РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 ноября 2021 | 14:10

"12,5 миллион жиналды". Үй төбесіне тауық қора салған ақтаулыққа блогер баспана сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Дәулет Төлеутайұлы Фото: Дәулет Төлеутайұлы

Блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) оқырмандарымен Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға баспана алып берді. Сүйінші хабарды блогер Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 


Блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) оқырмандарымен Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға баспана алып берді. Сүйінші хабарды блогер Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

"Сүйінші, қазақ елі! Бастаған ісімді соңына дейін бітірейін деп, арнайы Ақтауға тағы келдім. Рүстем мырза естеріңізде ғой? Сәрсенбінің сәттісінде Дәулетті оқырмандар алған 41-інші баспананың кілтін өз қолыммен табыстадым. Мұнайлы ауданы, Батыр ауылынан 20 сотық жерімен үй алып бердік. Барлық қайырымды жанға мың алғыс. Әрқайсыңыз мен үшін бір төбесіздер. Сүрінгенде бір қазақ, сүйеу болған, демеу болған мың қазақ", - дейді блогер. 

Блогердің сөзінше, жалпы 12,5 миллион теңге жиналған. 

"Бірақ қалған ақшаға дүкен, қора салып береміз. Үйді сатқан адам менің оқырманым екен. Ол үйде жиһазын қалдырып кетті", - дейді блогер. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ер адам алты баласын асырау үшін 12-шағынаудандағы он қабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алғаны хабарланған. Тауық қора салу идеясы Русланға бір айдан аса уақыт бұрын келген. Оның себебі - азық-түліктің қымбаттауы. Шатырдың кілтін ПИК-тен алған. Ол тек құстармен шектелмей, қоян да асыраған. Бұл үшін оған 65 мың теңге айыппұл салынған. Артынша қазақстандықтар ақтаулыққа көмектесе бастады. Оның ішінде, кәсіпкер Сырымбек Тау, блогер Дәулет Төлеутайұлы да бар. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети