РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 мая 2018 | 16:19

Әлем көз тіккен Гарри ханзада мен Меган Марклдың махаббат хикаясы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гарри ханзада мен Меган Маркл. © Reuters Гарри ханзада мен Меган Маркл. © Reuters

Ұлыбританияда Гарри ханзада мен актриса Меган Марклдың 19 мамырда өткен үйлену тойына бүкіл әлем көз тікті. Әлемдік БАҚ олардың тойын тікелей эфирден көрсетіп, әлеуметтік желілер видео мен суреттерге толды. Қазақстандық оқырмандар мен әлеуметтік желі қолданушылары да бұл тойдың иелеріне қатысты қызығушылық танытып, суреттерді белсенді таратып жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz Гарри ханзада мен Меган Маркл жайлы қызықты деректерді ұсынады.


Ұлыбританияда Гарри ханзада мен актриса Меган Марклдың 19 мамырда өткен үйлену тойына бүкіл әлем көз тікті. Әлемдік БАҚ олардың тойын тікелей эфирден көрсетіп, әлеуметтік желілер видео мен суреттерге толды. Қазақстандық оқырмандар мен әлеуметтік желі қолданушылары да бұл тойдың иелеріне қатысты қызығушылық танытып, суреттерді белсенді таратып жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz Гарри ханзада мен Меган Маркл жайлы қызықты деректерді ұсынады.

Ханзада Генри (Гарри) Уэльскийдің толық аты-жөні - Генри Чарльз Альберт Дэвид Маунтбаттен-Виндзор. Ол 1984 жылы 15 қыркүйекте Лондонда дүниеге келген. Ханзада Чарльз Уэльскийдің бірінші әйелі Диана ханшайымнан туған кенже ұлы және Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның немересі.

Меган Маркл - 1981 жылы 4 тамызда Лос-Анджелесте туған. Ол - америкалық актриса әрі фотомодель. Меганның әкесі жарық түсіру бойынша режиссер, анасы әлеуметтік қызметкер әрі йогадан ұстаз. 

Кеше үйленген ханзада мен актриса қалай танысқан деген сұрақты әлеуметтік желіде көпшілік қойды. БАҚ-тарда жарияланған мәліметтер бойынша, Меганды танымал еткен "Форс-мажоры" телехикасын көрген ханзада актрисаны бірден ұнатып, өмірде жүзбе-жүз танысқысы келген. Айта кетейік, Меган бұл сериалда басты рольде ойнаған. Гарри бір сұхбатында Меганмен кездескен күнге дейін ол жөнінде мүлде естімегенін және оны білмегенін айтқан.

© instagram.com/theroyalfamily

Сонымен қатар, Меган басылымдардың біріне берген сұхбатында Гарримен 2016 жылы шілдеде бірінші рет кездескенін айтты. Олар Меган Лондонда жүргенде жүздескен, ол кездесуді екеуінің ортақ досы ұйымдастырған.

Гарри мен Меганның арасындағы қатынас ұзақ уақыт бойы құпия болып келді. Алайда, бейресми мәліметтер көптеп тарап, кейіннен бұл жұп ресми мәлімдеме жасап, көңіл жарастырғанын жариялады. 

Айта кетейік, Меган 2011 жылы кинорежиссер Тревор Энгельсонға тұрмысқа шығып, 2013 жылы ажырасып кеткен.

Америкалық басылымдарға берген сұхбаттарында актриса ханзадамен арадағы қатынасында ол біраз нәрседен қысылатынын айтқан. Біріншіден, ақсүйектер ортасынан шықпағаны, бұрын тұрмыста болғаны, Гарриден 3 жас үлкендігі және терісінің түсі (оның анасы - афроамерикалық, әкесі - ирланд).

© instagram.com/theroyalfamily

Дегенмен де, бұл жұп некесін қиды. Гарри ханзада мен Меган Маркл үйлену тойына мыңнан аса адам шақырған, бірақ тамақты өздерімен бірге алып келуді ескерткен.


© Reuters

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети