Bizben Podcast жобасының кезекті қонағы фактчекер-журналист Думан Смақов болды. Ол жоба жүргізушілерімен фейк және жалған ақпараттар туралы әңгімелесті, сонымен қатар, ауруханаға дер кезінде барудың маңызы туралы сөз етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Фейк пен жалған ақпараттың ара-жігін ажыратып алуымыз керек. Фейк - ол ойдан шығарылған дүние. Трафик жинау үшін, оқырмандар санын көбейту үшін ойдан құрастырылады. Мысалы, Билл Гейтс 5G-ді адамзатты құрту үшін жасап шығарыпты деген ақпарат. Ол ойдан құрастырылған ақпарат. Жалған ақпарат - қандай да бір рас ақпаратты басқаша тарату", - деді Смақов.
Сонымен қатар, ол "ауруханаға барған соң қайтыс болған адам" туралы жиі тарайтын хабарламаларға қатысты пікірін айтты. Фактчекердің сөзінше, көп адам ауруханаға барғанша жағдайын нашарлатып алады.
"Біз коронавирус жұқтырған кезде анамыз да ауырып қалды. Басында есік алдындағы гүлге су қойып, жап-жақсы жүрді. Кешке жақын ентіге бастады. Ауруханаға апарып едік, өкпесінің 25 пайызы зақымданған. 2-3 сағаттан кейін жедел жәрдем алып кетті, тағы да компьютерлік томографияға түсірсе, айналдырған 5-6 сағат ішінде 30 пайыз болып кетіпті. Ол бір күн жүре беруі мүмкін еді, ол кезде одан да жаман болар еді. Амал не, халық оны түсінбейді", - дейді Думан Смақов.
Сондай-ақ, Смақов қазақстандықтар арасында кең тараған "тікұшақпен улау" тұжырымына қатысты пікірін білдірді.