27 января 2020 | 18:18

"7 сағатта 10 миллион теңге". Блогер оқырмандарымен бірге көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Қазақстандық блогер Дәулет Төлеутайұлы оқырмандарымен бірігіп, Алматы облысы Ұзынағаш ауылында тұратын көпбалалы отбасыға баспана алып берді. Блогердің айтуынша, қажетті сома 7 сағаттың ішінде жиналған. Tengrinews.kz тілшісі Дәулет Төлеутайұлымен әңгімелесіп, отбасын қалай тапқанын және ақшаның қалай жиналғанын айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық блогер Дәулет Төлеутайұлы оқырмандарымен бірігіп, Алматы облысы Ұзынағаш ауылында тұратын көпбалалы отбасыға баспана алып берді. Блогердің айтуынша, қажетті сома 7 сағаттың ішінде жиналған. Tengrinews.kz тілшісі Дәулет Төлеутайұлымен әңгімелесіп, отбасын қалай тапқанын және ақшаның қалай жиналғанын айтып берді.

Ерқанат пен Гүлзат бүгінде алты бала тәрбиелеп отыр. Отбасы Ұзынағаш ауылында 18 шаршы метр үйді паналап отырған. 2014 жылы туған Іңкәр есімді қызына гидроцефалия диагнозы қойылған.

Реклама
Реклама

Бұл отбасының ауыр халде жүргенін учаскелік дәрігері Бигүл блогерге баяндап берген.

"Отбасының жағдайын айтып, Instagram желісіндегі парақшама жарияладым. Жұма күні салып, "Сағат түнгі 12-ге дейін баланың еміне не баспана алуға ақша жинайық. 18 шаршы метрде 8 адам тұрмауы керек" деп жазғанмын. Ол кезде өз реквизитімді қойғанмын. Сөйтіп, картама үсті-үстінен ақша түсе бастады. Сол кезде бір шаруаммен телефонды өшіріп тастағанмын. Түсірілім болды. Кейін телефонымды қоссам, SMS-пен "бомба жарылғандай" болды. Бір уақытта қарасам, 3 миллион, кейін 7 миллион теңге жиналды", - дейді Дәулет.

Үй блогерінің айтуынша, оның оқырмандары 7 сағаттың ішінде 10 миллион 100 мың теңгедей қаражат жинап берген.

"Шынымды айтсам, басында шошып кеттім. Бұл ақшаның бәрін не істеймін деп ойладым. Сол кезде оқырмандарыма ақшаның жеткілікті екенін айтып, жазба жарияладым", - дейді ол.

Отбасыға көмектесу үшін 100 теңге жібергендер де, 20 мың теңге жібергендер де бар екен.

"Бір адамнан ең көп түскен қаражатты санамаппын. Біреулер 100 теңге жіберді, 1000 теңге, 5 мың теңге жібергендер бар. Бір оқырманым 20 мың теңге жіберді. Орта есеппен бір адам мың теңгеден жіберді деп есептесек, бұл отбасыға үй алу үшін 10 мың адам атсалысты деуге болады", - дейді Төлеутайұлы.

Жиналғаннан 10 миллион теңгеден аса қаражатқа блогер мен оның еріктілері Ұзынағаштан отбасыға үй сатып әперген.


Көп балалы отбасыға сыйланған жаңа баспана

"Үйді өзім таңдаған жоқпын. Мен таңдасам, Алматыдан әперуші едім. Қолым босамады. Маған көмектесіп жүрген еріктілер бар. Күлбибі, Бақыт тәте, Жандарбек секілді еріктілер көп атсалысты, оларға рақмет. Кейбірі зейнеттегі кісілер. Солар менсіз-ақ үйді таңдап, сату-сатып алу шартын жасасты. Бастысы, сол адамдарға сенемін. Ақшаны мына жақтан аударып отырдым, олар сол шаруамен айналыса берді", - дейді блогер.


Жаңа баспананың бөлмелері

Жаңа баспананың құны - 7,5 миллион теңге.

"Өткен демалыста үйдің иесіне ақшаны аудардым. Бүгін сату-сатып алу шарты жасалды. Үйдің негізгі бағасы - 7,5 миллион теңге. Ақшаны шешкенім үшін банк комиссиясы, сату-сатып алу шартының ақшасы, көлік жүргізушілерінің бензиніне ұсақ-түйек ақша кетті. Дәл қазір 2,5 миллион теңгедей қалды. Іңкәрдің емін республикалық деңгейде тексеру үшін Нұр-Сұлтанға барғалы жатыр. Отбасы баспаналы болды, ендігі бағыт - Іңкәрдің емі", - дейді Дәулет.

Үйдің бұрынғы қожайындары жиһаздың бәрін қалдырып кеткен. Қазір алты балалы отбасы 104 шаршы метр үйде тұрып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жұбайы қайтыс болып, төрт баламен жалғыз қалған әкенің оқиғасы қазақстандықтарды жылатты

"Гүлжахан босанды". Контейнерде тұрып жатқан отбасыға блогер оқырмандарымен бірге үй сыйлады


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram