РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 июля 2019 | 17:48

Алматылық блогер қалай алаяқтарға жем бола жаздағанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/adiya_amanzhol © instagram.com/adiya_amanzhol

Instagram желісінде танымал алматылық блогер Әдия Аманжол алаяқтардың құрбаны бола жаздаған оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Instagram желісінде танымал алматылық блогер Әдия Аманжол алаяқтардың құрбаны бола жаздаған оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

95 мыңнан астам оқырманы бар блогердің айтуынша, алаяқтар оқырманы көбейіп келе жатқан парақшаларға шабуыл жасайды. Олардың түрлі әдісі бар. Солардың бірі - аккаунт иесінің сеніміне кіріп, қызмет ұсыну сылтауымен парақшасын қолды қылу.

"Ондай алаяқтар әдетте біздің электрондық поштамызға Instagram-парақшаны растауға мүмкіндік беретін "белгіні" береміз деп хабарлама жібереді. Бір кездері сондай алаяқтар көп болды. Мен өзім сондай хабарламаға сеніп, жіберген сілтемелер бойынша құпия сөздерді енгізіп, парақшам алаяқтардың қолына түскен болатын", - дейді блогер. 

Абырой болғанда, кейіннен блогер қыз парақшасын түрлі қорғаныс функцияларын қолданып, қайтарып алыпты. Блогер өз кезегінде бұл желіде мұндай хабарламаларға жауап бермейтін болғанын айтады.

"Сондықтан электронды поштаңызға келген күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге өтіп, жауап бермеңіз", - дейді Әдия. 


© pixabay.com

Осы мәселе тұрғысында маркетолог Расул Абдуллаевқа сауал жолдағанымызда ол Әдияның сөзіне қосылып, ондай хабарламаларға сенбеген дұрыс дейді.

"Себебі Instagram әлеуметтік желісі ресми түрде осы секілді хабарламалар жібермейді. Сондай-ақ, Instagram желісінен поштаңызға хабар келген күннің өзінде нақты жіберушіні қарап, тексеріп алу керек. Себебі Instagram-ның ресми хабарлама жіберетін поштасында жіберушінің мекенжайы @instagram.com деп аяқталуы керек", - дейді маркетолог.

Еске салайық, Instagram желісіндегі парақшасынан айырылып қалғандар жетерлік. Олардың бірі әнші Қарақат Әбілдина. Биыл қаңтарда ол парақшасын әлдекімдердің бұзып кіріп, қолды қылғанын айтып, кейін 3 миллион фолловері бар парақшасын қалпына келтіргенін хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети