РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 июля 2021 | 17:06

Токио Олимпиадасының жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі? Министр жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters ©Reuters

Токио Олимпиадасында алтын медаль алған спортшыларға 250 мың доллардан беріледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Токио Олимпиадасында алтын медаль алған спортшыларға 250 мың доллардан беріледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Үкімет жарлығымен 2020 жылы Олимпиада жеңімпаздары мен олардың бапкерлеріне арналған әр спорт түрінен сыйақы мөлшері бойынша ереже қабылданған болатын. Осы ережеге сәйкес, бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллардан беріледі. 

Бапкерлерге берілетін төлемақының 10 пайызы сол спортшыны алғаш тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге, қалған 10 пайызы бас бапкерге табысталады", - деді Райымқұлова ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Министрдің айтуынша, Олимпиадада екінші орын алғандарға 150 мың, қола медаль иелеріне 75 мың доллардан беріледі. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы былтыр өтуі керек болған, алайда пандемияға байланысты шегерілген еді. Енді биыл 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтеді. 

Ал бүгін Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасына арналған киім үлгісі ұсынылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети