27 сентября 2019 | 17:29

Атырау облысында белгісіз алып жануардың сүйегіне ұқсас жәдігер табылды

Атырау облысында белгісіз алып жануардың сүйегіне ұқсас жәдігер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында белгісіз алып жануардың сүйегіне ұқсас жәдігер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде қолына беймәлім жануардың жілік сүйегіне ұқсас зат ұстап тұрған адамның суреті жарияланды. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алып жануардың сүйегіне ұқсайтын жәдігер 25 қыркүйекте Есбол ауылы, Қайсағали учаскесі Жайық өзенінің жағасынан табылған. 

Реклама
Реклама

Тауып алған адамның аты-жөні - Досбол Байғалиев. Оның Әлібек Байғалиев есімді ағасы өзен жағасынан сүйекке ұқсас заттың бір ұшы шығып тұрғанын, сол кезде інісінің қазып алғанын айтқан. 

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас маманы Айдос Каримовтың айтуынша, тап қазір Атырауда оны зерттеп ненің сүйегі, қай замандарда өмір сүрген мақұлық екенін айтып бере алатын адамдардың барлығы еліміздің батыс шекарасында экспедициялық жұмыстармен айналысып жатыр.

"Қазан айының басынан бастап облыс аудандарындағы тарихи орындарға шығады. Сол аралыққа сүйектің табылған жері де кіріп отыр", - дейді Айдос Каримов.

Музейі директорының орынбасары Сая Ғазимованың айтуынша, бұл жәдігерді арнайы зерттеу қажет. 

"Біз хабарластық. Суретте қолына ұстаған заттың қайда екенін сұрадық. Тауып алдым дегені муляж болып шығуы да мүмкін. Бірақ егер шын мәнінде алып жануардың сүйегі болып шықса, мұны сенсация деуге болады. Мәселен, біздің өңірде ертеде тіршілік еткен мамонттардың сүйегі табылған", - деп пікір білдірді Ғазимова.

Оның айтуынша, алдағы уақытта облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары алдағы уақытта зерттеуге кіріспек.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram