ПОДЕЛИТЬСЯ
29 ноября 2019 | 19:03
Ziruza Ninety one солисімен ара қатынасы жайлы айтты. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
Q-pop жанрындағы әнші Ziruza лақапатымен белгілі Зируза Тасмағамбетова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Q-pop жанрындағы әнші Ziruza лақапатымен белгілі Зируза Тасмағамбетова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарлама барысында әнші Q-pop бағытындағы Ninety one тобы жайлы ойын бөлісті.
"Мен ол кісілерге ағам ретінде қараймын. Сіз арасындағы бір адам жайлы сұрап тұрған шығарсыз. Алматыға келгенде Ерболат Беделханның қолында болған едім. Осы бағытты әкелгеннен кейін, әрине, 91-дің өз орны бар", - дейді әнші.
© instagram.com/ziruza
Сонымен қатар, Ziruza Ninety one тобының мүшесі Данияр Құлымша екеуінің бұрынғы ара қатынасы жайлы ашып айтты.
"Біз кішкентай кезімізден астанадан бері дос болып жүрген болатынбыз. Жасыратыны жоқ қыз бен жігіт болып араластық. Басында мен осы сұрақтан қорқып, тығылып, мән-жайын айтпайтын едім. Данияр екеуміздің арамызда болған нәрсені басқа біреулерге айтқым келмеді. Бұл - жеке нәрсе деп ойладым.
Барлық нәрсе ашылып, көбі білгеннен кейін қалай жоқ, жоқ деп айтасың? Біз жақсы дос болдық, содан кейін қыз бен жігіт болып араластық. Содан кейін уақыт өзгеріп, қазір әркім өз жұмысын жасап жатыр", - дейді әнші.
Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.
Показать комментарии
Читайте также