ПОДЕЛИТЬСЯ
01 июня 2020 | 17:40
"Ақшаға тоймайды". UFC неге сынның астында қалды?
Дүние жүзінде коронавирус пандемиясына байланысты спорт жарыстары шегеріліп жатқанда, UFC бірнеше турнир өткізді. Танымал ұйымның бұл әрекетін сынағандар да, мақтағандар да бар. Ал UFC басшысы Дэйна Уайт әлі де турнир өткізбек. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус кезіндегі UFC жағдайы туралы баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүние жүзінде коронавирус пандемиясына байланысты спорт жарыстары шегеріліп жатқанда, UFC бірнеше турнир өткізді. Танымал ұйымның бұл әрекетін сынағандар да, мақтағандар да бар. Ал UFC басшысы Дэйна Уайт әлі де турнир өткізбек. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус кезіндегі UFC жағдайы туралы баяндайды.
Мамырда қандай турнирлер өтті?
Наурызда COVID-19 панлемия болып жарияланғаннан кейін UFC-дің бірнеше турнирі өтпей қалды. Наурызда екі, сәуірде үш, ал мамырдың басында бір турнир ұйымдастырылмай қалды. Оның ішінде дүние жүзі күткен Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсонның жекпе-жегі де бар.
Сондықтан UFC басшысы пандемияға қарамастан, турнир өткізе беруге кірісті. Алғашқы турнир 9 мамырға жоспарланды. Бұл UFC 249 турнирі болатын. Хабиб пен Тони дәл осы турнирде кездесуі керек еді, бірақ ресейлік файтер елден шыға алмай қалған еді.
Турнир алдында бразилиялық Роналду Соузадан коронавирус табылған, сондықтан оның жекпе-жегі кардтан алынып, турнир өте берді.
UFC 249 турнирі. Фото: UFC
Кейін 13 мамырда UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC on ESPN 8 турнирі ұйымдастырылды. Бұл турнирдің бәрі бүгінде 50 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған Флоридада өткен.
Ал өткен демалыста Лас-Вегаста UFC on ESPN 9 турнирі өтті. Осылайша, мамырда UFC турнир ұйымдастырған. Оның бәрі көрерменсіз болды.
UFC басшысы не дейді?
Дэйна Уайт коронавирус кезінде турнир ұйымдастыруын жалғастырып жатыр. Ол таяуда өз сұхбаттарының бірінде "Шешім табуға тырыстық. Спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі - біз үшін проблема" деген еді.
Ұйым басшысының өзі әр турнир алдында коронавирусқа тесттен өтеді, оның бәрі теріс нәтиже көрсеткен екен.
Уайт коронавирустан қорқып, үйде отыра беруге болмайтынын айтады. Сондықтан ол турнирді тоқтатпаған.
"Біз мұны қашанға дейін жасаймыз? Үйде қанша уақыт тығыламыз? Егер мені коронавирус тапса, солай-ақ болсын. Болған іс болды. Жүрек аурулары, жол-көлік оқиғалары, қатерлі ісік аурулары, тізім жыл сайын жалғасып жатыр, осының бәрі адамды өлтіреді. Бір нәрсе белгілі - бәріміз бір нәрседен өлеміз. Үйіңізде бірнеше ай жасырына алмайсыз", - дейді ол Yahoo Sports-қа берген сұхбатында.
Дэйна Уайт. © Reuters
Өткен демалыста өткен турнирдің баспасөз мәслихатында UFC президенті коронавирусқа байланысты қанша қаражат жоғалтқанын айтты.
"Барлық спорт түріндегі, оның ішінде біздегі ең үлкен мәселе - билет сату арқылы ақша таба алмаймыз. Биыл біз 100 миллионнан аса доллардан айырыламыз. 100 миллионнан да көп. Отырып алып, "мұның бәрі аяқталғанша күте тұрайық" деп айту оңайырақ. Күту - көпшілік үшін жақсы нұсқа. Қаржылық тұрғыдан алғанда, қазір бәріне қиын, бірақ мен алға жылжи беремін. Маған бәрібір. Мен бұған баруға дайынмын", - дейді Дэйна Уайт.
Бұған танымал адамдар қалай қарайды?
UFC басшысының бұл әрекетін АҚШ президенті Дональд Трамп құптаған. Ол 9 мамырдағы турнир алдында Дэйна Уайтты мақтаған болатын.
"Дана Уайт пен UFC-ді құттықтаймыз. Үлкен жарыстар өткізу керек. Біз оны жақсы көреміз, маңызды деп ойлаймыз. Спорт лигалары да қайтып оралуы керек. Ойнайық. Әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, сізге қажет нәрсенің бәрі бар. Бізге спорт керек. Спорттың оралғанын қалаймыз. Құттықтаймын, Дана Уайт, UFC", - деді Трамп.
Фото: fighttime.ru сайтынан
Бірақ Трамп пен Уайттың бұл пікірін қолдамайтындар да кездеседі. Оның ішінде танымал бокс промоутері Боб Арум да бар.
"Мамырда UFC 249 өтізбек пе? Оларға сәттілік тілмеймін. Бұл адамдарға қатерлі емес деп сенемін. Бірақ ковбойға тән мұндай әрекеттің ешкімге пайдасы жоқ. Саясатқа араласқым келмейді, бірақ мен Уайт пен оның істеген ісін мүлдем құрметтемеймін. Файтерлердің бірінен коронавирус табылғаны белгілі болды. Егер Дэйнаның шоуларының бірінде осындай оқиға тіркеліп, бұл аурудың таралуына арқа болса, ол ешкімге пайда әкелмейді", - деді Арум.
АСА файтері америкалық Тони Джонсон да UFC-ді сынаған.
"Әрине, қиын жағдай. Жалпы, файтерлер вирус жұқтырмауы үшін барлық турнирден бас тарту дұрыс болар еді. Бірақ Америка ақшаға тоймайды. UFC-дің көптеген инвесторы өзіне тиесілі соманы алуды қалайды", - деді Джонсон RT-ге берген сұхбатында.
Кей БАҚ өкілі де UFC-дің бұл әрекетімен келіспей, ұйым адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді деп санаған.
Показать комментарии
Читайте также