РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 января 2022 | 13:50

Ауыл балаларының ойынына комментатор болған жігіт Қазнетті тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде ауыл балаларының ауладағы ойынын спорт комментаторы ретінде жүргізген жігіттің видеосы тарады. Қазнеттегілер видеоны жоғары бағалап, комментаторды мақтап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі видео авторы Тағай Нұралиевпен сөйлесіп, оны қашан және қайда түсіргенін сұрады. 


Желіде ауыл балаларының ауладағы ойынын спорт комментаторы ретінде жүргізген жігіттің видеосы тарады. Қазнеттегілер видеоны жоғары бағалап, комментаторды мақтап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі видео авторы Тағай Нұралиевпен сөйлесіп, оны қашан және қайда түсіргенін сұрады. 

Тағай Нұралиев - Шымкент тұрғыны. Жасы 31-де. Оның айтуынша, Желіде тараған видео осыдан 1,5 жыл бұрын түсірілген.  

"Видеоны Жетісай ауданы Мақталы елді мекенінде түсірдім. Әпкемнің үйіне қыдырып барғанмын, сонда қонақ болдым. Сөйтсем, есік алдында жиендерім, ауылдағы басқа балалар ойнап жатыр екен. Бізде бұл ойынды "Ортаға түс" деп атайды. Мен телефонды қосып, ойынды жүргіздім, кешкісін монтаждап, реттеп, дайындап қойдым. Таяуда сол видеоны жүктегенмін, халыққа ұнады", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?. ?????? (@nuraliev15)

Тағай комментатор болу тосыннан келген идея емес екенін айтады. Бала кезінде футбол комментаторы болуды армандаған.

"Кішкентайымда бұл салаға қатты қызығатынмын, футбол көрсем, комментаторлардың даусына, сөзіне жиі мән беретінмін. Студент кезімде достарым компьютерден футбол ойнап жатса, соны жүргізетінмін. Достарым сол кезде комментаторлық қырыма жоғары баға беретін. Одан кейін жылдар өтіп, карантин режимі басталды, үйден шығуға болмайды. Есік алдында балаларға арналған кішкентай алаң бар, сонда кешкісін балалар ойнап жатады. Ойынын видеоға түсіріп, жүргізіп, Instagram-ға салып жүрдім.

Видео халыққа ұнағанына қуаныштымын. Бүгінде Instagram-да 20-30 шақты осындай видео түсірген шығармын. Көргендер жоғары бағалап жатады. Қазір достарыммен PlayStation ойнауға барсақ, комментатор қызметін атқарамын", - дейді ол. 

Негізі, Тағайды көпшілік жайдарманшы деп біледі. Ұзақ жылдар бойы Жоғары лигада өнер көрсеткен. Кейін телеарналарда жұмыс істеген, бірнеше сериалдың авторы, түрлі жоба, бағдарламаға сценарий жазғанын айтады. Қазір де сол салада жүр.

Тағайдың видеолары желіде тараған кезде қолданушылар оған Qazsport телеарнасына барып, бағын сынап көруді ұсынған. 

"Qazsport-қа бар", "Дайын тұрған комментатор екен", "Ойынды қызық жүргізеді екен, соңына дейін көрдім" деп жазған желі қолданушылары. 

Тағай Нұралиев бұған жауап берді. 

"Әрине, спорт комментаторы болу жаныма жақын дүние. Спортшылардан сұхбат алу, жарыстардан репортаж жүргізу қызық. Ең қызығы - футбол матчтарында комментатор болу. Бұған дейін де, қазір де "Qazsport телеарнасына бар, комментатор бол" деп айтатындар көп. Барып көргенмін. Бірнеше рет комментаторлар іріктеуіне қатыстым. Ешқайсынан хабар болмады. Нәтижесін білмеймін. Тек кейінгі рет барғанда өзім хабарласып, нәтижесін сұрағанмын. Даусыңды шыңыл бар деді олар. Қандай шыңыл екенін түсінбедім. Комментатор ретінде ұнамаған шығармын. Қазір іріктеулерге барғым келмейді", - деді ол. 

Дегенмен, оған комментатор болу бағы бұйырған екен. 

"Бүгінде ресми жұмысым бар. Жергілікті футбол клубында медиа-офицер және комментатор қызметін атқарамын", - дейді Тағай.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети