26 июля 2023 | 06:30

"Ашынып біттік". 12 мыңнан аса тұрғыны бар Абай ауылының тұрғындары Алматыға жаяу қатынап жүр

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

12 мыңнан аса халық тұратын Алматының іргесіндегі Абай ауылына бірде-бір қоғамдық көлік қатынамайды. Ауыл шетіне кіретін №11 автобус та біраз күннен бері бағытын өзгерткен. Соның салдарынан қарапайым қараша қалаға такси жалдап қатынауға мәжбүр. Ал тұрғындар "әкімдікке қанша арыздансақ та, мәселеміз он шақты жылдан бері оңды шешілмей келеді" дейді. "Егер ауылға қоғамдық көлік кірмейін болса, жолды жабуға дейін барамыз" деген тұрғындардың мәселесімен Massaget.kz тілшісі танысып келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айта кетейік, материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Ауыл тұрғыны Бибітгүл Иманованың такси күтіп тұрғанына бір сағаттан асқан. Жұмысына асыққан бұқараның жартысы таксимен, ал қалғаны екі шақырым жаяу жүріп Алтын орда көшесіне дейін, ауыл шетіне үш шақырым жол жүріп шығуға мәжбүр.

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

"Кеше таңғы алтыда тұрып аялдамаға келдім. Алайда қоғамдық көлік жоқ. Жұмысқа бару үшін амал жоқ тағы екі шақырым жаяу жүріп Алтын орда көшесіне дейін баруға тура келді. 11-автобустың жүргізушісінен сұрап едім, олар енді Әзербаев көшесімен жүрмейтінін жеткізді. Жалғыз мен ғана емес аялдамада 30-ға тарта адам болды. Таксимен баруға халықтың жағдайы жетпейді", - деді ауыл тұрғыны.

Қоғамдық көлікті күте-күте жалыққан жұрт жол жиегінде такси тоқтатуға мәжбүр. Трассаға дейін кемі 300 теңге төлейді. Бұл да қымбатшылық қысқан халыққа оңай болмай тұр. Баруын барғанымен, ауылға қайта келу қиямет қайым екен. Себебі "Алтын орда" базарына қоғамдық көлікпен келген жұрт Абай ауылына жете алмай әлек болады. Себебі такси жүргізушілері ұзын-сонар кептелісті сылтау етіп, ауылға апармайтын көрінеді.

Айта кетейік, материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram