ПОДЕЛИТЬСЯ
22 июля 2019 | 11:39
Алматылық қыз ұялы телефонына таудан фантастикалық суреттер түсірді
Алматылық Малика Макаримова өткен демалыс күндері тауға шығып, ұялы телефонына найзағайдың суретін түсірген. Өзі жасаған кадрлар жайлы ол Tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық Малика Макаримова өткен демалыс күндері тауға шығып, ұялы телефонына найзағайдың суретін түсірген. Өзі жасаған кадрлар жайлы ол Tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді.
Оның айтуынша, тауға бірінші рет шығыпты. 27 жастағы Малика Көк Жайлауға барып, бір топ досымен түнді ашық аспан астында өткізген екен.
"Бірінші рет шығып отырғандықтан табиғатымыздың сондай сұлу екеніне таңғалдым. Көк Жайлау өте әсем жер, ал түнде қаланы түгелдей көруге болады. Алақандағыдай. Бұл саяхатқа досым шақырған еді. Лашық құрып, тамақтанғанымыз сол еді, ауа райы күрт өзгерді. Қалада найзағай ойнады, біз шеттен бақылап тұрдық. Фантастикалық көрініс болды", - дейді ол.
Осыдан кейін қыз сасып қалмай, қолындағы iPhone-ға найзағай ойнаған сәттен әсерлі кадрлар жасай білген.
"Сұмдық әсер алдық. Жарқ ете қалады да, найзағай ұрады. Мұндай керемет сурет түсіру үшін уақытын дәл табуың керек. Ертегідей кеш болды. Төбемізде ойнаған найзағай саяхатымызға әсерге толы атмосфера сыйлады", - дейді ол.
Сондай-ақ, Малика осындай саяхат ұйымдастырған достарына алғыс айтып, қалалықтарды тауға шығып тұруға шақырды.
Суреттер Малика Макаримовадан
Еске салайық, өткен сенбі күні Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауған еді. Синоптиктер атмосфералық фронттардың еліміздің оңтүстік-шығысына қарай ойысып, нәтижесінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжаған еді. Ал күндіз республиканың оңтүстік облыстарында ыстық болып, ауаның ең жоғары температурасы көбіне плюс 38-45 градусқа жеткен.
Показать комментарии
Читайте также