РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 ноября 2020 | 16:06

Ақ киізге отырғызып, нан ұстату. Этнограф қыз ұзату дәстүрінің бұзылып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ келіні. Жетісу облысы, Лепсі уезі, 1898 жыл Қазақ келіні. Жетісу облысы, Лепсі уезі, 1898 жыл

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде қыздарды біреуін ақ киізге салып, енді бірінің қолына нан қыстырып ұзатып жатқан видеолар тарап кетті. Желі қолданушылары мұндай дәстүрді көріп, таңданыстарын жасырмады. Мұндай дәстүрлер қазақтың әдет-ғұрпында бұрыннан бар ма? Жалпы қазақта қыз ұзату дәстүрі әдетте қалай өтеді? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне түсіндіріп берді. 


Соңғы кездері әлеуметтік желілерде қыздарды біреуін ақ киізге салып, енді бірінің қолына нан қыстырып ұзатып жатқан видеолар тарап кетті. Желі қолданушылары мұндай дәстүрді көріп, таңданыстарын жасырмады. Мұндай дәстүрлер қазақтың әдет-ғұрпында бұрыннан бар ма? Жалпы қазақта қыз ұзату дәстүрі әдетте қалай өтеді? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне түсіндіріп берді. 

Ең әуелі, Болат Бопайұлы қазақ қызды қалай ұзатқанын түсіндіріп берді.  

"Ежелде қазақтың қыз ұзату, келін түсіру салтында жігіт пен қыз сөз байласқаннан кейін жігіт жақ құдалар алдымен қыз жаққа жаушы жібереді. Содан кейін құда сөйлесіп барады. Одан кейін орын жүргізіп, үкі тағады. Артынша қыздың қолын сұрап, от жаққан жерді көреді. Ең соңында қызды ұзату тойын жасап, сәтті бір күнді белгілейді. Сөйтіп қыз сыңсу, жар-жар айтады. Көшпенді замандарда қызды ақ боз атқа әдемі күміс ер тоқыммен жабдықталған атқа мінгізіп ұзататын. Қыз ұзатылып келе жатқан кезде алдынан жігіт жақтың жеңгелері мен жезделері шығып, қызды қарсы алады. Күйеужігітті жезделері, жолдастары қарсы алады. Содан кейін қыздың бетін ашып, некесін қиып, тойын жасайтын", - дейді этнограф. 

Әлеуметтік желіде ер адамдар қалыңдықты ақ киізге көтеріп, алып бара жатқан видео тарады. Маман қазақтың салтында мұндай дәстүр болмағанын айтады. 

"Қазақ дәстүрінде қызды ақ киізге отырғызып ұзату дәстүрі болмаған. Ежелгі заманда ақ киізге хандарды отырғызып, сайлайтын. Қазіргі заманда қыздарын ханға балаған қалыңдықты ақ киізге отырғызып ұзататын болған", - деп түсіндірді этнограф.

Этнографтың сөзінше, қалыңдықтың екі қолына нан ұстатып, нан тістетіп ұзату деген дәстүр де болмаған. Қыздың қоржынына түрлі киімдер, сырға, жүзіктер, бағалы заттар мен киіттер салынады.

"Сонымен қатар, құрт, бауырсақ, ірімшек секілді тағамдар түйеді. Ол тойдың шашуы ретінде қоржынды шашқан адамдар алатын тәтті, дәмділер. Қыздың қолына нан ұстатып ұзатпайды. Сондықтан бұл қазіргі замандағы хайп жасап жүргендердің әрекеті болуы керек. Қазақтың ұлы тарихындағы, дәстүрі мен салтында қыздың орнын, жолын өте жоғары бағалаған. Қыздың жолы жіңішке деп қараған. Сондықтан қызға нан ұстатып ұзату көзге ерсі көрінеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың дәстүрін бұзудың қажеті жоқ", - дейді маман. 

Болат Бопайұлы қазақ қызды өте жоғары бағалағанын айтады. Қызды қырық үйден тыйып, ақыл-есін бойына жиып, әдепті, иманды, ибалы, арлы, парасатты келін болуға болашақ ана деп тәрбиелеп өсірген. Сондықтан, этнографтың айтуынша, қазақтың дәстүрі бойынша қызды сыңсу, жар-жар айтып, ақ батасын беріп, бетін ашып, дәстүрді сақтап ұзатсақ содан артық дәстүр жоқ.

"Салт бұзылса, біздің халықтың берекесі, ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібі, тәрбиесі бұзылады. Қызды төрге отырғызу, қызды құрметтеп, сыйлау қыздың болашақ ана екенін тану - қазақ халқының ежелгі дәстүрінде бекем орын алған. Дәстүрімізді бұзбайық, салтымызды сақтайық. Бір дәстүрдің өзі бір ұлтты сақтап қалу деуге болады. Бабалардың жолын бүгінгі ұрпақ жалғастыруы керек. Бұрын қызға құда түскенде де жеті атасына, тегіне, ауылы мен жұртына назар аударған. Айтарымыз - хайп жасаймыз деп қазақтың дәстүрін бұзудан сақ болайық", - дейді этнограф. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети