РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 февраля 2020 | 12:17

"Арнольд Шварценеггер профессорым". Белгілі журналист атақты актермен таныстығы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/gulmira.dairabayeva © facebook.com/gulmira.dairabayeva

Қазақстандық белгілі журналист Гүлмира Дайрабай танымал актер Арнольд Шварценеггермен суретке түсіп, оның шәкірті болғанын айтты. Бұл туралы журналистің өзі Facebook желісіндегі парақшасында жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық белгілі журналист Гүлмира Дайрабай танымал актер Арнольд Шварценеггермен суретке түсіп, оның шәкірті болғанын айтты. Бұл туралы журналистің өзі Facebook желісіндегі парақшасында жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барлығына таныс Арнольд Шварценеггер менің кафедрамның профессоры. Бүгін ол кісінің лекциясы болды. Амандасып қайттым. Арни маған сәтті күн тіледі, суретке түсіп алдым. Аңыз адам ғой. Жасы 72-де. Терминатор, бұрынғы губернатор, қазір менің профессорым. Өмір қызық, арманым орындалсын. Барлықтарңызға бізден SALEМ", - деп жазба қалдырған журналист. 

Арнольд Шварценеггер және Гүлмира Дайрабай © instagram.com/gulmira_dairabaeva

Бүгінде Гүлмира Дайрабай Калифорния штаты, Лос Анджелес қаласындағы оқу орындарының бірінде "Мемлекеттік басқару" факультетінде докторантура бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. 

© instagram.com/gulmira_dairabaeva

Айта кетейік, Гүлмира Дайрабаева 1972 жылы 10 қарашада Алматыда туған. Қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Еңбек жолын 1990 жылы Qazaqstan телеарнасында жүргізуші болып бастаған. Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети