінші ұшқышын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткен. Оған Мейіржан Молдақұловты ақтық сапарға шығарып салуға достары, әріптестері және туыстарымен қатар, журналистер де қатысқан болатын.

"31-арна" журналисі ұшқышты ақтық сапарға шығарып салуға Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың келгенін байқаған. Сол сәтте ол әуекомпания басшысынан қаза тапқан ұшқыштың отбасына қандай көмек көрсетілетінін сұрамақ болған. Алайда Нұрлан Жұмасұлтанов журналисті итеріп кетіп қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ardaq Kamal (@ardaq.kamal)

Арна тілшісінің сөзінше, ол басында ас бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап беретінін айтқан екен.

2019 жылдың маусымына дейін Жұмасұлтанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс жағдайларды тергеу басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.

"Жынымды келтірмеңізші"

Былтыр желіде ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жариялана бастады. Журналистер вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған, осыған ол ашулана жауап беріп, олардың басқа шараға келгенін түсіндірген.

"Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз маған осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші", - деді Жұманғарин.

Көп өтпей-ақ шенеунік журналистерге айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады. "Мен журналистерге дөрекі сөйлегеніме өкінемін. Менің сөзімнің формасы мен үні қолайсыз болғанын мойындаймын. Сондықтан ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Осы сұхбатта айтылғандай, мен журналистерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайынмын", - деп жазады баспасөз қызметінің өкілдері вице-министрдің сөзін.

"Өзің неге бармадың?"

2017 жылы Мәжіліс депутаты Хабиболла Жақыповтың ұлы сыбайлас жемқорлық айыбы тағылған Қуандық Бишімбаевпен бірге істі болған еді. Бірақ шенеунік ұлының соттарына бармаған. 

Осыған қатысты "31-арнаның" тілшісі Жақыповтан "Кеше сотқа бара алмадыңыз, уақытыңыз болмады ма?" деп сұраған. Жүріп бара жатқан депутат тоқтамай, тілшіге "Өзің неге бармадың?" деп кері сұрақ қойған. 

"Онда басыма шық"

2013 жылы Байқоңырда "Протон-М" зымыраны апатқа ұшырап, Үкіметте шұғыл отырыс өткен еді. "Қазғарыш" ұлттық агенттігінің төрағасы қызметінде болған Талғат Мұсабаев шұғыл отырыстан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беруге шыққан.

Сол сәтте "КТК" телеарнасының журналисі "Қазғарыш" басшысына сұхбат беру үшін қайда тұру керегін нұсқаған. Оның бұл әрекеті Мұсабаевқа ұнамай, журналиске өктем сөйлеп тастады.

"Бұл не өзі? Онда басыма шық! Маған қайда тұру керек екенін көрсететіндей сен кімсің?", - деген еді Мұсабаев.

Ғарышкердің ашулана сөйлеуі желіде қызу талқыланған. Халыққа Талғат Мұсабаевтың бұл әрекеті ұнамай қалған. Кейін "Қазғарыш" басшысы назарды бұл кикілжіңге емес, құлаған зымыранға аудару керек екенін айтып, тағы бір ашуланды.

"Қалағандарыңды жариялаңдар"

Биыл Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваның көпбалалы аналармен дөрекі сөйлескені талқыға түскен еді. Артынша Хабиеваға сол әрекеті үшін қатаң сөгіс жарияланған.

Артынша "Ақ Жайық" тілшісі шенеунікке хабарласып, осы жайтқа қатысты пікірін білгісі келген. Бірақ Хабиева оған қатаң сөгіс жариялануына қатысты пікір білдіруден бас тартыпты.

"Не айтуым керек? Менің пікірім кімге керек? Қалағандарыңды жариялаңдар", - деді шенеунік басылым тілшісіне.

Басылымның мәліметінше, оған қатысты шағымдар осыған дейін де болған екен.

Сотқа жалғасқан шу

Журналиске дөрекілік көрсету бұрыннан бар. 2007 жылы сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың "Эра-ТВ" журналисі Юлия Исаковаға көрсеткен дөрекілігі сотқа жалғасқан.

Президенттің Жолдауын жүзеге асыруға арналған республикалық кеңес кезінде ол тілшіге сұхбат беруден бас тартып, оны бәрінің көзінше залдан қуып жіберген еді.

Сол кезде журналистер шенеунікнің әрекетін сынға алып, отставкаға кетуін талап еткен. Ал "Эра-ТВ" журналисі Ертісбаевты сотқа беріп, моральдық шығын ретінде 1 теңге талап еткен.

Артынша Ертісбаев пен журналист кездесіп, жанжалдың нүктесін қойған. Министр тілшіден кешірім сұраған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети