РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 ноября 2018 | 21:06

Анасы мен ұлы ішімдікті жатып ішетін үйдің келіні болдым - Бағдарлама қонағы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ішімдікке салынудың салдары" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ішімдікке салынудың салдары" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында Астананың 52 жастағы тұрғыны Жанат Байсымақов өз оқиғасын баяндап берді. Ол ішімдік ішу арқылы барлық проблемасын ұмытатынын айтады. Қазіргі таңда ол отбасымен ажырасқан, 5 баласымен араласып тұрады екен.

"Болып жатқан мәселелерді ұмыту үшін ішімдікке салынасың. Алайда ес білген кезде бәрібір де ол мәселелер қайтып оралады. Ішімдіктен арылу үшін емшілерге де, нарколог - Кузнецов, Заболотныйларға да бардым. Гипнозбен кодировка да жасаттым. Олардың барлығы уақытша нәрсе. Бір жылдан соң, оның күші біткенде адам ішіп кетсе, мүлдем тоқтай алмайды", - дейді Жанат Байсымақов.

Тәуелділік мәселесі бойынша кеңесші маман, психолог Нұрлан Тұрсынбеков ішімдіктен арылу үшін кешенді ем шараларын жүргізу қажет деп есептейді.

"Дерт болған соң - бұған кешенді ем қабылдау керек. Мұнда бастапқы кезеңде наркологтардың әсері, сосын психологтардың жұмысы қажет. Үшінші кезеңде оңалту процестерінен өтуі тиіс. Адамның әлеуметтік құндылықтарын қайтарып, қайтадан қоғамға қосу қажет. Адамға екі жұмыс істеп, отбасын қамтамасыз етуден гөрі бір шөлмек арақ ішіп, қиындықтарды ұмытқанды жөн көреді. Сол себепті осы мәселені жалпы қоғам болып, кешенді емдеулер арқылы шешуге болады", - дейді Нұрлан Тұрсынбеков.

Гүлнұр есімді қонақ өз оқиғасын жасырын баяндауды ұйғарды. Екі рет отбасын құрған әйел осы ішімдіктің салдарынан опық жегенін айтады.

"Күйеуім ішімдік ішіп, әрдайым "өлтіремін" деп қорқытады. Бұл менің екінші күйеуім. Бірінші күйеуімнің әкесі қайтыс болғаннан кейін жолдасым анасымен бірге ішімдікке салынып кетті. Олар араққа таласып, жанжалдасып та жүретін. Мен ол кезде жас едім, жасым болса 20-да еді. Бастапқыда көмектесейін деп талпындым. Жұмысқа орналастым, үйге қайтып келген уақытта олар мас күйде үйде жататын. Бір бала таптым. Үйде көмір болмай, мен орманға барып балам тоңбасын деп отын жинап келетінмін. Бөтелкелер теріп, ақша қылатынмын. Бірақ бір күні олар мені итше тепкілеп, сабап тастады. Баламды қолыма алуға шама келмеді. Өз үйіме барып, артынша ауруханадан бірақ шықтым", - дейді Гүлнұр. 

Халық емшісі Құралай Тезекбаева қандай жағдайда осы дерттен айығуға болатынын айтып берді.

Сонымен қатар, Құралай Тезекбаева "түнгі уақытта ішімдік сатыла ма?" деген эксперимент жасағанын айтып берді. 

Әнші Нұрлан Әміров ішімдікке қатысты адамдарды үш топқа бөлетінін айтады.

"Бірінші топ - намаз оқитын немесе өздігінен мүлде ішпейтін адамдар. Екінші топ - есін біліп ішетін адамдар, олар той-томалақта не басқа да бір атаулы күндері ғана ұрттап қоятын адамдар тобы. Бұл топқа әртістерді де қосуға болады. Барлығы тап-таза деуге келмейді. Үшінші топ - есінен айырылғанша ішетіндер", - дейді Нұрлан Әміров.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети