ПОДЕЛИТЬСЯ
28 мая 2019 | 12:25
"Ақшаң бола тұра сұрау қиын". Қазақстандық екі жігіт бір тиынсыз әлем аралауға шықты
Қазақстандық Iлесхан Омархан мен Данияр Сұлтан автостоп арқылы бірнеше мемлекетке барған. Олар Өзбекстан, Ресей, Ингушетия, Шешенстан, Солтүстік Осетия, Дағыстан және Әзірбайжан сынды мемлекеттерге автостоп арқылы тегін саяхаттаған. Автостоп дегеніміз жол-жөнекей кетіп бар жатқан көлікпен бір жерге тегін жетіп алу. Әрине бұл көлік иесінің келісімі арқылы жүзеге асады. Бұл тегін жол жүру түрі өткен ғасырдың басында Еуропада пайда болған екен.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Iлесхан Омархан мен Данияр Сұлтан автостоп арқылы бірнеше мемлекетке барған. Олар Өзбекстан, Ресей, Ингушетия, Шешенстан, Солтүстік Осетия, Дағыстан және Әзірбайжан сынды мемлекеттерге автостоп арқылы тегін саяхаттаған. Автостоп дегеніміз жол-жөнекей кетіп бар жатқан көлікпен бір жерге тегін жетіп алу. Әрине бұл көлік иесінің келісімі арқылы жүзеге асады. Бұл тегін жол жүру түрі өткен ғасырдың басында Еуропада пайда болған екен.
Tengrinews.kz тілшісіне Iлесхан Омархан досы екеуінің автостоп арқылы бірнеше мемлекетке барған саяхаттары туралы баяндады.
Кейіпкеріміз Түркістан облысында дүниеге келген. Ол Даниярмен танысып, екеуі бірге осы жылдың басынан автостоп арқылы саяхаттауды бастаған. Саяхаттаушылардың ең бірінші барған мемлекеті - Өзбекстан.
"Саяхаттау үшін автостопты бекерден-бекер таңдағанымыз жоқ. Ең басты себебі біз адамдарға жақын болғымыз келді. Бір жағынан саяхат барысын көлікте отырып түсірген оңай. Негізі біздің кәсібіміз бар. Бірақ оған қарамастан өзімізге ақшасыз саяхат жасаймыз деген мақсат қойдық. Психологилық тұрғыда көлік жүргізушісінен бір жерге тегін жеткізіп салуды сұрау қиын болды. Оған қоса, жататын орынды да сұрадық. Тіпті тамақ сұраған кезедеріміз болды. Өзімізде ақша бола тұра біз осындайға бардық. Сондай-ақ қазіргі уақытта барлығы ақшаға тірелген деген қалыптасқан көзқарасты жоққа шығарғымыз келді", - дейді ол.
Iлесхан Омархан досы Данияр Сұлтанмен
Ілесхан автостоппен жеткізуді сұраған кезде жүргізушілердің қандай әсерде болатынын айтты.
"Жолда әртүрлі жүргізушілер кездеседі. Апармаймыз дейтіндер де, таксилер де болған. Бірақ "баратын жеріміз бір, алып кетейін және жай ғана көмектесемін" деушілер бар. Ондай адамдар бірден кездеспеуі мүмкін. Біз ондай жүргізушіні 1, 2 сағат кейде 5 сағат та күткен кездеріміз болды", - дейді ол.
Iлесхан Омархан елімізде автостоп мәдениеті қалыптаспағанын айтады. Оның айтуынша, жүргізушілер оның не екенін білмейді. Яғни тоқтатқан жүргізушілердің 80 пайызы автостопты білмейді. Есесіне оны шетелге шығып жүрген адамдар біледі екен. Сондай-ақ кейіпкеріміз кейбір адамдар мейірім танытып, құдайдан қайтады деп жеткізіп салады дейді.
"Бұл тек біздің елімізге қатысты емес, Өзбекстанда да жастар автостопты білмейді. Онда жасы үлкен адамдардың кейбірі біледі. Әзірбайжанда да ұқсас жағдай. Онда тегін жеткізіп салу деген ұғым жоқ. Ал Ресей ішіндегі республикаларда да автостоп арқылы керек жерге жетуге мүмкіндік бар", - дейді ол.
Кейіпкеріміз жол жүру барысында түрлі қызықты жағдайлар болатынын айтады. Тегін жеткізіп салушылардың арасында мейірімді адамдар да кездеседі. Осындай бір оқиға Ілесханды таңғалдырған.
"Біз Ресей мен Грузия арасындағы шекарада көлік тоқтатып тұрдық. Шекараны жаяу өтуге тыйым салынған еді. Көп жүргізуші бізді жеткізіп салғысы келмеді. Себебі шекарада әрбір адам кезекте тұрып тексерістен өтуі тиіс. Бірақ бізді автостоппен жеткізіп салуға келіскен Давид есімді жүргізуші шекарада бізді 4 сағат күтті. Сөйтіп бізді діттеген жерімізге жеткізіп салды", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПутешествие без денег Главная наша мотивационная речь в туре - “это в вашей голове такая реальность” Эти слова звучали очень часто в момент когда мы колебались и не решались действовать уже прогнозируя результат ( отказ ). Из 30-60 человек один нас подвозил, давал приют и ночлег. Я был из ряда людей которые не умеют просить, считая это слабостью. Но поездка меня изменила ) Лично я приобрёл массу навыков : - Счастье в простом ) ( кара су ), кучу незабываемых эмоций - Много искренних друзей в Узб - Лучший тренинг по общений и закалки к отказам ???????? - Ещё 3 кг мышечной массы отсалось в Узбекистане - Вот и наш первый блог на ютуб канале Shar like (ссылка в профиле) герои тура ) @kasipker_zholy и я ) Путешествие в тысячу миль начинается именно с первого шага. У нас с первой газели ???? который довёз нас до Шымкента #путешествиебезденег #саяхат0тенге #бичтур #акшасызсаяхат
Публикация от Khan Leskhan (@leskhan) 11 Мар 2019 в 9:07 PDT
Ілесханның сөзінше, досы екеуі саяхаттаудың шығыны көп болатынын алдын-ала есептеп, басқа жолдарын іздей бастаған. Сөйтіп, ғаламтордан автостоп арқылы елдерді аралап жүрген жиһанкездерді көрген. Автостоп қызметін әрдайым пайдаланып жүрген адамдармен де кеңескен.
"Автостопты пайдаланудың өз қыр-сырлары бар. Былайша айтсақ, біз маркетингтік әдістерді қолдана бастадық. Тоқтаған жүргізушіге мені "мына жерге жеткізесіз бе?" дегеннен көрі "біз Қазақстаннан келген саяхатшымыз, автостоп арқылы саяхаттап жүрміз. Осы елді ішінен көргіміз келеді, мәдениетімен танысқымыз келіп жүр" десек жақсы әсер беретін. Сондай-ақ жүргізушіге бірге жол жүру қызық өтеді деп те айтатынбыз. Негізі автостопты пайдаланғысы келетіндер екі адам болып жүргені қауіпсіз. Бірақ бір адамға жеткізіп салуға адамдар тез келіседі, оған қарамастан, ол қауіпті болуы мүмкін. Себебі жүргізушелердің арасынан әртүрлі адамдар кездесуі мүмкін", - дейді ол.
Саяхатшы Алматыдан Өзбесктанға автостоп арқылы қалай жеткенін айтып берді. Яғни олар жүргізушілерге ақша төлемей, Ташкентке жол жүріп барған.
"Біз Алматыдан Шымкентке дейін автостоп арқылы жеттік. Жол бойында Шымкентке дейін тегін жеткізуге келіскен жүргізуші бір сағаттан кейін ғана кездесті. Жолда түстеніп алдық, кейін түнгі сағат 10-ға таяу Ақсукентке жеттік, онда тегін түнейтін жер де тауып алдық. Қиын болған жоқ, тек сондағы адамдарға тегін саяхаттап жүргенімізді түсіндірдік, бізге жатуға үй тауып бергендер табылды. Ал ертесіне Ақсукенттен автостоп арқылы сағат 11.35-те Шымкентте болдық. Ол жақтан Өзбекстанға шекаралас Жібек жолы ауылына дейін де автостоп арқылы жеттік, ары қарай Ташкентке жол жүрдік", - дейді кейіпкеріміз.
Ілесханның сөзінше, енді олар Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Америкаға және Еуропа елдеріне автостоп арқылы саяхаттауды жоспарлап жатыр.
Iлесхан Омархан мен Данияр Сұлтан әлемді аралап, саяхаттайтынын видеоға түсіріп, влог жүргізеді.
Показать комментарии
Читайте также