01 апреля 2020 | 13:24

Алматылық 29 жастағы бизнесмен 50 отбасыға 21 250 теңгеден таратты

Аударылған қаражаттың түбіртектері

Аты-жөнін атағысы келмеген алматылық бизнесмен жағдайы нашар 50 отбасыға 21 250 теңгеден таратты. Бұл туралы журналист Тоқтар Жақаш Facebook желісінде жазды. Tengrinews.kz тілшісіне ол бизнесменнің қайырымды ісі туралы баяндады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аты-жөнін атағысы келмеген алматылық бизнесмен жағдайы нашар 50 отбасыға 21 250 теңгеден таратты. Бұл туралы журналист Тоқтар Жақаш Facebook желісінде жазды. Tengrinews.kz тілшісіне ол бизнесменнің қайырымды ісі туралы баяндады.

Тоқтар Жақаштың айтуынша, бизнесмен Алматыда тұрады. Журналист аударылған қаражаттың түбіртектерін жариялап отыр.

Реклама
Реклама

"Ол - Қытайдан келген оралман бала. Экспорт саласында жұмыс істейді. Жасы 29-да. Қытайдан Алматыға келгенде қалтасында 6-ақ мың теңге болған. Мұнда ешкімді танымаған", - деді ол. 

Көмек берген отбасылардың тізімі Қазақстан бойынша жасақталыпты. Ол осыған дейін де 50-50-ден төртке бөліп алып, 200 отбасыға көмек көрсеткен. Ендігі кезекте тағы да осынша отбасыға көмек беруді жоспарлап отыр екен. Жалпы, журналистің айтуынша, бизнесмен 400 отбасыға көмектесуді қолға алған. 

"ҚБТУ-ға түсіп, студент болып келген. Келгеніне он жылдай болды-ау. Кейін ҚБТУ-ды тастап кеткен. Орысшадан қиналған. Ағылшын, қытай тіліне жетік. Бүгін тағы көмектесіп жатыр. Барлығы 200 отбасы болады. Және алдағы уақытта көмекті жалғастыру жолын тағы қарастырып жатырмын дейді. Бір-екі күнде жалғастыруы мүмкін", - деп қана бөлісті қайырымды жанның мәліметін журналист.

Бизнесмен бұл істі эстафета ретінде басқа да бизнесмендерге жолдап отыр.

Еске салайық, ДСҰ COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты 16 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған еді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 369 адам коронавирус жұқтырған, 3 адам қайтыс болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram