РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 апреля 2019 | 18:49

Алматылық полицейлер жол үстінде толғақ қысқан әйелді босандыруға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам әйелін перзентханаға апара жатқан жерінен (Рысқұлов даңғылының бойында) өзі босандыруына тура келген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда ер адам әйелін перзентханаға апара жатқан жерінен (Рысқұлов даңғылының бойында) өзі босандыруына тура келген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Алматылық Арман Локияев Әлім есімді тұрғын 11 сәуірде кешкі уақытта әйелін перзентханаға апармақ болған. 

"Жедел жәрдемге қоңырау шалдым, тұтқаны ешкім көтере қоймады. Сосын өз көлігіммен шыға берейін деп ойладым. Рысқұлов даңғылының бойымен келе жатқанымда әйелімнің толғағы басталды. Дереу көлікті тоқтатып, өзім босандыруға кірістім. Осы кезде полицейлер жаныма тоқтап, рұқсат етілмеген жерге тоқтағанымды айтты. Жағдайды түсіргенімде, олар дереу сол маңайды жауып, рациямен жедел жәрдем шақыртты. Сағат 17:57-де екінші ұлымды өзім босандырып алдым, құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәрігерлер келгенге дейін барынша көмектесті. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін ұлымды құшақтап отырдым. Дәрігерлер келісімен қажетті шараларды атқарды. Полицейлер дабылымен жедел жәрдем каретасын перзентханаға дейін алып келді. Кинодағыдай болды десем артық етпес", - дейді әке. 


Арман екінші ұлы Әмірені перзентханада шығару кезінде. 

Арман полицейлердің осы әрекетіне разы болып, бей-жай қарамағаны үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізді.  

"Перзентханаға жеткенімізде полицейлерге алғысымды айтып, ақшалай "рақмет" бергенімде олар "оның не?" деп алмай қойды. Абыр-сабыр кезінде екінші ұлымның дүниеге келуіне жәрдемдескен жандардың атын да сұрамаппын. Полиция қызметкерлеріне де, жедел жәрдем бригадасына да отбасымның атынан шексіз алғыс білдіремін. Қызметте өсіп, генерал шенін алуына тілектеспін. Мұндай жандар өсуі керек!", - дейді екі баланың әкесі. 


Арман жары Мадина және ұлы Ханифпен. Сурет жеке мұрағатынан. 

Арман екінші баласының дүниеге келуіне осыншама атсалысамын деп ойламағанын айтады. 

"Бірінші ұлым Ханиф дүниеге келгенде әйелімнің жанында перзентханада болдым. Ол дүниеге келгенде, қуаныштан есімнен айырылып қалғаным да болған. Акушер-гинеколог ұрысып, қуып шыққан. Сол жағдайдан кейін "серіктес босандыруға" қатыспаймын деп шешкенмін. Енді міне, өзім босандырып алдым. Аллаға шүкір, ұлымның дені сау, салмағы - 3450 грамм, бойы - 50 сантиметр. Есімін нағашы атасы мен әжесі Әміре деп қойды", - дейді ол. 


Суреттер автордан

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, полицейлердің есімдері - лейтенант Мадияр Қожағұлов пен сержант Наурызгелді Амангелдиев. 

"Полицейлер 11 сәуірде кешкі сағат алтыларда Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатып, Аэродромный көшесіне жетпей жол бойында көлік маңында ер адамның тұрғанын көрген. Жақындаған кезде, ер адам жағдайын түсіндірген. Полицейлер сол маңайды қоршауға алып, жедел жәрдемді рация арқылы жылдам келуін сұраған. "Айтарлықтай бір ерлік жасамадық" дейді. Қарапайым жігіттер, құқық қорғау органдарында қызмет істеп жүргендеріне кемі бес жыл болды. Тәжірибелі азаматтар, олардың қызмет ететін аудандары күрделірек, өйткені Рысқұлов даңғылымен мыңдаған көлік жүріп жатады", - дейді Салтанат Әзірбек. 


Лейтенант Мадияр Қожағұлов пен сержант Наурызғали Амангелдиев

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети