ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сентября 2021 | 17:10
30 миллион оқырманы бар тиктокер неге қайғылы фильмге түскісі келетінін айтты
TikTok-та Homm9k атымен танымал, 30 миллион оқырманы бар Алина Ким "Жетінші арнадағы" "Оян, Қазақстан" бағдарламасына алдағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
TikTok-та Homm9k атымен танымал, 30 миллион оқырманы бар Алина Ким "Жетінші арнадағы" "Оян, Қазақстан" бағдарламасына алдағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде TikTоk әлеуметтік желісінде "Хомяк" лақапатымен танымал 18 жастағы алматылық Алина Ким ТМД елдеріндегі ең танымал тиктокер қыз атанып отыр. Оған 30,4 миллионнан аса адам жазылған, олардың ішінде ТМД тұрғындары ғана емес, сонымен қатар, шетелдік жанкүйерлер де бар.
Тиктокер келесі жылы режиссура мамандығы бойынша АҚШ-тағы оқу орындарының біріне түскісі келетінін айтты. Сол үшін ол қазір ағылшын тілін меңгеріп жүр екен. Ал актер мамандығына түсуді шешсе Мәскеуді таңдап отырғанын айтты.
Сондай-ақ, Алина актриса болып фильмге түсуге мүмкіндік туса, ол көңілді, жағымды рольден гөрі, депрессив образды сомдағысы келетінін жасырмады. Тек позитив контент жасайтын желі белсендісінің бұл таңдауына не себеп?
"Жайлы аймақтан шығып, өзімді қайғылы жағымнан көрсеткім келеді. Драма, мелодрама, мектеп туралы, жасөспірімдерге арналған бір қайғылы фильм елестейді", - дейді ол.
Показать комментарии
Читайте также