ПОДЕЛИТЬСЯ
22 июля 2019 | 13:16
Түрікменстан президенті жайлы жалған ақпараты үшін ресейлік саясаттанушы кешірім сұрады
Сенбіде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қайтыс болды деген хабар тарап, жұртты елеңдетті. Алайда кейін ақпараттың жалған екені анықталды. Жалған ақпаратты таратқан ресейлік саясаттанушы Аслан Рубаев кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенбіде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қайтыс болды деген хабар тарап, жұртты елеңдетті. Алайда кейін ақпараттың жалған екені анықталды. Жалған ақпаратты таратқан ресейлік саясаттанушы Аслан Рубаев кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бердімұхамедов қайтыс болды" деген хабар 20 шілдеде әлеуметтік желілерде тарап кетті. Ал 21 шілдеде, жексенбіде ресейлік БАҚ пен түрлі Telegram-арналар жарыса жазған. Олардың көбі "Говорит Москва" радиостанциясына сілтеме жасаған. Өз кезегінде радиостанция Еуразиялық проблемаларды бақылау орталығының директоры Аслан Рубаевтың пікірінің негізінде хабар таратқан. Ал Рубаев жаңалықты Ашхабатдағы таныстарынан естігенін мәлімдеді.
Кейін Рубаевтың өзі Facebook желісіндегі парақшасында өз мәлімдемесін жоққа шығарды.
"Гурбангулы Бердімұхамедовтің қазасы жайлы мәліметтің жалған екеніне қуаныштымын. Президенттің жақындары мен туыстарынан, сондай-ақ, Түрікменстанның барлық азаматынан кешірім сұраймын. Бұған дейін ақпар берген дереккөздің өзі оны жоққа шығарды", - деп жазды саясаттанушы.
Аслан Рубаевтың жазбасы. © Жазба скриншоты
Айта кетейік, 15 шілдеде мемлекеттік телеарнадан президенттің еңбек демалысына шыққаны және кітап жазып, уақытын отбасымен өткізіп жатқаны туралы репортаж көрсетті. Сол кезден бастап Гурбангулы Бердімұхамедов еш жерде көрінбеген.
Кейін Түрікменстан СІМ жоғары лауазымды шенеунігі "Коммерсант" басылымына берген сұхбатында Гурбангулы Бердімұхамедовтің қазасы жайлы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, "Интернетте таралып жатқан мәлімет жалған".
Сөйтсек, президенттің көпшілік көзіне көрінбей кетуі анасының сырқатына байланысты болып шықты. Бастапқыда "Хроника Туркменистана" оппазициялық басылымы мемлекет басшысының көзден таса болуын оның анасы Огулабат Бердімұхамедованың соңғы он күн бойы Германияда емделіп жатқанымен байланыстырған. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған.
Кейін президенттің анасының сырқаты жайлы түріктің Daily Sabah газеті де жазды. Басылым мәліметінше, Түркияның дәрігерлер бригадасы шұғыл түрде Түрікменстанға сәрсенбіде таңғы уақытта аттанған. Науқастың өкпесі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылғаны анықталды.
Гурбангулы Бердімұхамедов анасы Огулабат Бердімухамедовамен. © hronikatm.com
Айта кетейік, Гурбангулы Бердімұхамедовтың анасы жайлы мәлімет аз. Былтыр президенттің анасына арнап "Анаға тағзым - қасиетке тағзым" атты кітабы жарыққа шығарғаны хабарланған еді. Ал әкесі Мяликгулы Бердімұхамедов биыл 87-ге келеді. Ол - ішкі істер органдарының отставкадағы подполковнигі, ішкі істер органдарының құрметті ардагері. Президенттің бір ұлы мен үш қызы және төрт немересі бар.
Показать комментарии
Читайте также