РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 июня 2020 | 10:49

Әлем елдері ақша таратты. Бұл карантиндегі халыққа көмектесті ме?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Әлихан Сариев Көрнекі сурет: Әлихан Сариев

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан күннен бастап алғаш рет халқына ақшалай көмекті - әлеуметтік төлемді айлап берді. Мұны COVID-19 пандемиясына байланысты беруге мәжбүр болды және  бұл төлем оның отбасындағы бала саны, әлеуметтік статусы, зейнеткерлігіне байланысты болмады, жұмыс істеуге қауқары болса да, еңбек ете алмай отырғаны үшін төленді. Алайда, мұндай жәрдем бермеген елдер де бар.


Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан күннен бастап алғаш рет халқына ақшалай көмекті - әлеуметтік төлемді айлап берді. Мұны COVID-19 пандемиясына байланысты беруге мәжбүр болды және  бұл төлем оның отбасындағы бала саны, әлеуметтік статусы, зейнеткерлігіне байланысты болмады, жұмыс істеуге қауқары болса да, еңбек ете алмай отырғаны үшін төленді. Алайда, мұндай жәрдем бермеген елдер де бар.

Tengrinews.kz тілшісі қай елдің қаншалықты төлем жүргізгеніне шолу жасап көрді.

Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын-орта кәсіпкерлерді қолдау шараларын жалғастырды. Карантин кезінде салықтан босатылып, несие төлемін шегеру де болды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге азық-түлік жеткізілді. Халықтың бұл санаты әрдайым әлеуметтік жәрдемақы алып келді. Ал, биылғы 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемақы жұмысы болмаған не болып, айырылып қалғандарға берілді. 

"Адамнан айла артылған ба". Бір қызығы бұл төлемді түрлі жолмен алғысы келетіндер табылды. Қайтыс болған адамның және елден көшіп кеткендердің атынан өтініш бергендер болды. Тіпті жұмысы жүріп тұрса да, "қосымша ақша" алғысы келгендер шықты. Біреулерге түскен, бірақ маған керек емес, шын мұқтаждар алсын деп қайтарғандар да кездесті. Не десек те, мұндай төлем ел тарихында алғаш рет болды және 4 миллион 452 мың рет бұл төлем жасалды. 

Дүние жүзінде мұндай төлем кей елде көп берілсе, кей елде мүлдем аты аталған жоқ.

АҚШ президенті Дональд Трамп пандемия салдарымен күресу үшін дағдарысқа қарсы 2 миллион доллар бөлу туралы шешім шығарды. Бұл сомаға тұрғындар беретін қаржылай көмек те кірді. Елде жұмысынан айырылған не айырылмаған америкалыққа - барлығына 1200 доллардан (482171,28 теңге 02.06.2020 курс бойынша) бір реттік төлемақы берілді, ал әр бала 500 доллардан (241085,64) көмек алды. Бірақ азаматтың жылдық табысы 75 мың доллардан асса, онда бұл ақша берілмейді. Ал жұмыссыз болып тіркелген тұрғындарға апта сайынғы жәрдемақы 600 долларға дейін өсті. Бұл төлемді 13 апта бойы ала алады. Жобаның өзі 4 ай болады.

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде төртінші орында тұрған Испания пандемиямен күрсеке 200 миллиард еуро бөлінетіні айтылған. Бұл соманың 600 миллион еуросы әлеуметтік осал топтағы тұрғындарды жарық және сумен қамтамасыз ету үшін жұмсалды. Forbes.ru хабарына қарағанда, Испания үкіметі мамыр айында табысы төмен отбасыларға төлемақы берілетінін жариялаған. Бұл көмек үнемі негізде беріледі және оны 1 миллионнан астам үй шаруасында отырған әйелдер алады. Испанияда күнкөріс минимумы 645 еуро (297 мың теңгеден астам). 

Италия Еуропада эпидемияның орталығы болды деуге болады. Билік 25 миллиард еуроны пандамения салдарымен күресуге жұмсады. Сондай-ақ тұрғындарға ипотекалық несиені уақытша төлемеуге рұқсат етті. Ал сәуірде үкімет карантин кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға - 3 миллион адамға 3 миллиард еуро көлемінде көмек беру туралы шешім қабылдады. Алайда legale.miaitalia.info сайтының деректеріне сүйенсек, Италия үкіметі наурыз айында 600 еуро бонус таратқан.

Ресейде наурыз айында 300 миллиард рубль болатын дағдарысқа қарсы құр құрылды. Ол кезде коронавирус жағдайына байланысты жұмысынан айырылған мәскеуліктерге 19 500 рубль (112 мың теңгеге жуық) төлемақы берілетін болды. Кейін сәуірде ел президенті Владимир Путин 2020 жылдың 1 наурызынан бастап жұмыссыз қалған әр азамат 12 130 рубль (70 мың теңгеге жуық) алатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ сәуірден бастап маусымға дейін жұмыссыз қалған және балалары бар отбасылар ай сайын 3000 рубльден (17 мың теңгеден астам) алды. Бұл ақша 18 жасқа толмаған әр балаға беріледі.

Қырғызстан карантин кезінде тұрғындар үшін немесе тұрғындардың кейбір тобы үшін әлеуметтік төлем бермеді. Тек ел үкіметі аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлерге төлемнің тоқтамайтынын уәде етті.

Беларусь елінде пандемияға байланысты карантин енгізілмеген соң жұмыс тоқтамады. Сондықтан үкімет ешқандай төлемақы бермеді. Алайда, елдегі кәсіподақ ұйымдарында өзара көмектесетін касса ашылды және ол жерге қаржылай қиындыққа тап болған кәсіпорындар жүгіне алады.

Өзбекстанда президент елдің әлеуметтік жүйесіне реформа жасау керегін айтты. Ол жалғыз қалған қарттарға, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға көмектесу, кәсіпкерлерге қосымша жеңілдік беру және азық-түлік бағасын көтермеу және тағы сол сияқты шараларды қолға алуды тапсырды. Алайда пандемия кезінде тұрғындарға төлемақы беру туралы сөз қозғамады.

Көріп отырғанымыздай, әр ел өз экономикасы мен күн көріс минимумына қарай көмек берсе, кей ел көмек туралы тіс жармады. Ал, Қазақстан тарихында алғаш рет мұндай көмек тағайындалып, 4,5 миллион қазақстандық әлеуметтік төлем алды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети