РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 ноября 2023 | 09:45

70 жастағы ШҚО тұрғыны 50 жылдан бері қолдан сабын дайындап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

ШҚО-дағы Қайнар ауылында тұратын Бибәтима Ыбырайхан 70-ке таяса да, қол қусырып отыру дегенді білмейді. Ол сақардан сабын жасап, табыс тауып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


ШҚО-дағы Қайнар ауылында тұратын Бибәтима Ыбырайхан 70-ке таяса да, қол қусырып отыру дегенді білмейді. Ол сақардан сабын жасап, табыс тауып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Өзінің айтуынша, сабын әзірлеуге алабота шөбі қолданылады. Алдымен соны шауып, жеткілікті етіп жинайды. Сосын өртеп, күлін суға қайнатады. Қазір алпыстың жетеуін толтырса да, құрамын дайындауда жаңылысқан емес. Ал күлді суға қайнату нәтижесінде ақ ұнтақ пайда болады, соны сақар дейді. Оған қой немесе сиыр майын қосып, бір сағаттай қайнатады.

"Бұдан соң қалыпқа салып қатырамыз. Сақардың жасалуы осылай. Табиғи таза өнім болғандықтан емдік қасиеті мол. Айталық, жаңа туған сәбиді қырқынан шыққанша сабын қосылған суға шомылдырса, көптеген ауру-сырқаудың алдын алуға болады", - деді ол.

Бибәтима Ыбырайхан сабын жасаудың бұл әдісін өзінің анасынан үйренген. Зайсан ауданының тумасы ол кезде 16 жаста болды.

Ал ыстығы көтерілген нәресте сауығып кетуі үшін сақар сабынды құлағына, шекесіне, өкпесіне жаққан дұрыс. Кейбір адамның шашы түсіп, басы жиі қышиды. Бибәтима әженің сөзінше, осы сабынмен жиі жуса ем. Безеу мен түрлі жараларға да жарайтын көрінеді. Оны жасауға кететін уақыт - екі сағат.

"Сабынды тапсырысқа байланысты жасап тұрамын. Жарнама жасаған емеспін. Кейбірі мал жарасы үшін пайдаланады. Қазір бір сабын 2000 теңге, егер 30-дан артық алса, 1500 теңгеден сатамын. Май да қымбаттады, соған байланысты бағаны көтердім. Тапсырыс көбінде Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларынан түседі", - деді 70-ке таяған әже.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бибәтима Ыбырайхан бүгінде 9 баладан 24 немере, 2 шөбере сүйіп отыр. Құдай қуат берсе, осы ісін жалғастыруға ниетті. Бұл үшін өзінің қос ұлы көмек қолын созады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети