Астаналық Әсет Тынымбай елдегі ерекше тиындарды жинаумен айналысады. Жақында оның "100 теңгені 20 мың теңгеге сатып аламын" деген видеосы қызу талқыға түскен болатын. Massaget.kz тілшісі видео авторымен байланысып, ерекше хоббиі туралы сұрады.
Астаналық Әсет Тынымбай елдегі ерекше тиындарды жинаумен айналысады. Жақында оның "100 теңгені 20 мың теңгеге сатып аламын" деген видеосы қызу талқыға түскен болатын. Massaget.kz тілшісі видео авторымен байланысып, ерекше хоббиі туралы сұрады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Әсеттің 100 теңгені 20 мың теңгеге сатып алатыны туралы видеосы 500 мыңға жуық қаралым жинап, 400-ден аса пікір жазылған. Видео авторы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 2021 жылы шығарылған тиынды 20 мың теңгеге сатып алатынын айтады.
@asset.tynymbay ♬ original sound - TA
Тіпті пікір жазғандардың арасында сауда-саттық басталып кеткен.
"Жеті қазына" сериясын қаншаға аласың?"
"Сақ стилі бар, ол қанша?"
"Қошқар бейнеленген тиын бар, 5 мыңға сатамын", - дейді пікір жазған қолданушылар.
Әсет әлеуметтік желіде сатып аламын деп шығарған тиын банктен әлі шықпаған.
"Сондықтан оны сатып аламын деп жария еттім. Видеодан кейін хабарласқан адамдар бар. Іздеген тиынымды таптым. Оны алдым", - дейді ол.
@asset.tynymbay ♬ Arabica (Egyptian Oriental Music) - Bayoumi
Әсеттің сөзінше, ол бала кезінен шетелдік айналымда жүрген тиындарды жинайтын.
"Ал Қазақстан теңгелерін 2020 жылдан бастап жинай бастадым. Оған дейін Қазақстанның өзінің төл теңгелері барын білмеген едім. Менің теңге, тиындарды жинай бастағаныма үш жылдай ғана болды. Ол әрине аз. Мықты коллекционерлер 10-15 жыл жинайды. Әзірге жинағым көп деуге де, аз деуге де келмес, орташа.
Ұлттық банк әртүрлі серия бойынша, мерейтойлар, қазақтың танымал тұлғаларына қатысты шығарған тиындарын жинаймын. Нумизматтар бір-бірімен алмасып, жиналады, сол кезде ерекше тиындарды сатып алуға болады", - дейді Әсет.
@asset.tynymbay ♬ Arabica (Egyptian Oriental Music) - Bayoumi
Әсет жалпы бағаны коллекционердің өзі қоятынын айтады. Біреулер менен қымбат беруі мүмкін.
"Сирек кездесетін, ақауы бар, дұрыс басылмай қалған тиындар да болады. Нумизматтар соларды жинағандарды жақсы көреді. Ерекше тиындарымның ішінде: үш металлдың қоспасынан - күміс пен алтын жалатылған, гауһар тасы бар жасалғаны бар, олар уақыт өте келе таралымына байланысты қымбаттай береді", - дейді коллекционер.
@asset.tynymbay ♬ اديل ريمكس مصري - Osama?Aslan
Әсет шетел ақшаларына көп қызықпайтынын атап өтті.
"Өзіміздің тиынға қызығып, жинай бастадым. Себебі салт-дүстүр, хандарға арнап шығарған қызық тиындар бар. Мысалы 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына Керей мен Жәнібек бейнеленген тиындар бар", - дейді ол.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.