РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 августа 2019 | 15:09

Ақша айырбастаудың жаңа ережелері: Ұлттық банк түсіндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 тамыз Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын қысқаратындығы туралы хабарлаған. Қаулы жобасы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған. Ұлттық банк өкілдері дәл сол күні айырбастау пунктінің қызметін қолданған адамдардың аты-жөні жазылатыны туралы да мәлімдеді. Айырбастау пунктінің жұмыс уақыты не үшін қысқарады? Пункт қызметін қолданған адамдар туралы мәліметті не үшін жазып алады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.


6 тамыз Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын қысқаратындығы туралы хабарлаған. Қаулы жобасы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған. Ұлттық банк өкілдері дәл сол күні айырбастау пунктінің қызметін қолданған адамдардың аты-жөні жазылатыны туралы да мәлімдеді. Айырбастау пунктінің жұмыс уақыты не үшін қысқарады? Пункт қызметін қолданған адамдар туралы мәліметті не үшін жазып алады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Ұлттық банк өкілдері айырбастау пунктінің жұмыс уақытының өзгеруіне тиісті заң тармағын атап өткен. "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Заңның 5-тарау 33-2-тармағында "Айырбастау пунктінің жұмыс уақытын (автоматтандырылған айырбастау пункті) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге құқығы бар заңды тұлға, 10 сағат 00 минут пен 19 сағат 00 минутқа дейінгі аралықта анықтай алады" делінген. 

Осы өзгеріске байланысты сарапшы мамандар да өз пікірін білдірген. Экономист Алмас Чукинның  айырбастау пунктінің жұмыс уақытының өзгеруі теңге бағамына да әсер етуі мүмкін екенін айтқан. 

"Кеденде "толық тексеру" деген түсінік бар. Яғни олар жүкті егжей-тегжейлі тексеріп шығады. Оның бәрі ұзақ уақытты алады. Демек, айырбастау пункттерінде де солай болады. Клиенттердің 99,9 пайызы қауіпті адам болмаса да олар біраз құжат толтыруы керек болады. Олар жәй ғана ақшаны айырбастауға не сатуға келген адамдар. Бұл жай ғана мағынасыз бюрократия деген сөз", - деді сарапшы Алмас Чукин.

Ал сарапшы Арман Байғановтың сөзінше, айырбастау пунктіне төлқұжат туралы мәліметтерді қалдыру бұрын да болған. Алайда ол кезде әңгіме көлемді сомма туралы болған екен. 

"Біз жүйені оңтайландыруға, жеңілдетуге тырысамыз, нәтижесінде жаңа бюрократиялық өзгеріс болып шығады. 19:00-ге дейін жұмыс уақыты өте ыңғайсыз деп ойлаймын. Мысалы туристтер кеш ұшып келіп не кәсіпкерге шұғыл ақша айырбастау керек болса не болады? Тіпті қарапайым халық та жұмыстан кейін үлгермейді ғой. Нәтижесінде үлкен кезек пайда болады", - деген еді сарапшы маман. 

Заң бойынша автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы айырбастау операциясының бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңгеден аспауы керек делінген. 

Жаңа өзгерістер бойынша елордалық айырбастау пунктінің иесі Айгүл Салыбекова өз ойын білдірген. Оның ойынша, мұндай өзгерістер енгізбестен бұрын арнайы зерттеу жүргізу қажет екен. 

"Бұл қандай жаңа ереже және оны кім ұсынғанын түсіне алмай отырмыз. Жаңадан ереже қабылдамастан бұрын оны зерттеп, анализ жүргізіп, талқылау керек қой. Ережені қабылдай салды. Олай болмайды ғой", - деген екен Айгүл Салыбекова. 

Айырбастау пунктінің иелері жаңа жұмыс уақытымен келіспеген көрінеді. Жұмыс уақытының өзгеруі кадрлар санын қысқартуға әкеліп соғатын көрінеді. 

Астаналық кәсіпкердің сөзінше, жаңа ереже ірі айырбастау пункттеріне тиімді екен. Себебі, бәсекелестерімен күресіп, нарықтың көп бөлігін өздеріне қаратып алуға мүмкіндіктері болатын көрінеді. 

Артынша жаңа ережеге қатысты ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Галиева пікір білдірген. Оный айтуынша, Ұлттық банк мамандары жаңа ережегі қатысты алдын ала талқылау жасайды екен. 

"Жаңа ережеге қатысты айтатын болсақ, Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесі жұмыс әістейтініне бастаған жөн. Қаржы қызметтерін ұсынатын барлық ұйымдар, соның ішінде айырбастау пункттері қаржылық мониторингтен өтеді. Атап айтқанда, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңда айырбастау пункттерінің шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны сатып алу, сату және айырбастау кезінде клиенттерге тиісті тексерулер жүргізу міндеттілігі бекітілген, оның негізгі мәні клиент туралы ақпаратты есепке алу болып табылады", - деп мәлімдеген Дина Галиева. 

Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс кестесін реттеу әлемдік тәжірибе екенін атап өткен. 

"Италия, БАӘ, Тайлан және Польша және тағы басқа елдерде айырбастау пунктінің жұмыс уақыты күндізгі режиммен шектеледі (19:00-20:00). Ондай режим жергілікті халық пен айырбастау пункттерінің қауіпсіздігі үшін белгіленген", - деді Дина Галиева.

Ал бүгін 29 тамызда ұлттық банк төрағасының тағы бір орынбасары Олег Смоляков айырбастау пункттерінде қазақстандық туралы мәліметтің не үшін жаззылатынын түсіндірді. 

"Банк арқылы іскерлік операцияларды жүргізу кезінде деректер толық жазылады. Ақшаны жылыстау бойынша әлемдік тәжірибеге қарасаңыз қаражат ұсақталып кету қауіпі бар. Үлкен қаражат ақшаны жылыстыруға қарсы іс-қимыл туралы заң әрекетіне еніп, сіз айырбастау пунктіне бернеше рет келуіңіз мүмкін", - дейді төраға орынбасары.

Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілі айырбастау пунктіндегі жұмыс уақытының қысқаруын да түсіндірді. 

"Айырбастау пункттеріне қойылатын талаптарды қатайтудың әр қадамымен қара нарықтың пайда болуы туралы сұрақ туындайды, бірақ, бізде бұл нарық жоқ. Мүмкін, бұл басқа валюталық сұраныс немесе ұсыныс болмаса, болар еді. Қазір тәулік бойы жұмыс істейтін мультивалюталық банк банкоматтары бар ғой. Біз өркениетті нарықты қолдаймыз, сондықтан барлық талап орындалуы қажет. ", - деді төраға орынбасары. 

Олег Смоляковтың айтуынша, жаңа ереже әлі де талқылау үстінде екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети