РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 декабря 2019 | 17:35

Аты қандай, заты қандай: Жаңасаз бен Хантағы атаулары қайдан шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы Жаңасаз ауылы мен Түркістан облысындағы Хантағы ауылы атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы ауылдардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.


Жамбыл облысындағы Жаңасаз ауылы мен Түркістан облысындағы Хантағы ауылы атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы ауылдардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

Жаңасаз ауылы алғашында "Коньзавод" аталған

Жаңасаз - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сазтерек ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Тәуелсіздік алғанға дейін "Коньзавод" аталып келген. Кейіннен еліміз егемендік алғаннан бастап облыс әкімі 1995 жылы 24 қаңтардағы шешімімен ауыл "Жаңасаз" атауын қайта алды.

Ауыл атауы туралы екі түрлі аңыз-әңгіме бар.

Біріншісі, ертеде ауыл жұрты егін егіп, диханшылықпен айналысқан. Талас өзенінен арық тартып жерін суарады. Сол уақыттарда елге жау шауып, халық жерін тастап, құмға көшіп кетеді. Ал арықтың суы байланбай қалып, жерді бірнеше жыл бойы су басып жатады. Жау кеткеннен соң халық қоныстарына қайта келсе, су жайылып жатқан жерге жаңадан саз байланып, бірнеше ұсақ көлдер пайда болған деседі.

Екіншісі, бұрындары жергілікті халық жазда егін егіп, қыста құмға көшіп отырған. Сондай бір жылдары ел қысқы қыстауға көшкенде су молайып, егін еккен жерлерге су жайылып, жаңадан саз пайда болады. Сол көлшіктердің орындары әлі бар екен. Олар - Ояр, Жетімсаз, Шойынбет және Жексенбі көлшіктері. Олардың бұлай аталу себебі сол көлшіктердің жағасында отырған кісілердің аттарымен аталған. Содан халық бұл жерді "Жаңасаз" атап кеткен екен.

"Ажалы қарақұрттан болған"

Хантағы (не Қантағы) - Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 6364 адам тұрады.

Хантағы ауылы атауының шығуы туралы әртүрлі болжамдар мен нұсқалар бар. Ауыл атауы жайлы геолог-картограф Молдияр Серікбайұлы мынадай дерек келтіреді:

"Елді билеген ханның өлімі қарақұрттан болады" деп балгер жұлдызға қарап бал ашып, болашағын болжаған көрінеді. Дәл осы жылдары елде мал да қарақұрттың улы тісінен өлім құшағын жамыла бастайды. Өлімнен қатты қорыққан хан жасағын сайлап, керуен түзеп тау жағасын сая­лап, қарақұрттан қашып Қаратау етегін жайлай қоныс тебеді.


© el.kz

Қарауыл жасақтары күндіз-түні көз ілместен ханды аса сақтықпен "қарақұрт" атты тажалдан қорғай бастайды. Осылай жаз өтеді, күздің күні суыра соққан жел үш күн, үш түн дамылсыз соғып, сақшылардың да есін шығарады. Сарайдан үш күн бойы шықпай қойған хан желдің басылғанын байқап, халықпен жүздесіп, жиын ұйымдастыру мақсатында сыртқа шығып өз тағына келеді.

Хан тағына отыра берген уақытта жел айдап әкелген қарақұрттың баласы ханды шағып, уын тарата бас­тайды. Талай шаңырақты жоқтатып, ханның отбасының бәрін жалмап бітіп, жер жаһанды қанға бөктірген қарақұрт тұзағының өзіне де келгенін білген ханның соңғы сөзі: "Қан тағы…", яғни тағы да қан деген екі-ақ ауыз болса керек".

Осылайша, бұл маңды халық Қантағы немесе Хантағы деп атап кеткен. 

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан?

"Өз өлімін дәл болжаған". Құлсары мен Баршатас атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети