РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 октября 2021 | 09:22

Беларусьте "Комсомольская правда" редакциясы жабылуына не себеп?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист Геннадий Можейко. Фото: facebook.com/gennadiy.mojeiko Журналист Геннадий Можейко. Фото: facebook.com/gennadiy.mojeiko

1 қазанда белорус журналисі Геннадий Можейко ұсталды. Бүгінде журналистің нақты не үшін ұсталғаны белгісіз. Алайда Геннадий Можейко 28 қыркүйекте Минсктің атыс шығарған тұрғыны туралы материалы үшін қамауға алынды деген болжам жасалған. Бір редакцияның жабылуына себеп болған журналистің материалында не жазылған және Можейкоға қатысты іс қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


1 қазанда белорус журналисі Геннадий Можейко ұсталды. Бүгінде журналистің нақты не үшін ұсталғаны белгісіз. Алайда Геннадий Можейко 28 қыркүйекте Минсктің атыс шығарған тұрғыны туралы материалы үшін қамауға алынды деген болжам жасалған. Бір редакцияның жабылуына себеп болған журналистің материалында не жазылған және Можейкоға қатысты іс қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Журналист Геннадий Можейко 1982 жылы 11 мамырда Минскіде туған. "Комсомольская правда" басылымының белорус редакциясында 2009 жылдан бері істеген.

Фото: facebook.com/gennadiy.mojeiko

Можейко былтыр тамызда болған митингілер туралы белсенді ақпарат таратып жүрген. 2020 жылы 12 тамызға қараған түні журналист редакцияның тапсырмасымен Серебрянка ауданынан ақпарат таратып отырған. Одан бөлек, басылымның үш журналисі болған. "Пресса" деген желетке және ақ каска киіп жүргеніне қарамастан Геннадий Можейконы тәртіп сақшылары ұрып кеткен екен.  

Ал Можейкоға айып тағып, оны қамауға алып кетуіне биыл 28 қыркүйекте болған оқиға себеп. Минскінің батысындағы тұрғын үйлердегі пәтердің бірінде қала тұрғыны Андрей Зельцер атыс шығарып, арнайы жасақ өкілдерімен жанжалдасқан болатын. Салдарынан Зельцердің өзі мен арнайы жасақ қызметкерлерінің бірі қаза болған. Ал Можейко жедел түрде "Комсомольская правда" басылымына шағын ақпарат дайындап, 22 сағаттың ішінде жариялап жібереді. Материалды дайындау кезінде Можейко Зельцердің сыныптасынан пікір алады.

Ал келесі күні, 29 қыркүйекте таңертеңгі уақытта басылымның интернет-сайтын елдің Ақпарат министрлігі бұғаттап тастаған. Бұл туралы редакцияға алдын ала хабарландыру келмеген. Сондықтан сайттың бұғатталуына Можейконың материалы себеп болуы мүмкін деп болжанған. Lenta.ru мәліметінше, материалда атыс шығарған Андрей Зельцерді сыныптасы жақсы адам ретінде сипаттаған. Артынша басылым сайты Ресейде де бұғатталғаны анықталған. Сөйтіп белорус редакциясы ақпаратты редакциялап, артынша мүлдем өшіріп тастаған.

РИА Новости мәліметінше, Можейко 1 қазанда ұсталған. "Весна" Беларусь құқық қорғау орталығының мәліметінше, журналист Мәскеуде ұсталған. 4 қазанда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пікір білдірген болатын.

"Жоқ, біз расында ол Минскіде ұсталғанын растай алмаймыз, себебі біз оның қайда және қалай ұсталғанын білмейміз. Ондай ақпарат бізде жоқ", - деді Песков.

"Комсомольская правда" басылымының Беларусьтегі редакциясының Instagram желісіндегі парақшасындағы мәліметке сәйкес, журналистің пәтерінде жеті адам 2,5 сағат бойы тінту жүргізген. Геннадийдің анасы Иринаның сөзінше, қызметкерлер 2001 жылғы флеш-карталарды алып кеткен. Журналист тінту кезінде үйде болмаған. Болжам бойынша, Можейко ол кезде Ресейде болған.

"Соңғы рет ұлыммен 30 қыркүйекте сөйлескенмін. Ол кезде Мәскеуде еді", - дейді анасы Ирина.

Жалпы журналиске Беларусь Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша: 130-бап 3-бөлігі - "Әлеуметтік араздықты қоздыру" және 369-бап - "Билік өкілін қорлау" бойынша айып тағылды. РИА Новости мәліметінше, "КП" белорус редакциясының бас редакторы Владимир Сунгоркин Можейкоға екі адвокат жалдаған екен. 

"Әзірше олар Геннадиймен кездесе алмады. Біздің қолымызда ешқандай ресми ақпарат жоқ. Оны Мәскеуде ұстап алып кетті, кеше болған жағдай", - деген екен бас редактор 2 қазанда берген сұхбатында.

2 қазанға қараған түні журналистің анасына ұлы қамауға алынғаны, ол Минскідегі Окрестина қамау орнында екені хабарланған. Бүгінде Беларусьтегі "Комсомолка" жабылды. Бұл туралы басылымның Instagram парақшасындағы соңғы жазбада айтылған.

"Кейінгі жылдағы жағдайларды, әсіресе кейінгі аптадағы жағдайларды ескере отырып, "Комсомольская правда" Беларусьтегі өкілдігін жабуға шешім қабылдады", - делінген бір апта бұрын жарияланған жазбада.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети