Жұлдыз FM радиосы бастаған "Бәрі жақсы болады" атты xалықаралық деңгейдегі флешмобқа қазақстандықтар өмірінде болған жақсы жаңалықтарын жолдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұлдыз FM радиосы бастаған "Бәрі жақсы болады" атты xалықаралық деңгейдегі флешмобқа қазақстандықтар өмірінде болған жақсы жаңалықтарын жолдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұлдыз FM радиостанциясы айына бір рет эфирге тұрақты тыңдарманын қонаққа шақырады. Осы жолы студияға Мадина Досымова келді. Ол 4 жыл бойы бала көтере алмай жүрген. Ал енді қуанышты жаңалығын айтып, қонаққа келіп тұр, құрсағына жан бітіпті. Жобаның мақсаты - әркім өміріндегі жетістіктерін, қуанышты жаңалығын айта отырып, адамдарға шабыт, ой сыйлау.
Радиостанцияға хабарласқан тыңдармандардың бірі, Шымкент қаласының тумасы Сандуғаш тікелей эфирде Сымбат атты қарындасының дүниеге келгенін қуана-қуана айтып берді. Сонымен қатар, редакцияға хабарласқан Аружан туған бауырының 9-сынып бітіргенін, оның Қарағандыға оқуға тапсырып, мемлекеттік грант ұтып алғанын айтып, отбасындағы жақсы жаңалығын бөлісті. Оған қоса жақында інісі мен қарындасы дүниеге келіпті, ал Ақтөбе облысындағы әпкесі көптен армандаған пәтер сатып алыпты және 80 жасқа толуына байланысты әжесіне облыс әкімдігі пәтер сыйлапты.
Жоба ERG компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Флешмобқа қатысу үшін өмірде болып жатқан кез келген жағымды жаңалықтарды желілерде бөлісіп отыру керек. Мәселен, баланың дүниеге келуі, үйдің салынуы, жаңа көлік сатып алу, сүйікті актеріңіз ойнайтын жаңа фильмнің шығуы не болмаса жақын адамыңызбен кездесудің өзі жобаның негізгі арқауы.
"Сіздер де тек жақсылыққа, игі істерге шақыратын жобаның қатысушысы болыңыздар! Өздеріңіздің xаттарыңызды "Вконтактедегі" Жұлдыз FM ресми топ парақшасына немесе Instagram желісіндегі ресми парақшасына @zhuldyz.fm жолдай аласыздар", - дейді ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар тікелей эфир нөміріне де xабарласып, өз оқиғаларыңызды бөлісе аласыздар. Тікелей эфир нөмірі: 8 (727) 3 888-101.