РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 ноября 2021 | 15:06

"Әділетсіз сайлауға қарсымын". Атамбаевтың ұлымен сұхбат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Tenginews.kz тілшісіне сұхбат беріп, әкесіне тағылған жалған айыптар туралы пікірін айтты.


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Tenginews.kz тілшісіне сұхбат беріп, әкесіне тағылған жалған айыптар туралы пікірін айтты.

"Атамбаевқа қарсы куәлік бересің"

Сеидбектің сөзінше, Қырғызстан билігі Алмазбек Атамбаевты еш дәлелсіз қамаққа алған. Ол экс-президент саяси ойынның құрбаны болғанын айтып отыр.

"Түк түсінсем бұйырмасын, төрелігін өздеріңіз айтарсыздар. Менің әкеме қатысты жиырмаға жуық қылмыстық іс қозғалды. Соның ішіндегі тек біреуіне қатысты шешім қабылданды. Содан кейін былтыр күзде Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты үкімнің күшін жойып, бірқатар өрескел заңбұзушылықты анықтады. Артынша істі қайта қарауға шешім қабылдайды, бірақ, қызығы, әкем әлі де қамауда отыр. Міне, тура бір жыл өтіп отыр", - дейді ол.

Атамбаевтың ұлы осы уақыт аралығында бірде-бір ресми мәлімдеме жасалмағанын айтты. Ал бұл, оның айтуынша, бұрын-соңды болмаған жайт.

"Қылмыстық істі қайта қарау бойынша ешқандай да бұйрық шықпады. Ал таяуда Жоғарғы сот былтырғы шешімін жоққа шығарып, бұған дейін әкеме тағылған айыппен келісіп отыр. Мұндай оқиға әлемдік адам құқығы тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған жайт. Алмазбек Атамбаевқа қарсы қозғалған қылмыстық істе бірде-бір дәлел жоқ. Тергеушілердің сүйеніп отырғаны тек қамауға алынып, билік тарапынан қысым көрген екінші жақтың мәлімдемесі ғана. Оларға "әкеме қарсы куәлік етесің" деп қоқан-лоқы көрсеткен, орындамаған жағдайда ұзақ мерзімге абақтыға қамайтынын айтқан. Айта кетейін, тұтқынға алынған саясаткерлердің басым бөлігі жалған куәлік беруден бас тартқан, себебі олардың әкеме деген құрметі ерекше. Қысқа қайырғанда, бұл жерде құқықтық істен гөрі саяси ойын басымырақ. Бұл істі толыққанды зерттеп, Алмазбек Атамбаевқа қатысты лайықты шешімді шығару керек", - дейді экс-президенттің ұлы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сеид Атамбаев (@seid_atambaev)

СДПК рейдерлік жолмен құрылды

Қазір Атамбаевтың тұңғышы Қырғызстанның Жоғары кеңесінің депутаттығына дайындалып жүр.
Оның айтуынша, Алмазбек Атамбаевты қолдаушылар әлі де көп, сондықтан енді Сеидбек олардың үмітін ақтап, депутат болмақ ойы барын мәлімдеді.

“Қырғызстанның бірнеше президенті мүшелік еткен Социал-демократиялық партиясын (СДПК) Сооранбай Жээнбековтің кезіндегі билік заңсыз, нағыз рейдерлік жолмен қиратты. 2020 жылдың басында Социалистік интернационал Бас хатшысы Луис Айала Бішкекке арнайып келіп, Жээнбековпен СДПК және Алмазбек Атамбаевтың тағдыры бойынша келіссөздер жүргізген еді. Жасыратыны жоқ, тіпті, оның да сөзі еленбей қалды. Бұл істе басқа мақсат пен мүдде бар екені белгілі еді", - дейді Сеидбек Атамбаев.

Сонымен қатар, Сеидбек Атамбаев Қырғыз Республикасындағы сайлауға қатысты көзқарасын айтып өтті.

"Мен заңсыз әрі әділетсіз сайлауға қарсымын. Атымның осындай лас іс-әрекеттің төңіргенде аталғанын қаламаймын. Бұл жолғы сайлауда бұрынғыдай халық даусы ақшаға сатылмайды деп сенемін. Қазір қиын кезең. Қырғызстан халқы өз дауыстары арқылы Алмазбек Атамбаевқа деген әділетсіздікпен күресетінін білдіреді", - дейді Атамбаевтың ұлы.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда болған Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық деректері және қылмыстық кірістерді заңдастыру істері бар. 2021 жылдың қаңтарында Қырғызстанның экс-президенті тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылды.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети